43. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру жүйесіне кіріктіру (инклюзивті білім беру).
Инклюзивті білім беру дегеніміз – жынысы, жасы, тегі, діни көзқарасы, дамуында артта қалушылығы немесе тұрмыстық жағдайына қарамастан, барлық балаларды жалпы білім беру үдерісіне толықтай енгізу және әлеуметтік бейімдеу барысында кездесетін кедергілірді жоюға бағытталған мемлекеттік саясат. Демек, бұл үдерістің нәтижесінде білім беру жүйесін толықтай өзгеріске ұшырататын тұжырымдама (концепция) жасалынады. Жалпы білім беретін мектеп мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдап, оқытуға және тәрбиелеуге дайын болуы қажет.
Жалпы білім беру жағдайларында инклюзияны дамыту үдерістерін мақсатқа сай жобалау үшін МШ балалардың инклюзивті білім алуға деген қажеттілігі туралы ақпараттық мәліметтер болуы қажет.
МШ балалардың білім алу құқықтарын іске асыруға және қоғамда сәтті әлеуметтенуіне бағдарланған білім беру жүйесіндегі өзгерістерді жобалаумен байланысты басқарушылық міндеттерді қамтамасыз етеді.
Республиканың білім беру жүйесінде әртүрлі дәрежедегі МШ балаларға толыққанды білім беру бағытында қажетті өзгерістерді жоспарлауға, МШ балалардың білім беру ортасында әлеуметтік бейімделуі мақсатында қамсыздандыруды бағалауға, отбасының білім беру қызметтеріне және білім беру шарттарына деген қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Егер таяу арада жалпы білім беру мектептеріне баратын мүмкіндіктері шектеулі балалардың және олардың ата-аналарының білім алу қажеттіліктерінің қандай екендігі және мұндай қажеттіліктерді қаншалықты қанағаттандыруға бағытталғаны анықталса, онда мүмкіндіктері шектеулі балаларды қоғамға ықпалдастыру үдерісі табысты болар еді.
Денсаулығында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды (мүгедектерді) қоғамға ықпалдастыру үдерістерін зерттеу, әлеуметтік ғылым міндеттері құрылымында аса маңызды міндеттер қатарына жатады. Бұл үдерістің өзектілігі мен мәнділігі, ықпалдаудың әлеуметтік дамуда алатын орнымен қатар, мүгедектердің әлеуметтік жағдаяты ерекшелігімен де анықталады.
Мүгедектердің шығу тегі, әлеуметтік жағдайы, физикалық немесе зияткерлік ресурстарына қарамастан, барлық құқықтарының теңдігі қоғамның, адамдар арасындағы, қауымдастықтар ішіндегі және қауымдастықтар арасындағы қарым-қатынастар мен өзара әрекеттерді заманауи ұйымдастырудың базистік принципі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |