Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет16/133
Дата25.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#71005
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   133
Байланысты:
Қазақ тілінің синтаксисі
Қазақ тілінің синтаксисі, Төлетай Ә
 
Етістікті сөз тіркесі 
Жоспары 
                     1. Етістікті сөз тіркесі туралы түсінік  
                     2. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері  
                     3. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері 
                     4. Қорытынды 
Тірек  сөздер:  Етістікті  сөз  тіркесі  туралы  түсінік,  қабыса  байланысқан  етістікті  сөз 
тіркестері, меңгеріле етістікті сөз тіркестері, үстеулі сөз тіркесі, еліктеуішті сөз тіркесі, 
көсемшелі сөз тіркесі, сын есімді сөз тіркестері.  


 
 
Етістікті сөз тіркесінің грамматикалық діңгегі етістік болады да, соның негізінде 
басқа сөздер етістіктің маңына топтанады. Сөз таптарының қайсысымен салыстырсақ-
та,  етістіктердің  сөз  тіркесін  құрау  қабілетінің  молдығын  байқаймыз.  Етістіктер  мен 
есімдердің барлық түрлері, сондай-ақ үстеулер, көсемшелер, шылаулы есімдер тіркесе 
алады.  Алайда  бұл  сөздердің  етістіктермен  тіркесу  дəрежесі , тіркесу  тəсілдері  мен 
формалары,  сол  сияқты    мағыналық  қатынастары  да  əртүрлі  болып  отырады.  Толып 
жатқан есім сөздер етістіктермен ешбір қосымшасыз тіркеседі. Бұл ретте етістіктер мен 
есімдердің өзара байланыс түрі қабысу болады. Етістікті сөз тіркестерінің енді бір тобы 
есімдердің  барыс,  жатыс,  шығыс,  көмектес,  табыс  жалғаулары  арқылы  салт  жəне 
сабақты етістіктермен меңгеріле байланысады. 
Қазақ  тіліндегі  етістіктердің  басқа  сөздермен  байланысуының  осы  ерекшелігіне 
қарай  етістікті  сөз  тіркестері; 1) қабыса  байланысқан  етістікті  сөз  тіркестері. 2) 
меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері дейтін екі топқа бөлінеді. 
Етістікті  сөз  тіркестері  демеулер  мен  көмекші  есімдердің  қатысуы  арқылы  да 
құралады.  Бұларды  меңгеріле  байланысқан  етістікті  сөз  тіркестерінің  құрамында 
қараймыз. 
Сөз тіркестерінің бұл көрсетілген топтары бұдан əрі де бірнешеге таралып кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет