Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


білдіру  үшін  кемінде  толық  мағыналы  екі  сөздің  сабақтаса  байланысқан  тобын



Pdf көрінісі
бет2/133
Дата25.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#71005
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   133
Байланысты:
Қазақ тілінің синтаксисі
Қазақ тілінің синтаксисі, Төлетай Ә
білдіру  үшін  кемінде  толық  мағыналы  екі  сөздің  сабақтаса  байланысқан  тобын 
сөз тіркесі дейміз. 
Сөздер синтаксистік топ құрап сөз тіркесі болғанда, олардың құрамына əр алуан сөздер 
енеді.  Ол  сөздер  түрлі-түрлі  морфологиялық  тұлғаларда  айтылады.  Сөздердің  ол 
тұлғалары,  лексика-грамматикалық  мағыналары  тіркескен  сөздердің  қарым-
қатынасына үйлесімді айтылады. 
Кез-келген  сөзді  бірімен-бірін  тіркестіре  салуға  болмайды.  Өзара  мағыналық 
байланыста айтыла алатын сөздер ғана синтаксистік байланыста, белгілі сөз тіркесінің 
құрамында айтылады. Мысалы, үркек сөзі жанды заттың сынын білдіреді. Онда да оны 
үркек ат, үркек бие, үркек тайлақ дегендей сөз тіркесінің құрамында айтуға болады, ал 
үркек ешкі, үркек бала, үркек тауық деу ерсі болады. Сол сияқты, жуас сөзін ат, түйе, 
бала сөздерімен тіркестіруге болады, ал оны тауық, ағаш сияқты сөздермен тіркестіруге 
болмайды.  Болмайтын  себебі – бұлар  өзара  мағыналық  байланыста  айтылмайды, 
сондықтан олар тіркесу қабілеті жоқ сөздер деп есептеледі. 
Көркем  əдебиетте  бір  затқа  тəн  қасиетті  басқа  затқа    телу  арқылы  сөз  кестелерін  
əшекейлеуге болады. Ондайда əдеттегіден өзгеше ойнақы тіркестер жасалады. Мысалы, 
Асау терек долданып, буырқанып…. дегенде, Абай асау сөзін Терек сөзімен тіркестіріп 
айту  арқылы  ол  өзеннің  көркем  бейнесін  көз  алдыңа  елестете  қояды.  Сондай-ақ  асау 


 
 
