Мұғалімнің аты-жөні: Бөгенбаева Айгерім



Дата07.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#91315
түріСабақ
Байланысты:
жануарлар қозғалысы 7 кл ашық с
286294702 (1), Мақсытов Айдос эссе, 1)баяндама.туризмология

Сабақтың тақырыбы:
Жануарлардың қозғалыс мүшелері. Тірі ағзалардағы қозғалыстың рөлі. Жануарлардың қозғалутәсілдеріне мысалдар. Жануарлардың мекен ортасы мен қозғалыс тәсілдері арасындағы байланыстарды анықтау.

Мұғалімнің аты-жөні: Бөгенбаева Айгерім
Күні: 24.01.2018ж

СЫНЫП: 7



Қатысқан оқушылар саны:



Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.1.6.4 – омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың қозғалыс мүшелерін салыстыру



Сабақ мақсаты:



Біржасушалылардың, көп жасушалы омыртқасыздардың, омыртқалылардың қозғалу мүшелерін анықтайды, тіршілік ортасына байланысты қозғалу әдістерін біледі.

Бағалау критерийі

  • Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қозғалу мүшелерін ажыратып, сипаттама бере алады.

  • Қозғалудың биологиялық маңызына талдау жасайды.Қозғалудың тіршілік ортасына байланысты айтады

Оқулықты пайдалана отырып талдайды.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты арнайы лексика мен терминология.


Қазақ тілі

Ағылшын тілі

Сипаты



Қозғалыс

Move




Талшық

Fiber




Кірпікше

Eyelashes




Жалған аяқ

False legs




Тері-бұлшық ет қапшығы

Skin muscile wall




Қаңқа

skeleton




Жүзбе қанат

Floating wings




Қанат

Wings




Хитин

Hitin




Реактивті қозғалу

Jet movement
























Пәнаралық байланыс

Музыка –жануарлар әлемінен бейнекөріністер көру, тыңдау барысында байланысады.
География -( әртүрлі аймақтарда жануарлардың таралуы) тапсырмаларды орындау барысында байланысады.
Бейнелеу -жануарлардың қозғалу мүшелерінің суретін салып, талдау

Құндылықтарға баулу



Жұптық және топтық жұмыста өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарап,ойын еркін жеткізуі барысында жүзеге асырылады.Өзін өзі бағалу барысында шынайылылыққа, ашықтыққа қол жеткізу орындалады.

Алдыңғы білім

Өсімдік және жануарлардың қозғалу ерекшеліктері
Қозғалудың маңызы

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Сабақтың басы
1-2 мин

5-12мин

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу.
Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.
1 топ- біржасушалылар
2 топ- көпжасушалы омыртқасыздар
3топ- омыртқалылар
4 топ- қозғалыс
Алдыңғы білімді бекіту
1 тапсырма
«Мимика» әдісі арқылы үй жұмысын қорытындыланады.Әр топтан бір –бір оқушы шығып, өз топтарына мұғалімнің берген өткен тақырыпқа байланысты термин сөздерін қимыл –қозғалыс арқылы жасырады.Топтағы оқушылар жасырылған термин сөздерді тауып, сипаттап, талдау қажет.

  • Тропизм-Тропизм- Tropism

  • Таксис- Tаксис-Taxis

  • Фототропизм-Фототропизм-Phototropism



  • Фотопериодизм

Үй жұмысын қорытындылай келе жаңа сабақ тақырыбын анықтау.


1-топ
2-топ


3-топ
4 топ
Сурет және тапсырма жазылған парақшалар



Сабақтың ортасы
12- 14 мин

14-22 мин

20-23мин

23-33 мин



Білу және түсіну.
Д) Оқушыларға экраннан «Жануарлардың қозғалысы» бейнежазба көрсетіп, тақырыпты анықтау

Оқушыларға мына сұрақтар қойылады:



  1. Бұл бейнежазбада не көрсетілді?

  2. Бұл бейнежазбаға байланысты қандай тақырыпты бүгін қозғаймыз?

Миға шабуыл «Ойлан»

  • Жануарлар не үшін қозғалады?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау

ОЖ: қоректену, көбею,қорғану және т.с.с тіршілік әрекеттері айтылады.
Т. «Ойлан, топтас» «Қабырғадағы мәтін» әдісі арқылы әр топ оқушылары қабырғадағы мәтінді оқып, тобына бір – бір сөйлемнен айтып келеді, топ басшысы сөйлемдерді жазып,қорытындылайды.

  • Біржасушалылардың қозғалу мүшелері

  • Көпжасушалы омыртқасыздардың қозғалу мүшелері

  • Омыртқалылардың қозғалу мүшелері

  • Тіршілік ортасы мен қозғалу әдістері




Бағалау критерийі

Дескрипторлар



Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың
қозғалыс мүшелерін анықтайды

Біржасушалылардың қозғалу мүшелерін біледі

Көпжасушалы омыртқасыздардың қозғалу мүшелерін біледі



Омыртқалылардың қозғалу мүшелерін біледі





Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
1 топ. Біржасушалылардың қозғалу мүшелері.
1.Біржасушалы жануарлар ағзалары суқоймаларда, ылғал жерлерде немесе басқа тірі ағзалар ішінде тіршілік етеді.
2.Олардың басым бөлігінің қозғалу мүшесіне талшықтар (жгутики) жатады. Қоршаған сұйықтықта бұрама (винт) сияқты бұралған талшықтар дененің – жануардың жалғыз жасушасын алға қозғалтады.
3. Қозғалғыш бактериялардың, бодо, лямблияның қозғалу мүшесі – немесе көптеген талшықтар. Эукариоттарда көбінесе бір не екі, кейде одан көп, мысалы, 8 талшық болады .
4.Қарапайымдардың тағы бір қозғалу мүшесіне кірпікшелер жатады. Олар құрылысы талшықтарға өте ұқсас, бірақ едәуір қысқа әрі көп болады.Мысалы кірпікшелі кебісше.
5.Біржасушалылардың үшінші әрі соңғы қозғалу тәсіліне жалған аяқтары жатады. Бұл уақытша өскіндері – дененің кез келген бөлігінде түзілетін жасуша цитоплазмасының томпаюы.Мысалы амеба.
2- топ. Көпжасушалы омыртқасыздардың қозғалу мүшелері.
1. Көпжасушалы омыртқасыздардың қозғалу мүшелері жануар түріне байланысты.
2.Құрттарда алғаш рет дербес бұлшық ет жасушалары пайда болады. Олар жабынмен (терімен) бірігіп кететін бұлшық еттерден қабат түзеді. Мұндай жүйені тері-бұлшық ет қапшығы дейді.
3. Ұлуларда бұлшық ет жүйесі, әсіресе басаяқтыларда (сегізаяқ) едәуір дамыған.
4.Буынаяқтыларда алғаш рет бұлшық еттердің жеке шоғыры пайда болады.
5.Дененің бір сегменті қозғалу үшін бұлшық еттің белгілі бір шоғыры жиырылады, ал қалғандары демалып, энергияны үнемдейді.
3- топ . Омыртқалылардың қозғалу мүшелері.
1.Жалпы барлық омыртқалылардың тірек-қимыл жүйесі ұқсас, қаңқа және бұлшықеттен тұрады.
2.Бұл ішкі қаңқа – сүйектер мен оларға бекитін бұлшық еттер.
4.Бұлшық ет жиырылып, сүйекті өзіне тартады. Дененің белгілі бір бөлігі осылай жылжиды.
5.Омыртқалыларда қозғалу мүшелері тіршілік ортасына тәуелді.

4 топ. Омыртқалыларда қозғалу мүшелері тіршілік ортасына тәуелді.
1.Балықтарда қозғалу мүшесі – жүзбеқанаттары. Су тіршілік ортасын мекендеушілердің есу үшін жүзбеқанаттары болады. Оған балықтар, теңіз тасбақалары, сүтқоректілер – киттер, теңіз түлендері, мысықтары, тіпті пингвин құстары да жатады. Олардың қанаттары пішіні жағынан жүзбеқанаттарға ұқсайды.
2.Суда жылжудың тағы бір маңызды әдісі – реактивті қозғалу. Егер ағза өзіне суды жинап алып, содан кейін оны үлкен күшпен (қысыммен шапшып ағу) шығарса, дене қарама-қарсы бағытта қозғалатын болады. Медузалар, сегізаяқтар, каракатицалар осылай жылжиды.
3.Құрлықта тіршілік ететіндердің қозғалу мүшесі – екі немесе төрт аяғы, ал жылан денесін ирелеңдетіп жылжуға бейімделген.
4.Ауада қалықтауға мүмкіндік беретін мүше – қанат құстарға тән.
5.Топырақта қозғалған кезде жануарлар аяғын (жәндіктер, көртышқан т.б.) немесе денесін (шұбалшаң) пайдаланады.
Талдау
Жж. «Ойлан жұптас», «Фишбоун» әдісі арқылы балық қаңқасына жануарлар өкілдерін және қозғалу мүшелерін орналастыру.
Жануарлардың кластарына сәйкес қозғалу мүшелерін анықтаңдар. Оларды эволюциялық ретпен орналастырыңдар.


Амеба- amoeba

Бодо-bodo

Бактерия -bacteria



Шұбалшаң-earthworm


Шаян -scorpion

Ұлу-mollusc





Сүтқоректілер
-mammals


Құстар- bird

Балық-fish




Бағалау критерийі

Дескрипторлар



Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың
қозғалыс мүшелерін ажыратады

Талшықтарын, жалған аяқтарын жазады

Тері- бұлшық ет қапшығын, хитин арқылы қозғалу мүшелерін жазады



Қаңқасын, қанатын , жүзбеқанатын жазады




Қолдану
Т.ж «Моделдеу» әдісі арқылы топтарға тақырыптарына байланысты тапсырмалар беріледі. Жануарлардың қозғалу мүшелерін талдаңдар. Қозғалу мүшелерінің тіршілік ортасына (жүзу, ұшу) бейімделгенін дәлелдеңдер
1 топ- түрлі түсті қағаздан қарапайымдардың және шұбалшаңның қаңқасын жасап, сипаттама беру
шұбалшаң
2 топ- құс тұлыбына ұшуына байланысты қағаздардағы қаңқа суйектері жазылған сөздерді орналастырады, сипаттамасын айтады.

3 топ- жануар және адам қаңқасына қаңқа сөздерін дұрыс орналастырып, сипаттама беру.

4 топ.Бұл жануарлардың қаңқасы қаңқаның қай түріне жататынын анықта.


Бағалау критерийі

Дескрипторлар



Жануарлардың қозғалу мүшелерін талдаңдайды. Қозғалу мүшелерінің тіршілік ортасына (жүзу,ұшу) бейімделгенін дәлелдеңдей алады.

Жануарлардың дене мүшелерін дұрыс орналастырады

Жануарлар қаңқасын анықтап, сипаттама береді


Бейнежазба


Слайд

Оқулық.
Кеспе мәтіндер.

Балық қаңқасы

Турлу тусті қағаз, қайшы, сызғыш, желім,құс тұлыбы , жануар және адам қаңқасы




Аяқталуы
Сабақты бекіту
33-37 мин

«Еркін жазу»әдісі арқылы жұптық жұмыс орындау.
(Жж) Жұптасқан оқушылар дәптердің парақшасын екі бөледі, термин сөздерге талдау жасайды.Кім қаншалықты көп жазды,көп білді.
Дәптермен жұмыс орындалған соң жануарлар мен өсімдіктердің қозғалу айырмашылығына талдау жасап, тіршілік ортасы, дене пішіні және қозғалуға бейімділік арасындағы байланысты түсіндіріп, тапсырманы қорытындылайды.



Қазақ тілі

Ағылшын тілі

Сипаты



Қозғалыс

Move




Талшық

Fiber




Кірпікше

Eyelashes




Жалған аяқ

False legs




Тері-бұлшық ет қапшығы

Skin muscile wall




Қаңқа

skeleton




Жүзбе қанат

Floating wings




Қанат

Wings




Хитин

Hitin




Реактивті қозғалу

Jet movement





















Бағалау критерийі

Дескрипторлар



Жануарлардың қозғалуының биологиялық маңызын айтады.






Жануарлардың қозғалуын түсіндіру барысында термин сөздерді қолдана алады

Термин сөздердің анықтамасы дұрыс жазылған

3 сөзден көп термин біледі және ағылшын және орыс тілдерінде айта алады



Сызылған дайын кесте







Бағалау

38-40 мин
Кері байланыс


Үй жұмысы:
1. Омыртқалы және омыртқасыз жануарларға салыстырмалы сипаттама беріп, салыстыру кестесін сыз.


2. Ең жылдам қозғалатын жануарлар рейтингін құрастыр
Бағалау


Оқушылардың тапсырмаларын «1» саны арқылы балл беру арқылы бағаланады.


«Табыс баспалдағы» арқылы топты бағалау


Рефлексия


«Бір ауыз сөз»
Оқушылар стикерге сабақ туралы бір ауыз сөз жазып, оны тақтадаға көңіл күй смайликтеріне жапсырады.Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады. (Ұнады,қажет,пайдалы, білдім, үйрендім,қызықты, ұмтылдым,есте сақтадым)

Бағалау парақшасы


Түрлі –түсті стикерлер

Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз?
«Мимика» әдісі арқылы оқушылардың сұрақты қимыл арқылы жасыру, жауап беру нәтижесінде пікірін тыңдап,білгендерін қорытып, тұжырым жасауға дағдыланады.
«Ойлан, топтас» әдісі- берілген қажетті ақпаратты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігн арттыруға, негізгі материалды игеруге жағдай жасайды.
«Еркінжазу» әдісі –оқушының оқылым,жазылым дағдысын дамытады.
«Модельдеу» әдісін қолдану-топта бірлескен жұмысты ұйымдастыра білу, іс – әрекетін жоспарлау, ауызша және жазбаша сөйлей білу дағдыларын дамытады.
Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушыларға тапсырма орындау барысында ынталандыру,шабыттандыру, мадақтау ,қолдау көрсетіп, «табыс сатысына» көтерілуге жетелеп отырдым.
Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
Салыстыру,талдау, жинақтауға негізделген тапсырмалар беріледі.Мысалы «моделдеу» тапсырмалары шығармашылық қабілеттерін шыңдайды.

Бағалау - Оқушылардың
Үйренгенін тексеруді
Қалай жоспарлайсыз?
«Табыс сатысы» әдісі арқылы оқушылардың білімін қарапайымнан күрделіге жылжу барысында қолдау, мадақтау арқылы жетелеп отырдым.
Жоспарланған бағалау критерийлеріне сай құрылған дескрипторлар арқылы оқушылардың түсіну деңгейлерін тексеру .



Пəн аралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
Қорғау ережелері
Тапсырмаларды орындау барысында қалам, сызғыш, қайшы, желім секілді заттарды орнымен пайдалану.

АКТ- ны пайдалану кезінде электр желілерін дұрыс пайдалану.




Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары
шынайыма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағыахуал
Қандай болды?
Мен жоспарлаған
Саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
Уақыт ішінде
үлгердімбе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
Келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
Жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет