Арнайы мектепте қазақ тілін оқытудың принциптері, заңдылықтары



бет7/7
Дата11.01.2022
өлшемі19,59 Kb.
#111230
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс 2. Арнайы мектепте қазақ тілін оқытудың принциптері, заңдылықтары

Жетінші заңдылық. Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету. Тіл лексика және грамматикалық формалар арқылы дамиды, екінші жағынан тіл неғұрлым бай болса, тілдік фактілер де соғұрлым тез ұғынылады.
Тіл дамуының шарттары.

Ақыл – ой қабілеті бұзылған мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік дамуы көп салалы процесс болып табылады. Мектепке дейінгі мекемелерде де, үйде де бұл процесті жан-жақты қамтамасыз ететін жағдайлар қарастырылуы керек. Балабақша тобында және үйде есту-сөйлеу ортасын ұйымдастыру – тілді меңгеру және қарым-қатынаста қолдана білудің маңызды факторларының бірі.

Есту-сөйлеу ортасын құрудың негізгі шарттары: тәжірибелік іс-әрекет барысында баламен тілдік қарым-қатынас жасау; балаларда тілдік қарым-қатынасқа деген қажеттілік қалыптастыру; баладағы кез келген деңгейдегі тілдік құбылысты көтермелеу; балалардың сөйлеу әрекетін  белсенділендіру; жойылудан қалған есту мүмкіндігін ауызекі және сөйлеу тілін дамытуда барынша пайдалану; баланың тіліне ересектер тарапынан бақылау жасау; ересектер тілінің жалпы талаптарға сай болуын қадағалау.

Ақыл – ой  қабілеті бұзылған баланың тілін жанұяда  дамыту – тілді дамытудың ең тиімді жолы. Оқушының тілін дамытудың тиімділігі белгілі бір шарттармен байланысты.

Соның бірі – сөйлеудің мазмұны мен сөйлеудің қажеттілігі. Егер балаға сөйлеу қажетсіз болса немесе оның айтатын ешнәрсесі болмаса, сөйлегісі келмесе – тіл дамыту мүмкін емес.

Екінші әдістемелік шарт – оқушының сөйлеуге қызығушылығын арттыру. Мұғалімнің сұрағы, көрнекілік, қызықты тақырып, қызықты ситуация, мадақтау, көрген-білгенін бөлісуі - оқушының сөйлеуге қызығушылығын тудырады.

Үшінші әдістемелік шарт  - сөйлеу тілін қажет тілдік құралдармен қамтамасыз ету. Олар: сөз, сөз тіркесі, сөйлемдер.

 Бұл бағыт барлық оқу процесін қамтуы керек. Барлық сабақтарда  да тіл дамыту мақсаты қойылуы қажет.


Тілдік дамудың негізгі кезеңдері (А.А.Леонтьев):

1.  Дайындық кезеңі (0-1жас аралығы).

Бала дүниеге келген сәтте айғайлап дыбыс шығарады, бұл оның дыбыс реакциясы. Баланың жылауы мен айғайлауы сөйлеу аппаратының артикуляциялық, дауыс шығару және тыныс алу бөлімдерін жетілдіреді. Бұдан кейін 1,5 айдан аса бала уілдеп «сөйлей» бастайды.  2-3 айда бірнеше дыбыстар тіркестерін айта бастайды (мысалы: ма-ма, ба-ба, би-би, у-гу).

4 айда дыбыстық тіркестер күрделене түседі, жаңа дыбыстар пайда болады: ля, бн, мн, др. Бұл кезеңде баланың айналасындағы адамдар онымен міндетті түрде сөйлесуі қажет.

9-10 айда тұтас  сөздер саны арта түседі, бала ересек адамдардың қызыға, ынталана қайталайды. Егер баланың есту қабілеті нашар болса, уілдеу кезінде-ақ сөйлеу белгілері біртіндеп жоғала бастайды.



2.  Сәбилік кезең (1-3 жас аралығы).

Бұл кезеңде баланың сөздік қоры молая түседі. Тілдік қабілеті артады, айналасындағы адамдардың сөздеріне құлақ түреді. Бұл кезде сәбилер бірнеше затты бір ғана атаумен атауы мүмкін (бибип - машина, бах - құлады, соқты, ұрды т.б.). Тілді меңгеру заңдылықтарына сәйкес біртіндеп тілдік жүйе құрала бастайды. Баланың лексикалық қорына анализ жасай отырып, төмендегі мәліметтерді келтіруге болады: 1 жаста - 10- 15 сөз; 2 жаста – 30 сөз; 3 жаста – 100 сөз. Осы  кезеңде грамматиrалық қор да қалыптаса бастайды. Үш жаста бала ең қарапайым грамматикалық конструкцияларды пайдалана алатын болады.



3. Мектепке дейінгі шақ (3-7 жас аралығы).

Мектепке дейінгі кезең. Бұл кезеңде балалардың сөйлеу тілі сапалық жағынан артады. Бала барлық сөз таптарын пайдалана алады. Өз бетімен жаңа сөздер жасауға тырысады.



4. Мектеп жасы (7-17 жас аралығы).

Бұл кезеңде байланысты сөйлеу тілі жетіледі, балалар грамматикалық ережелерді саналы түрде меңгереді, дыбыстық анализ бен синтезді толық игереді, жазба тілі қалыптасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет