Арнайы психология және арнайы педагогиканың қолданбалы мәселелері



бет1/5
Дата04.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#108937
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Арнайы психология және арнайы педагогиканың қолданбалы мәселелері5

Арнайы психология және арнайы педагогиканың қолданбалы мәселелері

Шатанова Ажар

Шет тілі: екі шет тілі 2 курс


Психологтар мен педагогтардың жұмыстарының өзара байланыстылығына айқын мысал – ол психикалық дамуы тежелген балаларды түзете-дамыта оқытудың жүйесін құру. Мұндай өзара байланысты жұмыс, жалпы білім беретін мектептерде оқитын үлгермеуші оқушыларды клиникалық және психологиялық зерттеулердің нәтижелерінен ғана емес, педагогтардың, психологтардың және дәрігерлердің жұмысының бір-бірімен үнемі байланысынан туындады.

Нәтижесінде психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту жүйесі, осы балалар категориясына арналған арнайы түзету сыныптары мен түзету мектептерінің ашылуына аз уақыт болғанына қарамастан, толық қалыптасқан болып саналады. Бұл, ең алдымен, осы категориядағы балаларға арналған мекемелер жұмысының нәтижесін, тиімділігін көрсетеді. Түзету мектептерінің тәжірибесі, психикалық дамуы тежелген балалардың 40—50 % бастауыш буынды аяқтағаннан кейін, жалпы білім беретін мектепте оқуға мүмкіндік алған. Демек, ерте кезден басталған түзету жұмыстары, яғни психикалық дамудың тежелуін ерте коррекциялау — 2-3 жыл арнайы балабақшада оқытып-тәрбиелеу, одан жоғары нәтиже береді: балабақша тәрбиеленушілерінің 80 % бірден жалпы білім беретін мектептерге бара алады. Мұндай балаларды психологиялық зерттеу, олардың мектепте оқуға дайындығының деңгейі, қалыпты дамып келе жатқан балалардың даму деңгейіне жақын екендігін көрсетеді.

Г. М. Дульнев, Б. И. Пинский т.б. психологиялық зерттеулері, ақыл-ойы кем балаларды еңбекке үйрету жүйесін жетілдіруге негіз болды. Бұл балалардың нұсқауларды түсінуі, сызулар мен бұйымдардың үлгілерін қабылдауы, еңбек дағдыларының қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу, оларды еңбекке даярлау жұмысының әдістемелерін, кәсіптік бейімдеу жұмысының әдістемелерін жетілдіруге, тиімді тәсілдерді даярлауға, оқыту-тәрбиелеу жұмысының бағытын анықтауға мүмкіндік берді.

Г. М. Дульнев

Б. И. Пинский

Бұл зерттеулер, еңбекке үйретудің психологиялық тұрғыдан негізделген әдістемелерінің, оқушыларды тек болашақ өмірге дайындап қана қоймай, жалпы психикалық дамуға ықпал ететінін көрсетеді: кеңістікті бағдарлау, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамытады, ойлау операцияларын дамытады.

Психологиялық зерттеулердің келесі бір бағыты, оқыту мазмұнының, әдістерінің тиімділігін психологиялық тұрғыдан бағалау. Өкінішке орай, мұндай зерттеулер өте аз. Әдетте, оқытудағы жаңа әдістемелердің авторлары, өз әдістемелерімен

эксперимент жасайды, оқытудың тікелей нәтижесімен қанағаттанады, яғни материалдың меңгерілуін ғана көрсетеді,

бірақ бұл көрсеткіш жеткіліксіз болып саналады. Оқытудың

нәтижелілігі, оның балаға бағдарлама материалын меңгертетіндігімен ғана емес, баланы жалпы дамыта алатындығында болуы тиіс.

Мұндай дамытушылық ықпалды, диагностикалық әдістемелердің көмегімен анықтауға болады.

Арнайы психология, сонымен қатар, кемшіліктердің орнын толтыру (компенсация) мәселесімен айналысады. Оның ішінде, алғашқы және туынды кемістіктердің пайда болу уақытына көңіл аударылады

Оларға жататындар: жеке психикалық қызметтердің кемістіктері, жоғары психикалық қызметтердің қалыптаспауы, жеке тұлғалық дамудағы ауытқулар. Мұндай кемістіктерді арнайы психология ғылымынан және психокоррекциялық әдістемелерден толық хабары бар, психолог мамандар түзете алады. Қазіргі кезде арнайы мекемелердің барлығында, психологиялық қызмет жүйесі кеңейтіліп келеді, онда практика психологтар қызмет атқарады».

Арнайы психологияның маңызды міндеттерінің бірі ретінде, арнайы мекемелерде және интеграцияланған жүйеде оқитын балалардың, психикалық дамуының динамикасын зерттеуді,

сондай-ақ, олардың әртүрлі жағдайларға бейімделу ерекшеліктерін зерттеуді атауға болады. Бейімделу мәселесі психикалық және физикалық кемістігі бар, ересек адамдарға қатысты болып саналады. Арнайы білім мен кәсіби даярлық алғаннан кейін, көп жағдайда, олар әлеуметтік бейімделу мен қоғамға интеграциялану қиындықтарына кезігеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет