« Кәсіпорынның Еңбек қорғау қызметі белгіленген міндеттерге сай мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:
Кәсіпорындағы еңбек қорғау басқармасы жүйесінің жасалуын, өндіріске енгізілуін және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
« Еңбектің қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты кәсіпорынның функционалдық және өндірістік бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді және кәсіподақ ұйымдарының еңбек қорғау жөніндегі өкілдерімен, сондай-ақ еңбек қорғаудың аймақтық басқармасының қызметкерлерімен бірлесе әрекет етеді.
Кәсіпорынның еңбек қауіпсіздігі тұрақты жұмыс істейтін коммиссиясының қызметін ұйымдастырады.