Осы жағдайларда вакцинациялау белсенділігі жойылған полиомиелитті вакцинамен (бұдан әрі - БПВ) жүргізілуі мүмкін. 3) БПВ-ге: вакциналарды өндіруде пайдаланылатын неомицинге немесе стрептомицинге шұғыл аллергиялық реакциялар. 4) жасушасыз көкжөтел компонентімен көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге қарсы адсорбцияланған вакцинаға (бұдан әрі - АбКДС) және құрамында АбКДС бар (бұдан әрі – құрамында АбКДС- вакцина бар) құрамдастырылған вакциналарға: біртіндеп ұлғаятын орталық жүйке жүйесі аурулары: бақыланбайтын ұстама (эпилепсия), вакцинациялаудан кейін жеті күн ішінде пайда болатын біртіндеп ұлғаятын энцефалопатия, сондай-ақ сыртартқыдағы афебрильді тырысулар; вакцина өндіруде қолданылатын вакцина ингредиентіне расталған жүйелі реакция (глютаральдегид, неомицин, стрептомицин, полимиксин В); 5) құрамында сіреспе анатоксині бар вакцинаға (АДС-М, АС): құрамында сіреспе анатоксині бар вакцинаны бұрын салғаннан кейін алты апта ішінде пайда болатын Гийен-Барре синдромы. 6) құрамында аттенуирленген тірі вирустар бар вакциналарға: тауық жұмыртқасының ақуызына анафилактикалық реакциялар (егер вакцина вирустары тауық эмбриондарында өсірілетін болса), вакцина өндіруде қолданылатын аминогликозидтер, неомицин және басқа да антибиотиктер. 7) тұмауға қарсы тауық эмбриондарынан алынған вакцинаға: тауық жұмыртқасының ақуызына аллергиялық реакциялар, штаммдарды өсіруге арналған орта компоненттері (ақуыздар, антибиотиктер және басқа да заттар). 8) вирусты В гепатитіне (бұдан әрі - ВВГ) және құрамында рекомбинантты жекелеген иммуногендер бар басқа да рекомбинантты немесе кешенді вакциналарға қарсы вакцинаға: ашытқы тәрізді саңырауқұлақ компоненттеріне, бактерияларға немесе вакциналар өндіруде қолданылатын басқа да жасушаларға тез болатын аллергиялық реакциялар.