Психологияның дүниеге тұңғыш келген жері - Греция.
«Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады:
біріншісі- «псюхе» (жан)
Екіншісі – “логос”(ілім)
Жан туралы ғылыми түсінік
ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты.
XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын
түйсік, ес, ойлау, қиял т.б. эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады.
Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы
материализм, идеализм екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы.
Ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370)
сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады
Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (б.э.д. 427-347)
керісінше «жан-мәңгі, өлмейді, өшпейді»,- деп тұжырымдады.