сөзі  əдетте,  асау  ат,  асау  тай,  асау  бие  сияқты  құрамда  кездесетін  болса,  көркем 
əдебиетте асау жел (Иса), асау қиял (Жамбыл), асау жүрек (Абай), тəтті қылықтарын, 
есалаң тілек тəрізді тіркестер де кездеседі. Мұндайды метафоралық тіркес дейміз. Сөз 
тіркесінің  құрамы  көбінесе  еркін  болады.  Мысалы,  жақсы,  ақылды,  биік  сөзін  толып 
жатқан  зат  есімдермен  тіркестіре  беруге  болады;  жақсы  кісі,  жақсы  бала,  жақсы 
жайлау,  жақсы  ырым,  жақсы  ниет,  биік  тау,  биік  ағаш.  Осындай  құрамын  өзгертіп 
айтуға болатын тіркесті еркін тіркес дейміз. 
Өзара  тіркескен  сөздің  бірі  екіншісін  өзіне  бағындырып  тұрады.  Сондықтан  сөз 
тіркестері сабақтаса байланысқан екі сыңардан құралады; бірі – сөз тіркесінің ұйытқы 
бөлегі,  сөз  тіркесінің  грамматикалық  діңгегі-  оның  басыңқы  сыңары,  екіншісі – оны4 
бағыныңқы сыңары. 
Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің морфологиялық құрылысы əртүрлі болады; 
бағыныңқы  сөз  басыңқы  сөздің  кейде  мағынасына  үйлесе  тұлғаланады,  кейде 
грамматикалық формасына сай тұлғаланады. Мысалы; кітап оқып, хат жаздық деген екі 
сөз  тіркесінің  бағыныңқы  сөздері  (кітап,  хат)  жалғаусыз  табыс  септігінде  айтылған. 
Солай  болуға  басыңқы  сөздің  қосымшалары – (оқып), -дық  (жаздық)  себепкер  болып 
тұрған жоқ, оқы, жаз етістіктерінің сабақтастық мағынасы себепкер болып тұр. Сондай-
ақ кітапханадан шықтым, трамвайға міндік деген сөз тіркестеріндегі бағыныңқы сөздер 
шығыс, барыс жалғауларында айтылған. Сол жал»ауларды керек етіп тұрған – басыңқы 
сөздердің  қосымшалары  –тым, -дік  (міндік)  емес,  шық,  мін  етістіктерінің  лексикалық 
мағыналары.  Сонымен  қатар  жоғарғы  етістіктердің  түрлі  тұлғада  айтылуына 
бағыныңқы  сөздердің    ешқандай  əсері  жоқ.  Сондықтан  кітап  оқы,  кітап  оқып,  кітап 
оқыған,  кітап  оқыдық  дегендей  басыңқы  сөздерді  түрлендіргенмен,  олардың 
бағыныңқылары  бұрынғы  қалпын  өзгерпейді.  Солар  сияқты;  алтын  білезік,  алтын 
білезіктің,  алтын  білезікке  деп  есім  сөз  тіркесінің  де  басыңқы  сыңарын  түрлендіріп 
айтуға  болады,  бірақ  оған  қарап  бағыныңқы  сөз  (алтын)  орыс  тіліндегідей  (золотой 
браслет, золотого браслета) грамматикалық тұлғасын өзгертпейді. 
Сөйлем ішінде сөз тіркестері екі түрлі ыңғайла құралады;  
1) 
Сөз  тіркестері  тізбектеліп,  ондағы  сөздер  біріне-бірі  сатылана 
байланысады.  Мысалы;  Жолаушы  үлкен  ағаштың  көлеңкесінде  жатыр  екен  дегенде, 
үлкен  өзі  ағаш  сөзіне  бағынып,  бір  тіркес,  ағаштың  сөзі  көлеңкесі  дегенмен 
байланысып,  екінші  тіркес  жасаған,  ал  көлеңкесінде  сөзі  жатыр  екен  етістігімен 
тіркескен. Олардың сол сатылана байланысу жігі былай болады;  
     Үлкен  ағаш ---- 
                  ___тың көлеңкесі___ 
                                                ____нде жатыр екен. 
2) 
Кейде сөз тіркесінің құрамындағы бірнеше бағыныңқылар бір басыңқыға 
ортақтасып тұрады. Мысалы; Кеше театрға апаммен бардық деген сөйлемде мынандай 
сөз тіркестері бар. 
            кеше 
            театрға                  бардық 
            апаммен    
Сөз  тіркестерін  құрауда  зат  есім  мен  етістіктердің  қызметі  ерекше.  Олар  көбіне 
сөз  тіркестерінің  басыңқы  сыңары  болады  да,  сапалық  есімдер  (сын  есім,  сан  есім, 
есімше, сілтеу есімдіктері) мен үстеулер, еліктеуіш сөздер мен көсемшелер көбінесе сөз 
тіркестерінің    бағыныңқы  сыңары  қызметінде  жұмсалады.  Сөз  тіркестерінің 
бағыныңқы  сыңары  қара  сөзден  құралған  сөйлемдерде  басыңқыдан  бұрын  тұрады, 
өлеңді сөйлемдерде керісінше орналасуы мүмкін. 
Сөз тіркестерін дұрыс талдай білу үшін, олардан басқа тіркестердің түр-тұрпаты 
қалай болатынын жақсы білу керек. 


 
 
Өзара  байланыста  тұрып,  тобымен  сөз  тіркесінің  құрамына  енетін  тіркестер 
түйдекті тіркес болады. 
Түйдекті  тіркестер    құрамындағы  сөздердің  бəрінің  не  біреуінің  лексика-
семаниткалық  дербес  мағынасы  болмайды.  Олардың  тіркесуінен  қосымша 
грамматикалық  мағына  пайда  болмайды.  Мысалы,  көз  тігеді,  жаңа  бастады,  шапқан 
сайын деген тіркестер екі-екі сөзден құралған. Олардың құрамындағы жеке сөздердің, 
бөлек  алғандла,  белгілі  мағыналары  бар,  бірақ  олардың  тобын  жазып,  əр  сөзді 
сөйлемнің жеке мүшесі деп қарауға болмайды. 
Ерлік жолдасының нұрлы жүзіне күлімсіреп көз тігеді. Пештегі отын лаулап жана 
бастады. Қаракер шапқан сайын үдейді.  
Бұл  сөйлемдердегі  көз  тігеді–идиомалы  тіркес,  баяндауыш,  ол  күлімсіреп 
дегенмен бір сөз тіркесінің құрамында айтылып тұр; жана бастады – күрделі етістікті 
тіркес, баяндауыш, онымен лаулап деген сөз тіркескен, шапқан сайын – күрделі есімді 
тіркес, ол үдейді етістігімен тіркесіп пысықтауыштық қатынаста айтылған. 
Осылардай  лексика-грамматикалық  топ  болып,  сөз  тіркесінің  бір  сыңары 
қызметінде жұмсалатын тіркесті түйдекті тіркес дейміз. 
 Тұрақты тіркестер тобы. Қазақ тілінде басқа тілдердегідей, бірқатар сөздер тобы 
тұрақталған  тіркес  қалпында  жұмсалады.  Мысалы,  Төбеден  түскен  түнек  жаудың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет