48. Батыс европа қоғамымен және мемлекеттің дамуында мүмкігдігі шектеулі адамдарға қарым-қатынасы эволюциясының ІIІ-кезеңі (Н.Н.Малофеев бойынша).
Қоғамның мүмкіндігі шектеулі балаларға көзқарастарының дәрежесіне байланысты Н.Н.Малофеев 5 кезеңді бөліп көрсетті:
1-кезең.(Хғ-1198)Шет Батыс Еуропалық өркениетте дамуында ауытқуы бар адамдарға төзімсіздік пен қорқыныш сезімде болды.
2-кезең.(ХІІ-ХVІІғ) мүмкіндігі шектеулі балалардың бір бөлігін оқыту мүмкіндігінің бар екенін дәлелдейді. 1770 жылы Парижде есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балаға, 1784 жылы көру қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп ашылды.
3-кезең.(ХVІІ-ХХғ)сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқытудың мойындалу кезеңі. Дәл осы уақытта көру, есту, ақыл-есі бұзылыстары бар балаларды біріктіріп оқытуға арналған арнайы мектептер ашыла бастады.
4-кезең. ХХғ басынан -70 ж қарай дамуында бұзылыстары бар балалардың барлығын оқыту қажеттілігі туындады.
5-кезең.ХХғ 70ж аяғы-ХХІғ бөлектенуден кіріктіруге ауысу кезеңі. Осы кезеңде антидисикриминадциялық заңдастырылған акттер қарастырады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау өзіне мыналарды қарастыру керек:
-бағытты мемілекеттік әлеуметтік саясат, осы интреграциялаудың саясатқа негізделген қоғам мүшелері мен құрылымының тұрақтылығы;
-практикалық қолдау мен түзету-дамыту шараларына ерте кезеңнен аралсау;
-мүмкінділігі шектеулі балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмектің өмір бойына жалғасуы;
-қоғамда мүмкіндігі шектеулі толеранттылық көзқарастық қалыптасуы
-қоғам мен әлеуметтік ортаның балаға әсері;
-осы процеске баланың белсенді қатынасуы;
-әлеуметтік қатынастардың біркелкі жаңа системасы қоғамның жаңаруын талап етеді.
Әртүрлі елдердің тәжірибесі көрсеткендей, мүмкіндігі шектеулі балалар интеграциялаудың базалық құрылымы-білім алудағы тең құқық. Осының барысында интеграция 2 түрлі формада қалыптасады. Олар: әлеуметтік және педагогикалық.
Әлеуметтік интеграция-бұл интеграцияланатын оқыту ортасының негізінде жалпы әлеуметтік ортаға мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделуі. Әлеуметтік интеграция түрлері, кезеңдері мен формалар аумағы өзінің жүзеге асырылуын тұлғаның 4 әлеуметтік интеграциясынан табады:
1.Отбасылық (отбасынан тыс)
2.Әлеуметтік оқыту
3.Әлеуметтік еңбек
4.Әлеуметтік реинтеграция дәрежесі
Педагогикалық интеграция-жалпы оқу жоспары,заңмен белгіленген жалпы оқу бағдарламасы мен оқу материалдарын игерудің мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыптасуы.
Әлеуметтік – экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде мүмкіндіктері шектелген балаладың жеке даралық ерекшеліктеріне, қазіргі қоғамдағы орнына, олардың мінез-құлық және мінез ерекшеліктеріне мән бермеу бүгінгі қоғам дамуында мүмкін емес. Дегенмен «ерекше» балаларды оқыту мен тәрбиелеу және әлеуметтендіру күрделі мәселе болып қалып отыр. Аталған балалар категориясын қоғамға интеграциялауға дайындаудағы жағымды беталыстардың алдын-алу үшін оларды оқыту, тәрбиелеу және барлық өмірлік әрекеттерін ұйымдастыруда арнаулы (түзетім) білім берудің қазіргі проблемаларын талдаудан шығатын жаңа теориялық ықпал жасауды талап етеді және де бұл мүгедек балаларды әлеуметтік қорғауға қатысты медициналық, педагогикалық, әлеуметтік, әлеуметтік психологиялық және өзге де проблемалар комплексін ескере отырып шешілу қажеттігін туындатады. Л.С.Выготский мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін балаларға кірістіру керек екенін айтқан болатын. Ол баланы арнайы мекемелерде оқыту-оның қалыптасу мен даму аймағының тек өзінің ауытқушылығы аймағында шектеліп қалатынын көрсетті.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамға интеграциялануы, яғни кірігуі қарым-қатынас аясында жүзеге асады:
1.Отбасыішілік ата-ананың әлеуметтік қарым-қатынасы
2.Жақын отбасы аралық байланыс
3.Мектепке дейінгі тұрғылықты білім беру аумағы
4.Орта білім беру қабырғасы
5.Негізгі білім беру кезеңі
6.Зейнеткерлік кезең
Дамуында ауытқуы бар балалардың интеграциясын мектепке дейінгі жастан әлеуметтік интеграциядан бастау керек. Мына шарттар орындау қажет:
-интеграциялау бағдарламада әртүрлі әдістермен оқытылатын балалармен етене қатынасты болуы керек.
-бағдарлама бала жағдайына байланысты қатынастың ашық және жеңіл түрінде құрылуы
-бағдарлама өзіне мектептегі оқыту бағдарламасымен қатар, мектептен тыс іс-әрекеттің қарым-қатынас байланысын қамтуы қажет.
Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балалардың қиындық аумағын әлеуметтік интеграция 3 деңгейге бөледі:
1-деңгей. Микроәлеуметтік деңгей. Отбасыішілік
2-деңгей.Аралық әлеуметтік деңгей. Білім беру жүйесі
3-деңгей.Макроәлеуметтік деңгей. Қоғам.
Достарыңызбен бөлісу: |