Консультация клиенттердің 3 санатына қызмет етеді:
балаларға, даму проблемаларын кешенді зерттеу мен жеке білім беру бағытын анықтауды жүзеге асыра отырып, арнайы, медициналық, психологиялық, түзету-педагогикалық көмек;
ата-аналарға, бала проблемасының мәні бойынша ұсыныстар, сондай-ақ тәрбие мен оқыту мәселелері жөнінде кеңес бере отырып;
педагогтар мен балалар мекемелерінің мамандарына олардың денсаулық мүмкіндіктері шектеулі (бұдан әрі – ДМШ) балалармен істелетін жұмысына әдістемелік көмек пен қолдауды ұйымдастыра отырып.
Соңғы жылдардағы экологиялық, экономикалық және басқа да жағымсыз әлеуметтік факторлар балалардың физикалық, психикалық жағдайларының айтарлықтай өзгеруіне алып келді. Осыған байланысты дамуында, мінез-құлқында және оқу-тәрбиесінде проблемалары бар балаларға көмек көрсететін психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік қызметтің мәні арта түседі.
Балалар мен жасөспірімдерді қолдауды ПМПК тікелей білім беру ұйымдарымен, көбінесе психолог, сынып жетекшісі, директордың орынбасары және тікелей ата-аналармен байланыс арқылы жүзеге асырады
Мекеме қамтамасыз ете алатын талаптармен баланың психофизикалық даму құрылымындағы сәйкессіздікті білдіретін көрсеткіштер бар болса, қорытынды және ата-аналарға ПМПК-ға қайтадан жүгіну туралы ұсыныс ресімделеді.
Бірлескен психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау шараларының кешені жалпы білім беретін мектепте балалардың осы құрамын сақтауға, әлеуметтік тұрғыда бейімделуге, денсаулық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі жасында түзеу көмегін алған балалар мектепте үздік көрсеткіштерге жетеді.
ПМПК мамандары сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерге шығу жүйесін қарастыруда. Мақсаты – баланың үлгермеу себебін анықтауда мұғалімге көмек беру, оқушы проблемасын шешу жөнінде ұсыныстар мен кеңестер беру. Мұғалімдерге көмек ретінде оқушылардың үлгермеушілік проблемаларын зерттеу жөніндегі әртүрлі сауалнамалар құрастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |