По ли се мия – сөз дің көп ма ғы на лы лы ғы.
Порт рет – француздың «бейнелеу», «бейнеленген» деген
сөзінен алынған, өмірдегі немесе өмірде болған бір адамды немесе
адамдар тобын бейнелеу немесе суреттеп жазу. Портрет – әдеби
кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу.
Портрет бейнелеу өнерінде – кескіндеме, мүсін, графика, фото
өнерінің басты жанрының бірі болып табылады. Нақты адамның
түр-сипатын бейнелеу портреттің негізгі белгісіне саналады.
Көркем әдебиеттегі портрет адамның сыртқы тұрпатын сипат-
таумен ғана шектелмей, оның рухани ішкі әлемін ашумен қатар,
сол тарихи дәуірдің, ұлттың, әлеуметтік ортаның қайталанбас
өкілі екендігін шынайылықпен бейнелейді.
Поэма (грек – «туынды») – орта көлемді эпикалық түрге
жататын, өмірде болған не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен
келелі оқиғаларды, алуан-алуан адамдар тағдыры мен заман
шындығын көлемді, желілі эпикалық не лирикалық сипаттағы
өлеңмен суреттейтін жанр.
Поэмалар сюжетті, сюжетсіз болып бөлінеді. Образдарын
эпикалық, лирикалық, романтикалық, реалистік т.б. деп бөлуге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |