Армысыздар құрметті ұлағатты ұстаздар, ардақты ата аналар және мектеп бітіруші түлектер!



бет1/4
Дата12.06.2020
өлшемі31,4 Kb.
#73226
  1   2   3   4
Байланысты:
аттестат алу кеш3 2020000


Армысыздар құрметті ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар және мектеп бітіруші түлектер!
Бүгінгі «Біргеміз: Түлек 2020» атты Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында соңғы қоңырау мерекесімен аттестатты салтанатты тапсыру кешіне қош келдіңіздер.

2019 - 2020 оқу жылында 25 шәкіртіміз білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебінен қанат қаққалы отыр. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, мектеп табалдырығын имене атаған бүлдіршіндер бүгін міне бойы өсіп, ойы өсіп, үлкен өмірге қадам баспақшы. Салтанатты мереке болса да білім нәрімен сусындатқан, нағыз достарды сыйлаған алтын ұя мектеппен қоштасу сәті. Мектептен тәлім-тәрбие ала жүріп, болашақтарыңыздың іргетасын қаладыңыздар. Дәл қазір сол күндерге деген қимастық сезімді бастан өткеріп, мұңайып, келешектеріңізді ойлап, жүректеріңіз лүппіл қағып тұр. Сіздер жаңа әлемге, білім әлеміне қадам басқалы тұрсыздар. Ол мектептегіден де өзгеше әлем болмақ

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата - ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Түлектерді шақырайық ортаға, 



Сынып жетекшілері : Нұралина Пакизат Тұраққызы - Иманова Жанар Әлиқызы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет