Хор : «Бір үйдің баласындай»
Қандай ғажап қарашы айналаңа,
Бақыттан басың, сiрә, айнала ма ?!
Ұл-қызы азамат боп есейдi деп,
Құрметпен сөз берейiк ата-анаға , - дей отырып,
барша ата-аналар қауымы атынан құттықтау сөз кезегі .Кодарова Күлаш пен Уагисаева Альфияға..... беріледі.
Түлектердің мерекелік сәлемі. Флешмоб
Қиял қуған, үміт толы жас кеуде,
Болашаққа нық адымда, сескенбе.
Кеше ғана сәби болсақ, ержеттік,
Бір-бір маман болсақ дейтін өскенде.
Балапан ек, қанатымыз қатайды,
Ертең бізді азамат деп атайды.
Қоштасарда тамшы тұрар көзімде,
Мектептегі қимай ағай, апайды.
Мәпеледің, білім бердің, мектебім,
Бүршік жарып, гүл боп сонда көктедім.
Тұғырым боп сен қаласың мәңгіге,
Нық ұстаймын арманымның ескегін!
Түлектердің атынан сөз кезегін Кузнецова Юлияға жолдаймыз.
. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гиміннің авторы жерлес ақын Жұмекен Нәжімеденовтың 85 жылдығына орай жастар арасында насихаттау мақсатында ақын шығармашылығы.
Көркемсөз : « » оқитын Сарсекова Әсемгүл
Шар ұшыру
Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
Мектеп қайта есігін ашпас енді,
Өмір – ұстаз, ақылды, ақ шаш өңді.
Басқаша енді үйретер бар сабағын,
Қоңыраулар соғылар басқаша енді.
Сұрақ басқа оп-оңай шешілмейді,
Жаса қанша тентектік, есір, мейлі.
Мектептегі мұғалім кешіргенмен,
Өмір - қатал, ол күнде кешірмейді.
Даусыз ол күн есіңде сақталады,
Жазылмаған өмірдің ақ парағы,
Жаңа дастан күтеді, жазуымды
Күтпейді тек сыныптың тақталары.
Енді бізді күтеді барлық жолдар,
Күтпейді тек мектептің парталары.
Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,
Бәрі - шын, қоштасарда қоңырау мұң
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігінде қоңыраудың
Соңғы қоңырау соғу рәсімі.
Құрметті ата-аналар, мектеп бітіруші түлектер !Бүгін міне сіздер үшін соңғы қоңырау соғылды.Бұл соңғы қоңырау сіздердің естеріңізде мәңгі қалмақ. Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің.
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін!
Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсырып, жоғарға оқу орындарының грант иегерлері болуларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!Қош сау болыңыздар !
Достарыңызбен бөлісу: |