Арман-мақсат болған кемел қоғамға бет алып, жаңа азаматты рухани деңгейі биік, парасат-пайымы терең, ғылым мен мәдениеттің озық үлгілерінен сусындаған адамды қалыптастыру міндеті алда тұр



бет6/6
Дата18.03.2017
өлшемі1,31 Mb.
#11806
1   2   3   4   5   6

Дін – дүниегекөзқарастың адам өмірі мен қоршаған ортаға әсер ететін табиғаттан тыс күштерге сенуге негізделген түрі. Діни көзқарасқа қоршаған ортаны сезімдік, образды-эмоционалды (рационалды емес) қабылдау тән.

Діндеде аңызда қарастырылатын мәселелер қойылады.



Негізгі әлемдік діндер

Ірі және әлемде кең тараған ұлттық діндер

Діннің қызметтері (дүниегекөзқарастықтан өзге)

буддизм

христиандық

ислам


индуизм

иудаизм

синтоизм



1.8. Дүниеге философиялық көзқарас




1.9.Философиялық білімнің ерекшелігі

Философиялық білімнің ерекше белгілері

Философиялық білімнің негізгі ерекшелігі оның екіұдаылығында, бір жағынан, оның ғылыми біліммен ұқсастық жақтары көп (пәні, әдістері, логикалық-ұғымдық аппарат), бірақ екінші жағынан, ол таза ғылыми білімге жатпайды;

Философияның басқа ғылымдардан өзгешелігі оның теоретикалық дүниетаным болуында, ол адамзат тарихында жинақталған білімнің барынша кең жалпыламасы;

Философияның пәні басқа кез келген жеке ғылымның пәнінен ауқымды, философия өзге ғылымдарды жалпылап, интеграциялайды, бірақ ол бүкіл ғылыми білімді өзіне ендіріп, оның үстінен қарамайды;

Күрделі құрылымды (онтология, гносеология, логика, диалектика т.б.);


Негізгі бағыттар



  1. Ағартушылық – қоғамның прогрессивті дамуын халықты ағарту, сауатын ашу, білім берумен тікелей байланыстыратын дүниетанымдық ұстаным.

  2. Агностицизм – дүниені танып білу мүмкіндігін толық немесе ішінара теріске шығаратын ілім

  3. Академия – Афина қаласында Платон негізін қалаған антика философиясының ірі мектептерінің бірі.

  4. Аксиология – құндылық теориясы, құндылық табиғатын философиялық тұрғыдан зерттеу. Философияның құндылық проблемасын шешу мақсатымен ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қалыптасқан бір саласы.

  5. Анимизм – адамдардың, жануарлардың, заттар мен қоршаған дүниенің құбылыстарына әсер ететін-міс әруақтарға және рухтарға сенуге негізделген, алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған дүниеге көзқарастың бір түрі.

  6. Антисциентизм – сциентизмге – мәдениет жүйесіндегі, қоғамның рухани өміріндегі ғылымның ролін абсолюттендіруге қарсы бағыт.

  7. Антитехницизм – техницизмге - мәдениет жүйесіндегі, қоғамның рухани өміріндегі техниканың ролін абсолюттендіруге қарсы бағыт.

  8. Антропологиялық материализм – материализмнің бір түрі. Өкілдері: Фейербах, Чернышевский т.б. Мәні – тіршілікте шынымен бар реалдылықтар – табиғат және адам. Адам – табиғаттың бөлігі. Бұл бағыттың ерекшелігі адамды биологияландыруында. Қоғамдық құбылыстардың бәрі тек «табиғи индивидтердің» субъективті-психологиялық ерекшеліктерінің жемісі деп білуінде.

  9. Антропоцентризм – адамды әлемнің орталығы және асқар шыңы деп білетін дүниетанымдық ұстаным.

  10. Атомизм – дүниенің бастамасы бөлінбейтін ең майда бөлшек – атом. Қоршаған дүниенің барлық заттары мен құбылыстары осы атомдардан пайда болған дейтін ілім. Негізін қалаған ежелгі грек философтары Левкипп, Демокрит.

  11. Әлеуметтік мобильділік – жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың бір стратадан екіншісіне ауысуын білдіретін ұғым.

  12. Әлеуметтік стратификация – американдық социологтары ұсынған ілім. Бұл ілім бойынша қоғам көптеген страталардан (қабаттардан) тұрады.Страталардың негізгі белгілеріне келесілер жатады: табыс мөлшері, билік деңгейі, білім деңгейі және қоғамдағы беделі.

  13. Әлеуметтік философия – философияның қоғам мәселелерін зерттейтін бір саласы.

  14. Батысшылдық Батыстық – ХІХ ғасырдың 40-шы жылдарында феодалдық-крепостниктік қатынастарды жойып Ресейді «батыс» жолымен, яғни буржуазиялық жолмен дамытуды жақтаған орыстың қоғамдық ойының бір бағыты. Өкілдері: Герцен, Огарев, Белинский т.б.

  15. Брахманизм – Жалғыз реалдылық – Брахман деп білетін бағыт. Б.д.д. ІІІ ғ. Үндістанның ресми идеологиясы болды.

  16. Буддизм – Үнді философиясының б.д.д.ҮІ-Ү ғғ. пайда болған ілімі. Негізін қалаған Сиддхардха Шакьямуни (Гаутама Будда) Негізгі идеясы Будданың «4 ақиқаты» туралы өсиеттерінде берілген. Будда – «көзі ашылған», «ақиқатты таныған» дегенді білдіреді.

  17. Вайшешика - Үнді философиясының болмыстың жеке заттарға бөлінуін және олардың ерекшеліктерін қарастырған мектебі. «Вишеша» сөзі аудармада «ерекшелік», «айырмашылық» деген мағына береді. Негізін б.д.д. ҮІ-Ү ғғ. Кананда қалаған.

  18. Веданта - Үнді философиясының б.д.д.ІҮ-ІІ ғғ. пайда болған, жаратылыс мәселелерін қарастырып, материалдық дүниені жалған елес деп жариялаған объективті идеалистік мектебі. Көрнекті өкілдері – Вьяса, Бадараяна.

  19. Волюнтаризм – ақиқат атаулының бастапқы негізі ерік деп танитын философиялық бағыт. Қажеттілік, объективті заңдылық теріске шығарылады. Өкілдері: А.Шопенгауэр, Э.Гартман, Ф.Ницше т.б.

  20. Вульгарлық материализм (тұрпайы материализм) – сананы бауырдан бөлінген өтпен теңеп материалдандыратын бағыт. Өкілдері: ХІХ ғ. екінші жартысында өмір сүрген Фогт, Бюхнер, Молешотт.

  21. Гедонизм – рахат, ляззат - ең жоғарғы игілік, адамның барлық қылықтары мен іс-әрекетін рахат, ляззатқа деген ұмтылыс анықтайды деп білетін этикалық ұстаным.

  22. Географиялық детерминизм – қоғам дамуының негізгі факторы – географиялық орта деп, оны абсолюттендіретін бағыт. Қоғамның дамуын тікелей оның орналасуы, ауа райы, жерінің құнарлығы т.с.с. байланыстыратын бағыт. Өкілдері: Монтескье, Мечников, Уәлиханов т.б.

  23. Герменевтика – мәтіннің мәнін, оның объективті және субъективті негіздерін түсіндіру теориясы мен өнері. ХХ ғ. философияның негізгі бағыттарының біріне айналады. Өкілдері: Гадамер, Шлейермахер, Дильтей, Хайдеггер т.б.

  24. Гносеология – философияның таным мәселелерін зерттейтін саласы. Таным теориясы.

  25. Гуманизм – адамсүйгіштік, адамды ең жоғарғы құндылық деп жариялайтын бағыт.

  26. Даоизм – Қытай философиясының негізгі бағыттарының бірі. Дао немесе «жол» туралы ілім. Негізін б.д.д. ҮІ-Ү ғғ. Лао цзы қалаған. Табиғаттан айнымауға, табиғи өмір сүруге шақырған.

  27. Деизм – Құдайды тек жаратушы ретінде мойындайтын бағыт. Жаратылғанның бәрі арығарай өз заңдылықтары бойынша дами береді. Негізін ХҮІІ ғ. ағылшын философы Чербери қалаған. Кейінгі өкілдері: Вольтер, Руссо, Локк, Радищев, қазақ ағартушылары т.б.

  28. Детерминизм – реалды дүниенің заттары мен құбылыстарының жалпыға бірдей, заңды байланыстары, себепке тәуелділігі туралы ілім.

  29. Диалектика – табиғат, қоғам, адам ойының жалпы даму заңдары туралы философиялық ілім. Жалпы байланыс және даму теориясы. Сонымен бірге философияның метафизикаға қарама-қарсы зерттеу әдісі.

  30. Диалектикалық материализм – материализмнің бір тарихи түрі. Негізін ХІХ ғ-дың 30-40 жылдары Маркс пен Энгельс қалаған. Материализм мен диалектикалық әдістің бірлігі.

  31. Дуализм – дүниенің өзара тең құқылы материалды және рухани екі бастауын мойындайтын бағыт. Көрнекті өкілі – Р.Декарт.

  32. Жайнизм – ежелгі үнділердің діни-философиялық ілімі. Б.д.д. ҮІ-Үғғ. пайда болған. Негізін қалаған Вардхамана Махавира (Джина – Жеңімпаз деген атаққа ие болған). Жайнизмнің «үш маржаны» - дұрыс сенім, дұрыс таным, дұрыс әрекет.

  33. Жалпы іс (ортақ іс)философиясы – орыс діни ойшылы Н.Федоров дамытқан философиялық ілім. Ғылым мен техниканы табиғат күштерін реттеу үшін қолданып, оларды жалпыға бірдей туыстық, қоғамдық қатынастар қалыптастыру үшін пайдалануға шақырады.

  34. Идеализм – материализмге керағар философиялық бағыт. Дүниенің бастамасы ретінде Екі түрі бар – объективті және субъективті.

  35. Индуизм – Үндістан халықтарының көпшілігіне тән діни нанымдардың, әдет-ғұрыптардың, мәдени салт-дәстүрлер мен әлеуметтік тұрмыс институттарының жиынтығы. Индуизмнің түп төркіні ежелгі үнді діні – брахманизмнен басталады. Пір тұтатын құдайлары – брахманизмнің үш құдайы: Брахма (жаратушы), Вшину (жебеуші, қорғаушы), Шива (жаратушы, жебеуші және сонымен бірге қиратушы).

  36. Интуитивизм – 1)ХІХ ғ. философияда кең тараған ағым. Рационалдық танымға интуицияға негізделген сананың ерекше қабілеті ретінде көрінетін, сезімдік тәжірибеге және логикалық ойлауға саймайтын, шындыққа тікелей «жетуді» қарсы қоятын бағыт. Өкілдері: Бергсон, Лосский т.б.

2)ХХ ғ. шетелдік этика ағымдарының бірі. Негізгі қағидасы мынадай: жалпылама моральдық ұғымдар (ізгілік пен зұлымдық) ешқандай өзгеше қасиеттерге жатпайтын «төтенше» сипатта болады, олар ешбір даусыз, оларды анықтау, түсіндіру мүмкін емес, «өзінен-өзі айқын», таза интуициялық жолмен танылады және ешбір айғақсыз қабылданады. Өкілі: Мур.

  1. Иррационализм – рационализмге керағар ақылдың, ойлаудың танымдық мүмкіндіктерін шектеулі деп санайтын философиялық ілім. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. кең тараған. Өкілдері: Шопенгауэр, Кьеркегор, Ницше т.б.

  2. Йога – индуистік діни-философиялық ілім. Шамамен б.д.д. немесе б.д. І ғ. пайда болған. Негізін Патанджали қалаған. Жеке жанның құдаймен сабақтастығының негізгі жолы – адамды қоршаған реалды дүние жоғалып кететін мистикалық экстазбен транстық жайға әкелетін жаттығулар жүйесі. Олар «Йога-сутра» шығармасында баяндалған.

  3. Калам - ислам қағидаларын рационалды негіздеуші бағыт. Өкілдері: Аль-Ашари, Мәлік, Ас-Саури, аш-Шафия, Әбу-Халифа.

  4. Кейінгі позитивизм – ХХ ғ. екінші жартысы мен соңында пайда болған позитивизмнің ең соңғы нұсқасы. Өкілдері: К.Поппер, Т.Кун, П.Фейрабенд, т.б. Басты мәселесі – ғылыми білімнің дамуын зерттеу.

  5. Киниктер мектебі – антика полистерінің дағдарысы кезінде пайда болып, табиғат заңынан басқа еш заңды мойындамаған, шектен шыққан аскетизм: тәндік жұтаңдықты, рухани жарлылықты уағыздаған ежелгі грек философиясының бір мектебі. Өкілдері: Антисфен, Синоптық («бөшкедегі») Диоген, Кратет..

  6. Конфуциандық – ежелгі Қытай философиясының негізгі мектебі.Б.д.д ҮІ ғ. негізін қалаған Конфуций. Адамгершілік мәселесіне көніл бөліп

  7. Концептуализм

  8. Креационизм

  9. Қоғамдық-экономикалық фомациялар теориясы

  10. Легизм

  11. Ликей

  12. Логикалық позитивизм

  13. Локальды өркениеттердің даму теориясы

  14. Локоята-чарвака

  15. Материализм

  16. Милеттік

  17. Миманса

  18. Модернизм

  19. Моизм

  20. Монизм

  21. Мутазилизм

  22. Неокантшылдық

  23. Неоплатонизм

  24. Неопозитивизм

  25. Номинализм

  26. Ньяя

  27. Объективті идеализм

  28. Онтология

  29. Пантеизм

  30. Патристика

  31. Перепатетизм

  32. Плюрализм

  33. Позитивизм

  34. Постмодернизм

  35. Постструктурализм

  36. Прагматизм

  37. Психоанализ Фрейдизм

  38. Рационализм

  39. Реализм (орта ғасырлық)

  40. Реализм

  41. Санкхья

  42. Сенсуализм

  43. Славянофилдық

  44. Скептицизм

  45. Солипсизм

  46. Софистика

  47. Социологизм

  48. Стоицизм

  49. Структурализм

  50. Субъективті идеализм

  51. Суфизм

  52. Схоластика

  53. Сциентизм

  54. Тарихи материализм

  55. Теизм

  56. Теоцентризм

  57. Техницизм

  58. Утопизм

  59. Фатализм

  60. Феноменология

  61. Философиялық антропология

  62. Шығыс перепатетизмі

  63. Эвдемонизм

  64. Эволюциялық эпистемология

  65. Экзегетика

  66. Экзистенциализм

  67. Экономикалық детерминизм

  68. Экономикалық өсу стадиялары теориясы

  69. Эллеаттық

  70. Эмпиризм

  71. Эпистемология

  72. Этногенез теориясы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет