261
2.
-мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін, -сын тәрізді жіктік жалғаулары
арқылы жүзеге асады. Мысалы:
Мен жаралы жолбарыспын.
3.
еді, едім, еді, екен, ем сияқты көмекші етістіктердің көмегімен
туындайды. Мысалы:
Сен жаралы жолбарыс е, мен киікті
лаы ем.
4.
бейне, те секілді сөздер арқылы жасалады. Мысалы:
айы
болар шермен те, ара көілім жермен те. (Абай).
Ме то ни мия – өза ра бай ла ныс ты ұғым дар мен шарт ты сөз-
дер дің бі рі нің ор ны на бі рін ал мас ты ра қол да ну тә сі лі.
Мо но лог – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-
тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл, сөйлеуші өз
ойын бір немесе бірнеше адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу
әрекеті. Монологтің ерекшелігі – бір адамның ойының, сөзінің
көрініс табуы. Мәтінде монолог диалог үлгісінде де, диалогпен
араласып та келе береді. Монолог жазбаша түрде де кездеседі.
Екі жағдайда да (ауызша және жазбаша) негізгі ерекшелігі –
бір адамның сөйлеуі немесе бір адамның ойы. Монолог – әдеби
шығармаларда, әсіресе, драмалық туындыларда кейіпкердің ішкі
көңіл күйін білдіретін толғау сөзі, кейіпкерді сөйлету тәсілі.
Мінездеу – кейіпкердің мінез бітімі, көркем образдың өзегі,
негізгі арқауы. Кейіпкердің рухани әлемін, жан сырын, идеясын,
күрес жолын, мақсатын, іс-әрекетін нанымды бейнелеу арқылы
ашады. Әдебиетте тура және жанама мінездеу деген түсінік бар.
Тура мінездеу – бұл автор мінездемесі. Адамды бір сөзбен де
мінездеуге болады. Мысалы,
сара болса – арабай, аау болса –
Мырымбай, жалау, өтірікші болса – Судырахмет дейміз.
Кейіпкерге қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу
арқылы қаһарман бейнесін ашып көрсетуді
жанама мінездеу
дейді.
Мы сал – тәр бие лік мән де гі ша ғын ал ле го рия лық шы ғар ма.
Мақала – өмірдің әлеуметтік, экономикалық, өндірістік,
ғылыми, сондай-ақ басқа да рухани өмір деректерін арқау ететін
шығарма түрі. Мақаланың түрлері көп: баяндау, пайымдау,
түсіндірме, қиял және т.б.
Об раз – көр кем шы ғар ма да ғы сөз бен сом дал ған кез кел ген
құ бы лыс. Кө бі не се әде би қа һар ман бей не сі.
Достарыңызбен бөлісу: