Магниттер және олардың қасиеттері



бет1/10
Дата03.01.2022
өлшемі405,94 Kb.
#108490
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
дәріс 3


. МАГНЕТИЗМ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОМАГНЕТИЗМ

2.1 Магниттер және олардың қасиеттері
Магнетизм —кейбір денелердің темір, никель және тағы басқа металдардың бөлшектерін өзіне тартып ұстап тұра алатын қасиеті ретінде көрінетін, атомдар мен молекулалар ішіндегі электр зарядтары қозғалысының ерекше көрінісі. Бұлар магниттік денелер деп аталады.

Компастың тілі магнит болып табылатындықтан, жердің маг­нит өрісінде бір ұшы солтүстік бағдарды көрсетіп орналасады да, солтүстік полюс (N) деп аталады, ал қарама-қарсы бағытталған ұшы оңтүстік полюс (S) деп аталады. Арналған максаттарына сәйкес магниттерге әртүрлі формалар беріледі: тікбұрышты, ромбалык, дөнгелек және т. б. Қандай да болмасын формалы магниттің солтүстік және оңтүстік екі полюсы болады.

Егер де магниттелген стерженьді темір үгінділерінің ішіне са-лып, сосын суырып алсақ, онда үгінділердің ең көбі магниттің екі жағына тартылып қалады да ал бейтарап сызық деп аталатын орталық бөлігінде үгінді болмайды. Егерде магниттелген стер-женьді екі бөлсек, онда екі жағында әр аттас полюстары бар екі магнит пайда болады. Магниттелген стерженьді әрі қарай кішкене бөлшектерге бөле берсек екі жағында солтүстІк және оңтүстік полюстары бар жеке магниттер пайда бола береді. Міне сондықтан да тек қана бір полюсы бар (N немесе S) магнит жасау мүмкін емес.

Егер де қандай да болмасын магниттің солтүстік N (немесе оңтүстік S) полюсына жақын жерге болат кесінді койсақ, ол темір заттарды өзіне тартып алатын қасиетке ие болады да магниттің полюсына жақын орналасқан кесіндінің ұшы оңтүстік полюска, ал қарама-қарсы жағы солтүстік полюска айналады. Екі магнит бір-бірімен белгілі бір қашықтықта орналасса, онда олардың полюстарының арасында аттас полюстер өзара тебісетін, ал әр аттас полюстер бірі-біріне тартылатын болып бағытталған әрекеттестік күші пайда болады.

Кез келген магниттелген дененің айналасында магнит өрісі пай­да болады, бұл өріс материалдык орта болып табылады, онда маг-ниттік күштердің әсері байқалады. Суреттерде магнит өрісі солтүс-тік полюстен оңтүстік полюске қарай бағытталған (13 сурет) маг-ниттік сызықтар түрінде көрсетіледі.

Қандай да болмасын магнит сызығының басы да, аяғы да бол­майды және өзі тұйықталған қисық сызық түрінде болады, себебі магниттің солтүстік және оңтүстік полюстары бір-бірінен ешқашан бөлінбейді.



13 Сурет – Тұрақты магниттің магнит өрісі
Магнит өрісінің ішіне қандай да болмасын денені енгізсек, оны магниттік сызықтар тесіп өтіп, ол дене магнит өрісіне белгілі түрде әсер етеді. Бұл жағдайда әртүрлі заттар магнит өрісіне әртүрлі әсер етеді. Магниттелген денелерде магнит өрісі электрондардың атом ядросының айналасында және өзінің жеке осінің айналасын­да айналып жүруінен пайда болады. Атомдардағы электрондардың орбиталары мен айналым осьтері бір-біріне қарағанда әртүрлі ор-наласуы мүмкін. Сондықтан да қозғалыстағы электрондардың ар-қасында қозатын магниттік өрістер де әртүрлі орындарда орнала­сады. Магниттік өрістердің өзара орналасуына байланысты олар бір-бірімен қосылып немесе бірінен алынуы мүмкін. Бірінші жағдайда атомның магнит өрісі немесе магнит моменті болады, ал екіншісін-де олар болмайды. Атомдарының магниттік моменті болмайтын және оларды магниттеу мүмкін емес материалдарды (заттарды) диамагниттік деп атайды. Бұларға табиғатта кездесетін көп зат-тардын абсолют көпшілігі және де кейбір металдар (мыс, корғасын, мырыш, күміс және т. б.) жатады.

Атомдарының магниттік моменті бар және атомдары магнитте­ле алатын материалдар парамагниттік деп аталады. Бұларға алюминий, қалайы, марганең және т. б. жатады. Ерекше топқа ферромагниттік материалдарды жатқызу керек, олардың атомдарының магниттік моменті үлкен болады және жеңіл маг-ниттеле алады. Осындай материалдарға темір, болат, шойын, ни­кель, кобальт, гадолиний және оның қорытпалары жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет