Арнайы білім беру кафедрасы баяндама Тақырыбы


Көмекші мектеп оқушыларының сөйлеу тілінің дамуы



бет3/6
Дата26.12.2021
өлшемі22,35 Kb.
#105609
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
баяндама

Көмекші мектеп оқушыларының сөйлеу тілінің дамуы

Көмекші мектеп оқушыларының сөйлеу тілінің дамуына қатысты М.С. Певзнер бұл балаларға тән көрініс сөйлеу тілінің кешеуілдеп дамуы деп айтқан. Баланың айқын түрде артта қалуы немесе дамымауы сөйлеуге дейінгі вокализациясы кезеңінде байқалады. Қалыпты дамыған балаларда былдырлау 4-8 айда пайда болса, ал ақыл-ойы кем балада 12-24 айдың ішінде пайда болады.

Зияты зақымдалған балалардың алғашқы сөздері 2,5-5 жас аралығында пайда болады, ал қалыпты дамыған балалардың алғашқы сөзі 10-12 ай аралығында шыға бастайды, яғни даму барысында көптеген алшақтықтың, үзілістің бар екендігін айтады. Көмекші мектеп оқушылардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан көптеген авторлар қарастырады. (В.Г. Петрова, М.С.Певзнер, Т.С.Кузнецова, К.Г. Коровин және т.б.т.б.)

Зияты зақымдалған оқушылардың байланыстырып сөйлеу тіліндегі кемшіліктері

Зияты зақымдалған оқушылардың байланыстырып сөйлеу тіліндегі кемшіліктер сөйлеу тілінің мазмұнында және оның грамматикалық құрылымында кездеседі. Оларға тән бұзылыстар:


  1. Толық немесе кезектілікпен әңгімені мазмұндамауы ( әңгіменің бөліктерін тастап кету, қатысатын адам әрекет орнын қысқарту) Кезектіліктің бұзылуы.




  1. Логикалық байланыспауы.

  2. Тілдік құралдардың болмауы немесе дұрыс қолданбауы, одан ойды мазмұндаудың жалпы байланыстылығы бұзылады. Байланыс құралдарына: есімдік, үстеу, синоним, сөз тіркестері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет