Жетісу облысы Көксу ауданы «Алғабас орта мектебі» КММ-нің
физика пәнінің мұғалімі
Артыкова Айгерім Серікқызы
ПІКІР
Артыкова Айгерім Серікқызы. 2015 жылы 1-қыркүйектен бастап «Алғабас орта мектебіне» жұмысқа орналасады, бүгінгі күнде осы мектепте қызмет атқаруда. Айгерім Серікқызы шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз пәнін жетік меңгере алған, осы 7 жыл еңбек өтілінде өзін-өзі жан-жақты көрсетіп келе жатқан ізденімпаз, шығармашыл мұғалім.
Өзі сабақ жүргізетін сыныптарында оқушыларының сабаққа деген ынтасын формативті бағалау арқылы белсенді ұйымдастыра білетін, сын тұрғысынан ойлау мен жаңартылған әдіс-тәсілдерді қолданып, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра білетін ұстаз.
Мадақтама және сертификат
2018-2019 оқу жылында 16.08.2019жылы «Критериалды бағалау бойынша» 40академиялық сағаттық курс оқып,сертификатталған.
2021-2022 оқу жылында 17.06.2022 жылы «Физика» пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында 80 сағаттық курс оқып, сертификатталған.
2021-2022 оқу жылында 17.08.2022жылы « Мектептегі «Физика» сабақтары басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» тақырыбында 160 сағаттық курс оқып, сертификатталған.
Оқушы мен мұғалімнің жетістіктері
2022 жыл Диплом І дәрежелі Аудандық «Зерде»зерттеу жобасынан 7-сынып оқушысы Бейсенәлі Нурила
2022 жыл Алғыс хат Республикалық «Зерде» жұмыстарынан 7-сынып Бейсенәлі Нурила
2023 жыл Диплом І дәрежелі «АҚБОТА» зияткерлік олимпиядасынан 8-сынып оқушысы Манат Аяулым
2023 жыл Диплом І дәрежелі «АҚБОТА» зияткерлік олимпиядасынан 8-сынып оқушысы Сейтжанқызы Жансая
2023 жыл Диплом І дәрежелі «АҚБОТА» зияткерлік олимпиядасынан 8-сынып оқушысы Тоқтабаева Алия
2023 жыл Диплом І дәрежелі «АҚБОТА» зияткерлік олимпиядасынан 8-сынып оқушысы Сәрсен Ақнұр
Артыкова Айгерім Серікқызы сабақ беретін сыныптарда физика пәні бойынша өзі сабақ берген 7 жылда білім сапасы 68-74 пайызды көрсетуде. 10ә-сынып оқушыларына сынып жетекшілік етеді , оқушыларымен тығыз, сыйласымды қарым-қатынаста жұмыс істеп жатыр.
Айгерім Серікқызы өзі еңбек еткен 7 жылында өзін іскер, ұйымдастырушылық қабілеті мол, білікті қызметкер, болашақта шығармашыл ұстаз бола алатындығын көрсетіп келеді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарайды. Ұжымының арасында беделді, сыйластық қарым-қатынаста. Білімді де, білікті өз мамандығын жетік меңгерген ұстаз.
Мектеп директоры: Н.Н.Джексембиева
Достарыңызбен бөлісу: |