Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері


Сөйлеу тілінің бұзылымдары бар балаларды психологиялық – педагогикалық диагностикалау



бет76/96
Дата01.08.2020
өлшемі424,86 Kb.
#76036
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   96
Байланысты:
Арнайы педагогика
Арнайы педагогика
78. Сөйлеу тілінің бұзылымдары бар балаларды психологиялық – педагогикалық диагностикалау.

Диагностика – бұл диагноз қоюдың теориясы мен тәжірибесі.

Біріншісі – диагнозды қою, бұнымен теоретикалық диагностика тығыз байланыста.

Екіншісі – тәжірибелік диагностиканың шұғылданатын диагнозды қою әрекетінің өзі. Диагноздың негізгі мақсаты жекеден жалпылықты, ортақтықты, типтілікті көру, анықтау.

Диагностикалау барысында нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс-тәсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар-бағытын, ілгері не кері қозғалысы анықталады.

Педагогикалық диагностика – педагогикалық мақсатты жетілдіру үшін алынған зерттеу қорытындысының талдауы негізінде жаңа ақпарат алу, білім берудің (оқу, тәрбие) сапасын жақсартуға және оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған процесс.

Психологиялық диагностика – бұл балаларды мектепке дейінгі ұйымда болған уақыт ішінде тереңдетілген психолого-педагогикалық тұрғыдан бақылау, олардың оқыту және тәрбиелеу үрдісі кезінде жеке мүмкіндіктерін анықтау, педагогтарға ұсыныс жасау және ата-аналарға тәрбиелеу, оқыту және дамытуға байланысты сұрақтарды шешуге жәрдем көрсету.
Диагностика әңгімелесу, бақылау, сауалнама алу, баланың шығармашылығын талдау, тестілеу түрінде жүргізіледі.
Диагностикада мынадай көзқарастар тұрғысында қарастырылуы тиіс:


  1. Оқушылардың берілетін тәрбие мен оқыту мақсаттарын, баланың жеке басының даму деңгейі жайлы салыстырылған мәліметтерден (қалыпты деңгейде)

  2. Осы жастағы балалардың дамуындағы жеке айырмашылықтар жайлы мәліметтерден

  3. Алдыңғы жас кезеңдеріндегі дамуы жайлы мәліметтерден

  4. Болашақтағы дамуы жайлы мәліметтерден: дамуы үшін қажет ететін нәрселерді, балалардың ары қарай жақсы дамуына қолайлы жағдайларды анықтау (өзгерістер жағынан)

Қойылатын талаптар:

  1. Диагностика барысында зерттеулердің нәтижелері балаларға зиянын тигізбеуі керек.

  2. Диагностика зерттеу кезінде анықталған басқа факторлардан баланың тағдырын, яғни мектептегі оқуға бейімделуі мен тәрбие мүмкіндігін, ата-аналар мен психолог-педагогтардың пікірінсіз шешілмеуі тиіс.

  3. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектепте қызмет атқаратын психологтар психодиагностикалық жұмыстарды тәрбиешілер мен мұғалімдермен бірге тығыз байланыста болып атқаруы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет