Армысыз, әз Наурыз! Мақсаты



бет1/3
Дата10.05.2023
өлшемі17,55 Kb.
#176405
  1   2   3
Байланысты:
наурыз снераий дұрыс


Армысыз, әз Наурыз!

Мақсаты:


1. Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт - дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
2. Оқушылардың ойлауын дамыта отырып, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.
3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт - дәстүрін қастерлеуге, оларды сақтауға тәрбиелеу.
Барысы: Кіріспе
1- жүргізуші:

Тәуелсіз биік халқымның
Желбіреп туы шалқысын
Әз наурыз келіп еліме
Жер ана бойы балқысын
Жаңғырар дәстүр салтымның
Көзелсін бұлақ жалғасы
Қастерлі менің халқымның
Мереке Наурыз-жыл басы!


2- Жүргізуші:

Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.


1- жүргізуші:
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,


Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

(Дауылпаз үні естіліп, даңғыры қағылып ортаға Қожанасыр, Алдар Көсе Тазша бала шығады)
Алдар; -
Уа халайық! Тойға келіңдер! Тойға
Қожанасыр: -
Нұрлы Наурыз тойына келіңіздер!
Тазша бала:
Уа балалар! Қоян жылының айтулы тойы, біздің мектептің Наурыз мерекесіне келіңдер!
Алдар Көсе; -
Ә-ә-әй,ағайын!
Той деп жар салайын
Наурыз-тойға келіңдер
Менде бірге барайын!
Қожанасыр:
-Ағайын тойға келіңдер
-Мерекені көріңдер!
Ит жылы келді еліме
Той көрімдік беріңдер
Тазша бала; -Алдар аға, бүгінгі тойға тіпті өлеңдетіп, сықиып киініп келіпсіз ғой. Жел бір жағынан кіріп,екінші жағынан шығып кететін шұрық тесік әйгілі шапаныңыз қайда?
Алдар Көсе;-
Биыл қоян жылын үлкен табыстармен қарсы алып жатқанда жыртық шапан менің теңім бе?
Қожанасыр:
Тотыша тақылдаған мұның кім ?
Алдар Көсе;-
Қожеке танымадыңыз ба? Бұл Тазша бала ғой
Қожанасыр:-
Тазша баламысың, ей. Келші бауырым, құшағыма қысайын
(екеуі құшақтасып амандасады)





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет