Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет108/133
Дата25.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#71005
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   133
Байланысты:
Қазақ тілінің синтаксисі
Қазақ тілінің синтаксисі, Төлетай Ә
 Жай  сөйлемдерді  бір-бірімен  құрмаластыру  функциясында  қолданылатын 
жалғаулықтар негізгі мағыналық ерекшеліктеріне қарай мезгілдес мəнді жалғаулықтар, 
қарсылық мəнді жалғаулықтар, себеп мəнді жалғаулықтар, талғау мəнді жалғаулықтар, 
кезектес  мəнді  жалғаулықтар  болып  бес  түрге  бөлінеді  де,  осы  жалғаулықтардың  қай 
түрінің  қатынасы  арқылы  жасалып  тұрғанына  қарай  сөйлемде  сол  жалғаулық  атымен 
мезгілдес  мəнді  салалас  сөйлем,  қарсылық  мəнді  салалас  сөйлем  дегендер  тəріздес 
аттармен  аталып  топталады.  Бірақ  аталған  топтардағы  жалғаулықтардың  мағыналық 
жағынан  белгілі  бір  төркіндестіктері  болғандармен,  қолданылу  орнына,  контекске 
қарай  олардың  əрқайсысының  басқалар  ауыстыра  алмайтын  өзіндік  дербестіктері  де 
мол  кездесіп  отырады.  Əр  жалғаулықтың  өзіндік  ондай  сипаттарын  айқындау  үшін 
олардың əрқайсысын жеке-жеке талдаған жөн.  
Мезгілдес  салалас  сөйлем.  Мезгілдес  салалас  сөйлем  компоненттері  бір  мезгіл 
ішінде я бірінен кейін бірі іле-шала болған немесе болатын іс-əрекет, жай-күйлерді де, 
мезгілдік қатынасы жоқ, бірақ мағыналық жағынан өзара ыңғайлас болып келетін  жай-
күйлерді де білдіреді.  
Мезгілдес салалас сөйлем құрамына енетін жай сөйлемдер бір-бірімен да-де жəне 
əрі  жалғаулықтары  аркылы  құрмаласады.  Бұл  жалғаулықтардың  ортақ  қасиеттерімен 
қатар  əрқайсысының  өзіндік  ерекшеліктері  де  бар.  Жай  сөйлемдерді  бір-бірімен 
құрмаластыруда өте жиі қолданылатын да-де, та-те жалғаулықтары. Үндестік заңының 
əсерімен түрленіп айтылатыны болмаса, бұл да деген бір ғана жалғаулық.  
Бұл  жалғаулық  салалас  құрмалас  сөйлем  жасауда  əр  компонент  ішінде 
қайталанып та, қайталанбай екі жай сөйлем арасында да қолданылады.  
Да  жалғаулығы  арқылы  құрмаласқан  компоненттердің  бір-бірімен  мезгілдік 
қатынасы əр түрлі. Мысалы: Топырақты сол арада біреу сатып алды да, ақшасын Əсти 
қалтасына  салды.  Құнанбай  Ұлжан  қасына  отырды  да,  Мəкіш  пен  Абайдың  жүзіне 
қарады.  
Бұл  келтірген  мысалдагы  сөйлемдердің  барлығында  да  əуелі  алдыңғы 
сөйлемдердегі  іс-əрекеттер  болған  да,  содан  кейін  оған  іле-шала  соңғы  сөйлемдердегі 
іс-əрекеттер  болып  отырған,  яғни  мезгілдік  жағынан  бірінен  кейін  бірі  іркес-тіркес 
болған.   
Да  жалғаулығы  қайталамай  екі  компонент  арасында  келген  жағдайда  жай 
сөйлемдер  бір-ірімен  екі  түрлі  мезгілді  қатынаста  айтылады:  а)  алдыңғы  копонент 


 
 
бұрын болған іс-əрекет, жай-күйді, соңғы компонент одан сəл кейін, бірақ соған тіркес 
болған  іс-əрекет,  жай-күйді  білдіреді;  ə)  екі  компоненттің  екеуі  де  бір  мезгіл  ішінде 
қатар болған я болып жатқан іс-əрекет, жай-күйді, көріністі баяндайды.   
Да  жалғаулығының  қайталанып  айтылуы  арқылы  жасалатын  салалас  сөйлемнің 
жоғарыда  айтылған  салалас  сөйлемнен  компоненттерінің  бір-бірімен  мезгілдік 
қатынасы жағынан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Мұнда да бір уақыттың ішінде болған 
я  болып  жатқан  мезгілдес  іс-əрекет,  жай-күйлер,  көріністер  баяндалады.  Бірақ  соған 
қоса бұларда іс-əрекет үдей, өсе, күшейе түскен мəнде беріледі.  
Қайталанып қолданылған да жалғаулығы екі компонентті құрмаластыру қызметін 
атқарумен  бірге  тіркесіп  айтылган  сөзінің  мəнін  арттыру,  оған  ой  екпінін  түсіре, 
күшейте,  өзгеден  ерекше  бөле  айту  үшін  де  қолданылады.  Мысалы:  Дəл  шындықтан 
шет жақтан елдің əңгімеге құмарлығы да көп, шала ұғарлығы да көп.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет