80. Естіп сөйлеуін оңалтудың жоғары технологиялық әдісі – кохлеарлы имплантация
Кохлеарлы имплант – құлағы мүлде естімейтін балаларға арналған ота арқылы қойылатын, естуге мүмкіндік беретін құрылғы. Ота бір мәрте жасалып, имплантат көп жылдар пайдаланылуы мүмкін. Бірақ мұндай балаларға дыбыстарды естуден бөлек, адамдармен қарым-қатынасқа түсу үшін сөйлеу процессоры да қажет.
Сөйлеу процессоры бес жыл сайын жаңыртылып отырады. Бұл құлақтың сыртында тұратын, кохлеарлы имплантатқа жалғанған құрылғы. Сөйлеу процессорын ата-аналар «жасанды құлақ» деп атайды. Құрылғы Қазақстанда бюджет есебінен бес жылға дейін тегін беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |