Арман-мақсат болған кемел қоғамға бет алып, жаңа азаматты рухани деңгейі биік, парасат-пайымы терең, ғылым мен мәдениеттің озық үлгілерінен сусындаған адамды қалыптастыру міндеті алда тұр



бет5/6
Дата18.03.2017
өлшемі1,31 Mb.
#11806
1   2   3   4   5   6




  1. Табиғат, қоғам және ойлау дамуының ең жалпы заңдылықтарын зерттейтін ілім.

  2. Ежелгі Рим мифологиясында екі жүзі екі қарама-қарсы жаққа қараған уақыт құдайы.

  3. Адам мәселесіне алғашқы бетбұрыс жасаған ежелгі грек философы.

  4. Гегельдің идеалистік философиясындағы диалектикалық дамудың бастапқы сатысы.

  5. Әлемнің рухани мәнін мойындап, материяның объективтік реалдылығы мен бастапқылығын теріске шығаратын идеалистік философия.

  6. Ежелгі халықтардың әлем мен табиғат құбылыстарының пайда болуы туралы, құдайлар мен батырлар туралы сенімдерін бейнелейтін әңгіме.

  7. Белгілі бір мазмұнмен ажырамас байланыста болатын түр, құрылым, ұйымдастыру жүйесі.

  8. Әлемнің орталығы және соңғы мақсаты – дам дейтін идеализм және дінмен байланысты ғылыми емес көзқарас.

  9. Материяның жеке түрлеріне немесе күйлеріне тән өтпелі қасиет, жалпы субстанцияның көрінісі ретіндегі жеке зат.

  10. Этикалық идеалы «апатия» - мызғымастық, салқынқандылық, «автаркия» - өзіндік жетімділік арқылы жалған дүниенің алдамшы тұзақтарынан жоғары тұрған дана болған антика философиясының бір бағыты.

  11. Лейбництың идеалистік философиясындағы әлемнің негізін құрайтын бөлінбейтін рухани бастамалар.

  12. Ежелгі грек философтары Левкип пен Демокрит дамытқан табиғат табиғат туралы материалистік ілім.

  13. Философияда идеализмге қарама-қарсы бағыт.

  14. Экстаз күйінде абсолютпен тікелей бірігуге жетуді мақсат ететін діни практика.

  15. Грекше бастама.

  16. Субстанцияның ажырамас қасиеті.

  17. Құдайды мойындайтын діни догманы жақтаушы.

  18. Гегельдің идеалистік философиясында диалектикалық дамуды сипаттайтын үштік, үш сатылық.

  19. Қандай да бір ілім, сектаның құпияларымен таныстырылған дам.

  20. Кейбір рулар, туысқандық байланыстарды мойындауға негізделіп, табынатын жануарлар мен өсімдіктердің бір түрі немесе өлі табиғаттың бір заты.

  21. Құдайларға айыпты болып және сол үшін мәңгі таудың шыңына тасты домалатуға жазаланған ежедгі грек патшасы.

Сөзжұмбақ № 2









1











































































































Көлденеңінен:

  1. Дүние және ондағы адам орны туралы білім, наным, ой, сезім, мақсат-мұраттардың жүйеленген жыйынтығын білдіретін ұғым (орысша).

  2. Құдайды бүкіл әлеммен теңестіретін философиялық ілім.

  3. Жетекші құдай - шарап құдайы – Вакх. Шарап - құдаймен бірігудің рәмізі дейтін «… және Эвридика» операсының кейіпкері.

  1. Әсемділік және адамдардың көркемдік іс-әрекеттері туралы ғылым.

  1. Философияның болмысты зерттейтін саласы.

  1. Римдік стоицизм өкілі. «Луцилийге жазған хаттар» философиялық-этикалық шығарманың авторы.

  1. Философияның танымды зерттейтін саласы.

  1. Адамның қоршаған шындықты бейнелеу қабілеті мен оның жемісі (орысша).

  1. Геометрия мен сандар теориясын аксиоматикалық тәсілдерге сәйкес жүйелеген атақты бастамалардың авторы, ежелгі грек математигі.

25. Адамның санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүретін және санада бейнеленетін объективтік шындық.

26. Дүниені танып білу мүмкіндігін теріске шығаратын философиялық ілім.

27. Скептицизмнің негізін салушы көне грек философы.

29. «Пайда болады», «жойылады» терминдерін қолдануға болмайды, олардың орнына «араласады» және «бөлінеді» ұғымдарын пайдалану керек деп есептеген нжнлгі грек философы. Барлық заттардың негізінде ұрықтар (гомеомериялар) жатыр, бұл алғыматерия (проматерия). Ештеңе пайда болмайды да, жойылмайды да. Біріктіруші және ажыратушы күш – Нус (ақыл-парасат).

30. Алғашқы қауымдық қоғамда пайда болатын құдайлар туралы аңыз әңгімелер.

33. Бәр нәрсенің бастамасы ауа деп санаған, Милет мектебінің өкілі.

34. Келесі тезистерді ұсынған ежелгі грек софисі: ештеңе де өмір сүрмейді, өмір сүргеннің өзінде, ол танылмаған болар еді; танылған күннің өзінде, оны айтып жеткізуге болмас еді.

36. Бар нәрсенің барлығын белгілеу үшін қолданылатын философиялық ұғым (орысша)

38. «Бір өзенге екі мәрте сүңгуге болмайды» - сөздерінің авторы.

39. Тек атомдар мен бос кеңістік бар деп есептеген, антикалық атомистиканың негізін салушылардың бірі.


Тігінен:


  1. Платоның әйгілі шәкірті.

  2. Философияны физикаға (табиғат туралы ілім), каноникаға (таным туралы ілім) және этикаға бөлген, Демокриттің атомизмін жандандырған ежелгі грек философы.

  3. «даналықтың», «шешендіктің» кәсіби ұстаздары ретінде көрінген ежелгі грек философтарын ….деп атаған.

  4. «Адам – бәр нәрсенің өлшемі» сөздерінің авторы.

  1. Милеет мектебінің көрнекті өкілі. Оның ойынша бәр нәрсенің бастамасы – су.

  2. Екі қозғаушы күштің әсерімен – достық (тартылыс күші) және өшпенділік (серпіліс күші) ғарыш біресе бүтін шексіз шарға бірігіп, біресе ыдырайды.

  3. Философияның мақсаты ақиқатқа жету емес, қателікке жол бермеу деп жариялаған, «пікір айтпау» принципін ұстанған ежелгі грек философы.

  1. Құдай туралы діни доктриналардың жиынтығы.

  1. Антропоморфизмді, сонымен бірге мифологияны, грек халқының көп құдайларын тұңғыш сынаушылардың бірі. Құдайлар – Адам ойының жемісі; Құдайлар – бұл табиғаттың өзі деген ежелгі грек ойшылы.

  1. Ежелгі грек философы, антикалық атомистиканың негізін салушылардың бірі, Демокриттің ұстазы.

  1. Әлемнің түпнегізі апейрон деп санаған, Милеет мектебінің өкілі.

  2. Әйгілі апориялардың авторы.

  3. Китиялық Зенон негіздеген философиялық бағыт.

  4. Әлемнің түпнегізі – сан деп есептеген ежелгі грек философы.

  1. Құдайдың әлемді жоқтан жаратқандығы туралы ілім.

  2. Даму, қозғалыс, өзгеріс туралы ілім.

28. Әлемнің жалғыз түпнегізін мойындау.

31. Келесі афоризмнің авторы: «Болмыс бар, бейболмыс жоқ».

32. «Өзіңді өзің танып біл», «Менің білетінім – ештеңені білмейтінім» сөздерінің авторы.

35. Мораль, адамгершілік туралы ғылым.



37. Келесі сөздер кімдікі: «Егер сен бірдеңені білсең, оны танып білудің не қажеті бар, егер сен ештеңе білмесең, онда не іздеуді қайдан табасын»?

Негізгі бағыттар



  1. Ағартушылық – қоғамның прогрессивті дамуын халықты ағарту, сауатын ашу, білім берумен тікелей байланыстыратын дүниетанымдық ұстаным.

  2. Агностицизм – дүниені танып білу мүмкіндігін толық немесе ішінара теріске шығаратын ілім

  3. Академия – Афина қаласында Платон негізін қалаған антика философиясының ірі мектептерінің бірі.

  4. Аксиология – құндылық теориясы, құндылық табиғатын философиялық тұрғыдан зерттеу. Философияның құндылық проблемасын шешу мақсатымен ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қалыптасқан бір саласы.

  5. Анимизм – адамдардың, жануарлардың, заттар мен қоршаған дүниенің құбылыстарына әсер ететін-міс әруақтарға және рухтарға сенуге негізделген, алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған дүниеге көзқарастың бір түрі.

  6. Антисциентизм – сциентизмге – мәдениет жүйесіндегі, қоғамның рухани өміріндегі ғылымның ролін абсолюттендіруге қарсы бағыт.

  7. Антитехницизм – техницизмге - мәдениет жүйесіндегі, қоғамның рухани өміріндегі техниканың ролін абсолюттендіруге қарсы бағыт.

  8. Антропологиялық материализм – материализмнің бір түрі. Өкілдері: Фейербах, Чернышевский т.б. Мәні – тіршілікте шынымен бар реалдылықтар – табиғат және адам. Адам – табиғаттың бөлігі. Бұл бағыттың ерекшелігі адамды биологияландыруында. Қоғамдық құбылыстардың бәрі тек «табиғи индивидтердің» субъективті-психологиялық ерекшеліктерінің жемісі деп білуінде.

  9. Антропоцентризм – адамды әлемнің орталығы және асқар шыңы деп білетін дүниетанымдық ұстаным.

  10. Атомизм – дүниенің бастамасы бөлінбейтін ең майда бөлшек – атом. Қоршаған дүниенің барлық заттары мен құбылыстары осы атомдардан пайда болған дейтін ілім. Негізін қалаған ежелгі грек философтары Левкипп, Демокрит.

  11. Әлеуметтік мобильділік – жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың бір стратадан екіншісіне ауысуын білдіретін ұғым.

  12. Әлеуметтік стратификация – американдық социологтары ұсынған ілім. Бұл ілім бойынша қоғам көптеген страталардан (қабаттардан) тұрады.Страталардың негізгі белгілеріне келесілер жатады: табыс мөлшері, билік деңгейі, білім деңгейі және қоғамдағы беделі.

  13. Әлеуметтік философия – философияның қоғам мәселелерін зерттейтін бір саласы.

  14. Батысшылдық, Батыстық – ХІХ ғасырдың 40-шы жылдарында феодалдық-крепостниктік қатынастарды жойып Ресейді «батыс» жолымен, яғни буржуазиялық жолмен дамытуды жақтаған орыстың қоғамдық ойының бір бағыты. Өкілдері: Герцен, Огарев, Белинский т.б.

  15. Брахманизм – Жалғыз реалдылық – Брахман деп білетін бағыт. Б.д.д. ІІІ ғ. Үндістанның ресми идеологиясы болды.

  16. Буддизм – Үнді философиясының б.д.д.ҮІ-Ү ғғ. пайда болған ілімі. Негізін қалаған Сиддхардха Шакьямуни (Гаутама Будда) Негізгі идеясы Будданың «4 ақиқаты» туралы өсиеттерінде берілген. Будда – «көзі ашылған», «ақиқатты таныған» дегенді білдіреді.

  17. Вайшешика - Үнді философиясының болмыстың жеке заттарға бөлінуін және олардың ерекшеліктерін қарастырған мектебі. «Вишеша» сөзі аудармада «ерекшелік», «айырмашылық» деген мағына береді. Негізін б.д.д. ҮІ-Ү ғғ. Кананда қалаған.

  18. Веданта - Үнді философиясының б.д.д.ІҮ-ІІ ғғ. пайда болған, жаратылыс мәселелерін қарастырып, материалдық дүниені жалған елес деп жариялаған объективті идеалистік мектебі. Көрнекті өкілдері – Вьяса, Бадараяна.

  19. Волюнтаризм – ақиқат атаулының бастапқы негізі ерік деп танитын философиялық бағыт. Қажеттілік, объективті заңдылық теріске шығарылады. Өкілдері: А.Шопенгауэр, Э.Гартман, Ф.Ницше т.б.

  20. Вульгарлық материализм (тұрпайы материализм) – сананы бауырдан бөлінген өтпен теңеп материалдандыратын бағыт. Өкілдері: ХІХ ғ. екінші жартысында өмір сүрген Фогт, Бюхнер, Молешотт.

  21. Гедонизм – рахат, ляззат - ең жоғарғы игілік, адамның барлық қылықтары мен іс-әрекетін рахат, ляззатқа деген ұмтылыс анықтайды деп білетін этикалық ұстаным.

  22. Географиялық детерминизм – қоғам дамуының негізгі факторы – географиялық орта деп, оны абсолюттендіретін бағыт. Қоғамның дамуын тікелей оның орналасуы, ауа райы, жерінің құнарлығы т.с.с. байланыстыратын бағыт. Өкілдері: Монтескье, Мечников, Уәлиханов т.б.

  23. Герменевтика – мәтіннің мәнін, оның объективті және субъективті негіздерін түсіндіру теориясы мен өнері. ХХ ғ. философияның негізгі бағыттарының біріне айналады. Өкілдері: Гадамер, Шлейермахер, Дильтей, Хайдеггер т.б.

  24. Гносеология – философияның таным мәселелерін зерттейтін саласы. Таным теориясы.

  25. Гуманизм – адамсүйгіштік, адамды ең жоғарғы құндылық деп жариялайтын бағыт.

  26. Даоизм – Қытай философиясының негізгі бағыттарының бірі. Дао немесе «жол» туралы ілім. Негізін б.д.д. ҮІ-Ү ғғ. Лао цзы қалаған. Табиғаттан айнымауға, табиғи өмір сүруге шақырған.

  27. Деизм – Құдайды тек жаратушы ретінде мойындайтын бағыт. Жаратылғанның бәрі арығарай өз заңдылықтары бойынша дами береді. Негізін ХҮІІ ғ. ағылшын философы Чербери қалаған. Кейінгі өкілдері: Вольтер, Руссо, Локк, Радищев, қазақ ағартушылары т.б.

  28. Детерминизм – реалды дүниенің заттары мен құбылыстарының жалпыға бірдей, заңды байланыстары, себепке тәуелділігі туралы ілім.

  29. Диалектика – табиғат, қоғам, адам ойының жалпы даму заңдары туралы философиялық ілім. Жалпы байланыс және даму теориясы. Сонымен бірге философияның метафизикаға қарама-қарсы зерттеу әдісі.

  30. Диалектикалық материализм – материализмнің бір тарихи түрі. Негізін ХІХ ғ-дың 30-40 жылдары Маркс пен Энгельс қалаған. Материализм мен диалектикалық әдістің бірлігі.

  31. Дуализм – дүниенің өзара тең құқылы материалды және рухани екі бастауын мойындайтын бағыт. Көрнекті өкілі – Р.Декарт.

  32. Жайнизм – ежелгі үнділердің діни-философиялық ілімі. Б.д.д. ҮІ-Үғғ. пайда болған. Негізін қалаған Вардхамана Махавира (Джина – Жеңімпаз деген атаққа ие болған). Жайнизмнің «үш маржаны» - дұрыс сенім, дұрыс таным, дұрыс әрекет.

  33. Жалпы іс (ортақ іс)философиясы – орыс діни ойшылы Н.Федоров дамытқан философиялық ілім. Ғылым мен техниканы табиғат күштерін реттеу үшін қолданып, оларды жалпыға бірдей туыстық, қоғамдық қатынастар қалыптастыру үшін пайдалануға шақырады.

  34. Идеализм – материализмге керағар философиялық бағыт.

  35. Индуизм – Үндістан халықтарының көпшілігіне тән діни нанымдардың, әдет-ғұрыптардың, мәдени салт-дәстүрлер мен әлеуметтік тұрмыс институттарының жиынтығы. Индуизмнің түп төркіні ежелгі үнді діні – брахманизмнен басталады. Пір тұтатын құдайлары – брахманизмнің үш құдайы: Брахма (жаратушы), Вшину (жебеуші, қорғаушы), Шива (жаратушы, жебеуші және сонымен бірге қиратушы).

  36. Интуитивизм – 1)ХІХ ғ. философияда кең тараған ағым. Рационалдық танымға интуицияға негізделген сананың ерекше қабілеті ретінде көрінетін, сезімдік тәжірибеге және логикалық ойлауға саймайтын, шындыққа тікелей «жетуді» қарсы қоятын бағыт. Өкілдері: Бергсон, Лосский т.б.

2)ХХ ғ. шетелдік этика ағымдарының бірі. Негізгі қағидасы мынадай: жалпылама моральдық ұғымдар (ізгілік пен зұлымдық) ешқандай өзгеше қасиеттерге жатпайтын «төтенше» сипатта болады, олар ешбір даусыз, оларды анықтау, түсіндіру мүмкін емес, «өзінен-өзі айқын», таза интуициялық жолмен танылады және ешбір айғақсыз қабылданады. Өкілі: Мур.

  1. Иррационализм – рационализмге керағар ақылдың, ойлаудың танымдық мүмкіндіктерін шектеулі деп санайтын философиялық ілім. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. кең тараған. Өкілдері: Шопенгауэр, Кьеркегор, Ницше т.б.

  2. Йога – индуистік діни-философиялық ілім. Шамамен б.д.д. немесе б.д. І ғ. пайда болған. Негізін Патанджали қалаған. Жеке жанның құдаймен сабақтастығының негізгі жолы – адамды қоршаған реалды дүние жоғалып кететін мистикалық экстазбен толық транстық жайға әкелетін жаттығулар жүйесі. Олар «Йога-сутра» шығармасында баяндалған.

  3. Калам - ислам қағидаларын рационалды негіздеуші бағыт. Өкілдері: Аль-Ашари, Мәлік, Ас-Саури, аш-Шафия, Әбу-Халифа.

  4. Кейінгі позитивизм - Позитивиз

  5. Киниктер

  6. Компаративистика концепциясы -

  7. Конфуциандық

  8. Концептуализм

  9. Креационизм

  10. Қоғамдық-экономикалық фомациялар теориясы

  11. Легизм

  12. Ликей

  13. Логикалық позитивизм

  14. Локальды өркениеттердің даму теориясы

  15. Локоята-чарвака

  16. Материализм

  17. Милеттік

  18. Миманса

  19. Модернизм

  20. Моизм

  21. Монизм

  22. Мутазилизм

  23. Неокантшылдық

  24. Неоплатонизм

  25. Неопозитивизм

  26. Номинализм

  27. Ньяя

  28. Объективті идеализм

  29. Онтология

  30. Пантеизм

  31. Патристика

  32. Перепатетизм

  33. Плюрализм

  34. Позитивизм

  35. Постмодернизм

  36. Постструктурализм

  37. Прагматизм

  38. Психоанализ Фрейдизм

  39. Рационализм

  40. Реализм (орта ғасырлық)

  41. Реализм

  42. Санкхья

  43. Сенсуализм

  44. Славянофилдық

  45. Скептицизм

  46. Солипсизм

  47. Софистика

  48. Социологизм

  49. Стоицизм

  50. Структурализм

  51. Субъективті идеализм

  52. Суфизм

  53. Схоластика

  54. Сциентизм

  55. Тарихи материализм

  56. Теизм

  57. Теоцентризм

  58. Техницизм

  59. Утопизм

  60. Фатализм

  61. Феноменология

  62. Философиялық антропология

  63. Шығыс перепатетизмі

  64. Эвдемонизм

  65. Эволюциялық эпистемология

  66. Экзегетика

  67. Экзистенциализм

  68. Экономикалық детерминизм

  69. Экономикалық өсу стадиялары теориясы

  70. Эллеаттық

  71. Эмпиризм

  72. Эпистемология

  73. Этногенез теориясы

Глоссарий

Абстракция (abstraction – латын сөзі – дерексіздену) – заттың көптеген қасиеттері мен қатынастарының дерексізденіп, мәнді қасиеті немесе қатынасының бөлініп шыгуы.

Абсурд (absurdus- латын сөзі - беймағыналық) – ақылға қонымсыз.

Агностицизм (a – грек сөзі - теріске шығару, gnosis – білім) – дүниені танып білу мүмкіндігін толық немесе ішінара теріске шығаратын ілім.

Аксиология (axia – грек сөзі – құндылық, logos – ілім, сөз) – құндылық теориясы, философияның құндылық табиғатын зерттейтін саласы.

Анимизм (anima – латын сөзі – рух, жан) - әруақтарға, рухтарға, олардың қоршаған дүние құбылыстарына ықпал етуіне сенуге негізделген көзқарас.

Антропоморфизм (anthropos – грек сөзі – адам, morphe – форма, түр) – адамға тән қасиеттер мен ерекшеліктерді табиғаттың сыртқы күштеріне телу және ойдан шығарылған мифтік жаратылыстарға балау.

Антропоцентризм – адамды әлемнің орталығы және асқар шыңы деп білетін дүниетанымдық айқындама.

Атеизм (а – грек сөзі – теріске шығару, teos – құдай) – құдайды теріске шығаратын, дінге қарсы шығатын көзқарас.

Атрибут (attribuo- латын сөзі – үстеп беремін, үлестіремін) – заттың өзіндік, ажырамас қасиеті.

Волюнтаризм (voluntas – латын сөзі – ерік) – ақиқат атаулының бастапқы негізі ерік деп танитын философиялық бағыт.

Гилозоизм (hyle – грек сөзі – зат, zoe - өмір, тіршілік) – материяның әмбебаб тіршілігі туралы философиялық ілім.

Гносеология (gnosis – грек сөзі – білім, logos – ілім, ғылым) – таным теориясы, философияның таным табиғатын зерттейтін саласы.

Деизм (dues – латын сөзі – құдай) – құдайды тек алғашқы жаратушы ретінде мойындайтын көзқарас.

Демиург (demiurgos – грек сөзі – шебер, қол өнерші) – Платонның идеалистік философиясында және неоплатоншылардың ілімінде - әлемді жаратушы.

Догматизм ( dogma – грек сөзі – пікір, ілім, шешім) – тұрақты ұғымдарға, практика мен ғылымның жаңа деректеріне орын мен уақыттың нақты жағдайлары ескерілмейтін формулаларға сүйенетін ойлау әдісі.

Дуализм ( duo – латын сөзі – екеу) – материалдық және рухани субстанцияларды өзара тең құқылы бастаулар деп есептейтін, монизмге қарама-қарсы философиялық ілім.

Дүниеге көзқарас – дүние және ондағы адам туралы ойлардың, білімдердің, мақсат-мұраттар мен сенімдердің, сезімдердің, ілімдердің жүйеленген жиынтығы.

Идеализм – философияның негізгі мәселесін шешудегі материализмге қарама-қарсы бағыт. Рухтың, идеяның, биматериалықтың алғашқылығын тұжырымдайды.

Иррационализм ( irrationalis – латын сөзі – ақылға сыйымсыз) – ақылдың, ойлаудың танымдық мүмкіндіктерін шектеулі деп санайтын және интуицияны, сезімді, түйсікті және т.б. танымның түп негізі деп есептейтін философиялық ілім.

Космогония ( kosmos – грек сөзі – ғарыш, qoneia – туу) – аспан денелері мен олардың жүйелерінің пайда болуы мен дамуын зерттейтін ғылым саласы.

Космология (kosmos – грек сөзі – ғарыш, logos – сөз, ілім) – астрономияның бір саласы.

Материализм ( materialis – латын сөзі – заттық) - философияның негізгі мәселесін шешудегі идеализмге қарама-қарсы бағыт. Заттың, материяның алғашқылығын тұжырымдайды.

Мифология (mythos - грек сөзі – миф, аңыз, logos – ілім, ғылым ) - қоршаған

дүние туралы реалды түсінікпен қатар фантастикалық қиялдың қосындысынан тұратын ежелгі қоғамдардың дүниетанымы, қоғамдық сананың формасы.



Монизм (monos – грек сөзі – біреу, жалғыз) – бүкіл дүниедегі нәрселердің бір ғана бастамасын мойындайтын философиялық ілім.

Монотеизм (monos – грек сөзі – біреу, жалғыз, theos – құдай) – бір құдайға құлшылық ету.

Натурфилософия – табиғат философиясы. Оның ерекшелігі – табиғатқа тұтас күйінде қарап, оны үстірт пайымдау арқылы түсіндіру.

Онтология (ontos – грек сөзі – болмыс, logos – ілім, сөз) – болмыс теориясы. Философияның болмысты зерттейтін саласы.

Оптимизм (optimus – латын сөзі – ең жақсы) – жарқын болашаққа, қайырымдылықтың зұлымдықты, әділеттіліктің әділетсіздікті жеңетініне сенімділік.

Пантеизм (pan – грек сөзі – барлығы, theos – құдай) – құдай табиғаттан тыс бола алмайды, ол табиғатпен барабар бейқам бастама дейтін философиялық ілім.

Пессимизм ( pessimus– латын сөзі – ең жаман) – оқиғалар барысы тек жамандыққа апарады дейтін көзқарас.

Скептицизм (skeptikos – грек сөзі – қарастырушы, зерттеуші, сынаушы) – объективті шындықты танып-білу мүмкіндігіне шүбә келтіретін философиялық ілім.

Солипсизм ( solus – жалғыз, дара, ipse - өзі) – тек адам және оның санасы өмір сүреді, объективті дүние жеке адам санасында ғана өмір сүреді дейтін көзқарас.

Теизм (theos - грек сөзі – құдай) – ақыл-ойы мен ерігі бар және жұмбақ түрде барлық материалдық және рухани процестерге ықпал ететін жаратылыстан тыс тіршілік иесі ретіндегі жеке құдайды мойындайтын діни-философиялық ілім.

Теология (theos - грек сөзі – құдай, logos – ілім, сөз) – құдай туралы дін ілімі – белгілі діннің ілімдерін жүйелеу.

Тотемизм – қандайда бір адамдар тобының белгілі бір жануарлар, өсімдіктер, заттар немесе құбылыстармен ортақ тектестігіне және қандас туыстығына нануға негізделген көзқарас.

Утилитаризм (utilitas – латын сөзі – пайда) - өнегелі іс-әрекеттің пайдалылығын мойындайтын көзқарас.

Фатализм (satalis – қашып құтылмайтын) – антидиалектикалық дүниетанымдық тұжырымдама. Дүниеде болатын барлық процестер бостандыққа, шығармашылыққа орын қалдырмайтын қажеттіліктің үстемдігіне бағынады.

Фетишизм – қандайда бір затқа ерекше мән беріп, оны құдайландырып, өмірге айрықша әсер етуші күш деп түсінуге негізделген көзқарас.

Тест сұрақтары:
1. Дүниетанымның тарихи алғашқы типі?

А)діни дүниетаным

В)мифологиялық дүниетаным

С) ғылыми дүниетаным

Д) философиялық дүниетаным

Е) қарапайым дүниетаным

2. Берілген анықтамада қандай ұғым қарастырылған: «Бұл - адамның

дүяиеге қарым- қатынасын анықіайтын және оныц іс-әрекегінің багыт -

багдарлаушысы мен ретгеушісі болатьш көзқарастарды базалаудың

қалыптары мен үстанымдарынын жиынтыгы»?

А) әлемді түйсіну

В) әлемді қабылдау

С) әлемге қатынас

Д) әлемді түсіну

Е) дүниетаным

3. Философия өркениет дамуы әлдеқайда жоғары Египетте, Вавилонда емес, көне Қытайда, көне Грецияда, көне Үндіде дамыды. Бұл елдерде философияның шығуына негіз болған қандай маңызды себеп болмады?

А) экономикалық дамудың жоғарғы деңгейі

В) шығармашылық жарыс атмосферасы

С) жазудың пайда болуы

Д) мәдениеттің дамуының жоғары деңгейі

Е) еңбектің қоғамдық бөлінісі

4. Гегель "ойда ұғынылған дәуір" деп бағалаған дүниетанымның тарихи

формасы?

А) мифология

В) дін

С) философия



Д) ғылым:";'" '

Е) қарапайым дүниеге көзқарас

5. Философияны сипаттайтын тұжырым

А) философия ғылым туралы ғылым

В) философия әлемді образды эмоциялық бейнелеу

С) философия практикадан бөлінген білім

Д) философия - «адам-әлем» қатьнасын анықтайтын дүниетаным

Е) философия қарапайым практикалық тәжірбиеге негізделген дүниетаным

6. Философияның өзіндік ерекшелігі

А) жинақталған білім

В) қарапайым білім

С) практикалық білім

Д) нақты білім

Е) жеке білім

7. А. Мень: «Оның сұрақтары ғылымнан басқа тәжірибеге сүйенеді. Бұл жерде фактілер емес, әр түрлі ұстанымдар мен сенімнін түрлері пікір таластырады. Дүниеге көзқарастар таласы мен сұхбаттарынсыз мәдениеттің дамуы мүмкін емес» - деп сипаттаған дүниетанымның тарихи типі?

А) мифологиялық дүниетаным

В) ғылыми дүниетаным

С) философиялық дүниетаным

Д) қарапайым дүниетаным

Е) діни дуниетаным

8. Философияның негізгі, өзекті мәселесі

А) адам мәселесі

В) табиғат мәселесі

С) қоғам мәселесі

Д) әлемнің мәселесі

Е) құндылықтар мәселесі

9. Аристотель: "Дүниені оның өзіндік қасиеттерімен қарастыратын ғылым бар. Бұл ғылым ешбір жеке ғылыммен барабар емес: өйткені ешбір жеке ғылым дүниенің жалпы табиғатын зерттемейді, олардың әрқайсысы оның жеке қасиетін қарастырады"- деп сипаттаған сала?

А)математика

В)логика

С) философия

Д)этика

Е) физика

10. Философия сөзінің этимологиялық мәні

А) ғылымға құштарлық

В) даналыққа құштарлық

С) өмірге құштарлық

Д) әділеттікке құштарлық

Е) ізгілікке құштарлық

11. Төмендегі пікір қаңдай философиялық бағытқа тән: "Жансыз

материядан ойланатын, акылды тіршілік иесі туындамайтыны

сияқты, жоқтан, ғайыптан материя пайда болуы мүмкін емес".

А) материализм

В) идеализм

С) догматизм

Д) дуализм

Е) плюрализм

12. Адам мәселесін зерттейтін философияның бөлімі

А) антропология

В) онтология

С) гносеология

Д) аксиология

Е) әлеуметтік философия

13. Философияның құндылықтарды зерттейтін бөлімі

А) антропология

В) гносеология

С) аксиология

Д) онтология

Е) әлеуметтік философия

14. Ғылыми білімнің белгілі философиялық көзқарастарға, философиялық принциптер мен категорияларға негізделетінін көрсететін философияның функциясы

А) методологиялық

В) дүниетанымдық

С) гносеологиялық

Д) тәрбиелік

Е) аксиологиялық

15. Жеке адамның сянасын алғашқы бастау ретінде қарастыратын идеализмнің түрі

А) объективті идеализм

В) диалектикалық материализм

С) субъективті идеализм

Д) дуализм

Е) плюрализм

16. Дүние, болмыс туралы ілім

А) антропология

В) онтология

С) аксиология

Д) гносеологая

Е) диалектика

17. Философияға тән емес анықтама

А) әлемді синкретті образды бейнелеу

В) әлемді және адамды логикалық, пайымдық тану

С) әлемді және адамды ұғымдық бейнелеу

Д) сананың теориялық формасы

Е) әлем мен адам туралы рационалды білім

18. Гераклиттің: «Бәрін біріктіретін Космос құдай мен адамның

ешқайсысынан жаратылған жоқ. Ол әруақытта бар, болған және бірде

түгелдей өшетін, бірде түгелдей жанатын мәңгі тірі от» - деген пікіріндегі

әлемге көзқарас қай түрге жатады?

А) идеалистік

В) метафизикалық

С) плюралистік

Д) дуалистік

Е) монистік

19. Әлемнің субстанциалдық негізі ретінде екі бастауды- материалдық пен идеалдылықты мойындайтын философиялык бағыт?

А) монизм

В) дуализм

С) плюрализм

Д) идеализм

Е) материализм

20. Философияның әлемді, ондағы болып жатқан құбылыстарды біртүтас түсіндіруге, адамның әлемдегі орнын анықтап, онымен байланысты заңдылықтарын қарастыруға арналган көзқарастар жүйесін жасауға бағытталған функциясы

А) методологиялық

В) гуманистік

С)аксиологиялық

Д) дүниетанымдық

Е) тәрбиелік



1.6. Дүниеге аңызнамалық көзқарас Дүниегекөзқарас және оның негізгі түрлері.


1.7. Дүниеге діни көзқарас


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет