Вакцинация кезінде техникалық қателіктерді болдырмау:
вакциналық препараттардың сақтау мерзімі мен тасымалдауын қадағалау;
иммунизация шараларын мамандандырылған маман жасауы керек
Екпеге балаларды дұрыс таңдау.
Екпеге балаларды дұрыс таңдау.
Жедел және созылмалы аурулардың болмауын қадағалау.
Вакцинация алдында қарау және термометрия.
Бұрын алған екпелері болған жағдайда сол екпелердің қалай өткенін сұрастыру;
Иммунизация өтуіне пациенттің не болмаса ата-анасының рұқсаты;
3.Осы иммунизация туралы ата-анасымен түсіндіру жұмысын жүргізу;
4. медикаментозды профилактика
Анафилактикалық шок
Анафилактикалық талу – бұл адам организміне түскен аллергенге сирек және өте қауіпті реакция. Бұл жай-күй бірнеше минут немесе сағат ішінде аса тез дамиды, сондай-ақ ауыр зардаптарға, ішкі ағзалардағы қайтымсыз өзгерістер мен леталдық нәтижеге жетелеуге қабілетті. Талу жай-күйі мына жағдайларда туындайды: - дәрілік препараттарды пероралды, бұлшық етке немесе көктамырға енгізгенде; - балаға профилактикалық екпе егуден кейін; - антибактериалды препаратқа сынамаға реакция ретінде; - жәндіктер шаққанда; - өте сирек азық-түлікке аллергия ретінде. Анафилактикаық талу көбіне аллергиядан жапа шегетін немесе оған генетикалық бейімділігі бар балаларда жиі дамиды. Бұл патологиялық жай-күйдің белгілері талу шақырған аллергеннің түріне байланысты ерекшеленуі мүмкін. Анафилактикалық талу білінісінің бірнеше формалары болады: 1. Асфиктикалық форма жедел тыныс тапшылығының (ЖТТ) білінуімен сипатталады (бронх спазмы, көмей ісінуі). 2. Гемодинамикалық формада жүректік-қан тамырлық жүйе (ЖҚТЖ) зақымданады. 3. Церебралдық форма нерв жүйесі тарапынан реакциямен байқалады. 4. Абдоминалдық нұсқа іштегі жедел ауырумен білінеді.
Шұғыл көмек
Анафилактикалық талуда не істеу керегін әрбір адам білуі қажет. Әсіресе бұл аллергиясы бар балалардың ата-анасына қатысты. Егер үйдегі кіші дәріханада қажетті препараттар болмаған кезде ең алдымен “жедел жәрдем” шақырған жөн. Одан соң баланы аяғы жоғары, ал басы бүйірге бұрылған күйде жатқызады. Керек кезде реанимациялық шаралар атқарылады.
Емі:
- алғашқы симптомдарында аллергенді енгізу тоқтатылады немесе укол немесе шағу орыннан жоғары бұрама салынады; - балаға адреналиннің 0,1% - 0,5 мл ерітіндісінің инъекциясы жасалып, дененің бұл жеріне суық қойылады; - бұлшық етке немесе венаішіне гидрокортизон немесе преднизолон енгізіледі; - қанға гистаминге қарсы препараттардың (супрастин) түсуі қамтамасыз етіледі; - балаға таза ауаның келуіне жағдай жасайды, ал егер сырқат тұншықса – жасанды тыныс алу (ЖТА) шаралары жасалады; - баланың жай-күйінің жақсаруына қарамастан тамыр соғысы мен артериалды қысымы бақыланады. Анафилактикалық талу ұстамасынан және алғашқы көмек көрсеткеннен соң емді стационар жағдайында 12-14 тәулік бойына жалғастыру керек.