"Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық


Сіреспеге қарсы шұғыл вакцинациялау



бет3/4
Дата08.08.2022
өлшемі52,96 Kb.
#147990
1   2   3   4
Байланысты:
135 на каз языке

Сіреспеге қарсы шұғыл вакцинациялау

р/с №

Иммундық мәртебесі

Құрамында АбКДС бар вакцина, АДС-М

СҚАИ немесе СҚС

Одан әрі вакцинациялау

1

Вакцинацияның толық курсы (3 және одан көп доза).

Соңғы егуден кейін 10 жыл немесе одан көп уақыт өткенде енгізеді (көлемді жарақаттарда, ластанған жарақаттарда, үсіктерде, күйіктерде, жарақаттарда – 5 жыл және одан да көп уақыт)

Ластанған жарақаттарда, үсіктерде, күйіктерде, жарақаттарда соңғы егуден кейін 5 жыл және одан да көп уақыт өткенде енгізеді

№ 2295 қаулысымен бекітілген мерзімдерге сәйкес жоспарлы профилактикалық егулер

2

Ішінара вакцинациялау (3 дозадан кем).

Егер соңғы профилактикалық егуден 1 ай және одан да астам уақыт өткен болса, енгізіледі

Жарақат ластанған жағдайда препараттардың біреуі енгізіледі

Вакцинациялау цикльінде кезекті профилактикалық егу алады және кейіннен аумақтық медициналық ұйымда № 2295 қаулысымен бекітілген мерзімдерге сәйкес вакцинациялаудың курсын аяқтайды (кемінде 3 доза).
Препаратты таңдау егілуші адамның жасына байланысты.

3

Егілмеген немесе егу мәртебесі белгісіз

Жасына байланысты таңдап алынатын сіреспеге қарсы препарат енгізіледі

Препараттардың біреуі енгізіледі

Кейіннен аумақтық медициналық ұйымда № 2295 қаулысымен бекітілген мерзімдерде вакцинациялаудың толық курсы жүргізіледі (кемінде 3 доза)
Препаратты таңдау егілуші адамның жасына байланысты.

4

Медициналық ұйымнан тыс жаңа туған нәрестелер және жарақат алған 2 айдан кем жасындағы балалар

Енгізілмейді

Егер анасы егілмесе, ішінара егілген немесе егілу мәртебесі белгісіз болса, балаға препараттардың біреуі енгізіледі. Анасы вакцинациялаудың толық курсымен егілген болса, препарат енгізілмейді

№2295 қаулысымен бекітілген мерзімдерге сәйкес жоспарлы профилактикалық егу жүргізіледі

5

2 айлық және одан астам жастағы егілмеген балалар

№2295 қаулысымен бекітілген мерзімдерге сәйкес құрамында АКДС бар вакцинаны енгізеді

Препараттардың біреуі енгізіледі

№2295 қаулысымен бекітілген мерзімдерге сәйкес жоспарлы профилактикалық егу жүргізіледі

6

Әйелдер (ауруханадан тыс босанғанда немесе түсікте), егер олар егілмеген немесе егулері туралы деректері болмаған жағдайда

АДС-М енгізеді

Препараттардың біреуі енгізіледі

Екінші вакцинация 1 ай аралығымен, 6 айдан соң АДС-М ревакцинациясы, бұдан әрі №2295 қаулыға сәйкес әрбір 10 жылда – бір рет ревакцинация

7

Әйелдер (ауруханадан тыс босануда немесе түсікте), егер олар бұрын ішінара егілген жағдайда (3 дозадан кем)

Егер соңғы егуден кейін 1 айдан астам уақыт өткен болса, АДС-М енгізеді

Ластанған жағдайда енгізеді

№2295 қаулысына сәйкес әрбір 10 жылда – АДС-М ревакцинациясы

8

Бұрын толық вакцинациялау курсын (3 және одан да көп доза)алған әйелдер (ауруханадан тыс босанғанда немесе түсікте)

Соңғы профилактикалық егуден кейін 10 жыл немесе одан да көп уақыт өткенде АДС-М енгізеді (ластанған жарақаттар кезінде – 5 жыл және одан көп)

Соңғы профилактикалық егуден кейін 10 жыл немесе одан да астам уақыт өткенде енгізеді (ластанған жарақат алу кезінде – 5 жыл және одан астам уақыт)

№2295 қаулысына сәйкес әрбір 10 жылда – АДС-М ревакцинациясы

Ескертпе:
Шұғыл вакцинациялау барынша ерте, бірақ жарақат алғаннан сәттен бастап 20-шы күннен кешіктірмей жүргізіледі.
Сіреспеге қарсы препарат жас ерекшелігіне байланысты таңдап алынады.
Препаратты әрбір енгізу алдында препаратқа қоса берілген нұсқаулықпен мұқият танысу және оны қатаң сақтау керек.
СҚАИ препаратының дозасы мына жағдайларда екі еселенеді:
Жыртылған немесе инфекция жұққан жарақаттар;
СҚАИ кешіктіріп енгізу (жарақаттанудан кейін 24 сағат өткенде);
ортадан едәуір жоғары салмағы бар ересектерде.


"Қарсы профилактикалық
егулер жүргізілетін
инфекциялық аурулармен
ауыратын науқастарға қатысты
санитариялық-эпидемияға қарсы
және санитариялық-
профилактикалық іс-шараларды
ұйымдастыруға және өткізуге
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялы қағидаларына
2-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет