Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері. Сөз тіркестерінің басыңқы
сыңарлары есімді, етістікті бағыныңқы сөздердің байланысу формасына, тұлғасына
қарап бірнеше топқа бөлінеді. Соның бірі – меңгеріле байланысқан есімді сөз
тіркестері. Меңгеріле байланысатын сөз тіркестерінің ерекшелігін олардың құралу
тұлғасынан қарап айырамыз. Олар барыс, шығыс, табыс жатыс, көмектес
жалғауларының бірінде болады да, басыңқы сөз сол жалғаудағы сөзді керек ететін
етістік не есім болады. Осыдан меңгеріле байланысқан сөз тіркестері жасалады.
Меңгеруші сөз жетектеуші де, меңгерілуші оның жетегіне еруші сөз болады. Септік
жалғаулары сөзбен сөзді байланыстырумен қатар, түрлі-түрлі синтаксистік қатынасты
білдіреді. Мысалы, барыс септігіндегі сөз беталысты, бағытты, мақсатты, мезгілді т.б.
білдіреді. Сондай мағыналық қатынастар тек жалғау жалғанған сөздердің əртүрлі
болуынан ғана тумайды, тұтас сөз тіркестерінің қарым-қатынасынан туады. Жоғарыда
аталған септік жалғауларын меңгеріп, түрлі-түрлі мағыналық қатынастағы сөз тіркесін
құрайтын сөздер, негізінде етістіктер болады. Солай болатындықтан меңгеріле
байланысқан есімді сөз тіркестері сирек қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |