Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин- ағартушы ғалым.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік- оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, өнегелі өмірімен таныстыру.
Тәрбиелік- балаларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық- Ұлы ағартушы жайында оқыған, білгендері арқылы ойларын қорытындылауға талпындыру, танымдық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: интертақта, Алтынсарин портреті, кестелер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Зымыран сұрақтары. «Автор орындығы»
Қай жылы дүниеге келді
Шын есімі
Шоқанның анасы (Зейнеп)
Шоқанның нағашысы кім? (ағасы Мұса, атасы Шорман)
Шоқанның әжесі (Айғаным)
Бауырлары (Сақыпкерей, Мақы, Махмұт)
Арғы атасы кім? (Абылай)
Кадет корпусында оқыған жылдары
Кадет корпусында бірге оқыған досы (Потанин)
Қазақстанның орталық шығыс бөлігін Жетісу, Тарбағатай өлкесін аралауы (1854)
Қырғыз еліне, Жоңғарияға, Құлжарға саяхат жасауы (1856)
Қашқарияғасаяхат (1858- 59)
Петербургте болады (1859)
Омбы қаласында «Сот реформасы туралы жазбалары» еңбектерін жазды (1863)
14. Черняев экспедициясы (1864) Бекіту. «Егер Шоқан қазақ арасында оқушы қауым тапса өз халқының данасы, өз елінің әдеби көркеюіне сөзсіз бастаушы болар еді» Потанин сөзімен аяқтаймын.
Оның арманы Европа мәдениетін өз халқының тілегіне қабыстырып, өз елін сақтап қалу болды.
Жаңа сабақ.
Ы. Алтынсарин- ағартушы ғалым.
Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақ тақырыбын ашамын.
Балғожа сөзі:
Үміт еткен көзімнің нұры- балам
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен- аман
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
(Балғожа туралы бірер сөз)
Өмірбаяны.
1850- 1857
|
Орынбордағы қазақ- орыс мектебінде оқып, 1857 тжылы бітіріп шығады. Мектептен кейін екі жыл өз елінде тілмаш болып қызмет етеді
|
1859ж.
|
Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасады.
|
1860ж.
|
Мектеп ашу мақсатымен Торғайға келеді.
|
1864ж. 8 қаңтар
|
Торғайда алғашқы Ыбырай мектебі ашылды
|
1876ж.
|
Петербург, Қазан қалаларына барады, орыстың ағарту жұмысының жүйесімен танысты. Осы жылы «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын жазуға кірісті.
|
1879ж.
|
Орынборда «Қазақ хрестоматиясы басылып шықты.» торғай облысының мектептерінің инспекторы болды.
|
1879- 1883ж.
|
Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк Ақтөбе) жаңа мектептер ашады.
|
1883ж.
|
Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды.
|
1886ж.
|
Орскіде тұңғыш мұғалімдер мектебін ашты.
|
1887ж.
|
Ырғызда тұңғыш қыздар мектебін ұйымдастырды.
|
1889ж.
|
48 жасында өкпесіне суық тиіп қайтыс болады.
|
Аудармалары
|
Л. Н. Толстой, Ушинский, И. Крылов, И. Б. Паульсон
|
ІІ. Топтастыру.
Ы. Алтынсарин: ғалым, ақын, ағартушы тілмаш, инспектор, аудармашы, педагог, жазушы.
ІІІ. Салыстыру. Венн диаграммасы.
Ыбырай
|
Ортақ ұқсастықтары
|
Шоқан
|
ұстаз
|
халық үшін еңбек етті
|
Ғалым
|
аудармашы
|
ұлтжанды
|
Саяхатшы
|
Оқулық авторы
|
аудармашы
|
Суретші
|
Сабақты орыс мектебі үлгісінде жүргізді
|
Орыс достары болды
|
Барлаушы
|
|
Екеуі де атақты адамдар отбасынан шыққан
|
географ
|
|
Еңбек жазды
|
|
ІV. Ұлылар айтқан сөздер арқылы Ы. Алтынсариннің өмір жолымен, мақсат- мұратымен салыстыру.
Кімде- кім басқалардың бақытын ойлап, өз ғұмырын сарп етсе, оның жаны әсемдікке бөленіп, жұлдызы жанады. (В. А. Сухомлинский)
Адамдық борыш ат үшін,
Барша адамзат қамы үшін.
Серт бергем еңбек етем деп
Алдағы атар таң үшін (Ш. Құдайбергенұлы)
V. «Ой толғаныс» «Бес жолды өлең»
1. Зат есім. Ыбырай.
2. Сын есім. Білімді, қабілетті
3. Етістік. Жазады, оқытады
4. Төрт сөзден сөйлем құрау. Ыбырай- балалар әдебиетінің атасы.
5. Синоним.
VІ. Сонымен Ыбырай қай жылы дүниеге келген?
1850- 1857ж. өмірінде қандай жағдай болды?
1859ж. Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасады.
1860ж. Торғайға келеді.
1864ж. Арман еткен мектебі ашылады.
1879ж. не болды? (инспектор)
1879- 1883ж. Торғай қаласының төрт уезінде жаңа мектептер ашты.
Келешекке сенімі мол Ыбырай өзі орындай алмаған істерді жастар орындайды деп сенді.
Біз надан боп өсірдік,
Иектегі сақалды.
“Өнер – жігіт көркі” деп,
Ескермедік мақалды.
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды!..- деп келесі жастарға зор үміт артқан.
«Елге жасаған еңбек, халықпен бірге жасайды » дей келе, сабақ Ыбырай Жақаевтың пікірімен қорытылады: «Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп, адамдар өмірден кетіп жатады. Бірақ адамзаттың бір ерекшелігі сол- одан із қалады, сөз қалады»
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |