Артериялық гипертензияның деңгейлері:
1-деңгей (140-159мм.сын.бағ және 90-99мм.сын.бағ);
2-деңгей (160-179мм.сын.бағ және 100-109 мм.сын.бағ);
3-деңгей (180 мм.сын.бағ және 110мм.сын.бағ).
Қауіп қатер факторларды анықтау - Жынысы(ер адамдарда көбірек кездеседі,әйел адамдарға қарағанда);
- Жасы(55 жастан асқан ерлер,65 жастан асқан әйелдерде);
- Темекі тарту;
- Жалпы холестерин деңгейін анықтау;
- Семіздік;
- Психологиялық факторлар;
- Несеп қышқылын қанда көбеюі;
- Қант диабеті;
- Жас кезіндегі ЖТЖА дамуының отбасылық анамезін жинау;
- Аз қимыл қозғалысы ;
АГ қауіп дəрежесі: - Төменгі қатер тобы (1 қатер). Бұл топқа АГ 1 дəрежесімен басқа қатер факторлары, ағза нысана зақымдалуы жəне жүрек-қантамыр ауруларының қосарлануы жоқ 55 жастан жас ерлер мен əйелдер кіреді.
- Орташа қатер тобы (2 қатер). Бұл топқа 1 немесе 2 дəрежедегі АГ емделушілер кіреді. Бұл топқа кірудің негізгі белгілері болып ағза нысана зақымдалуы жəне жүрек-қантамыр ауруларымен қосарлануы жоқ, 1-2 басқа факторлардың болуы табылады.
- Жоғары қатер тобы (3 қатер). Бұл топқа 3 немесе одан көп басқа қауіп қатер факторлары бар немесе ағза нысандардың зақымдануы бар, 1 немесе 2 дəрежелі АГ емделушілер жатады. Осы топқа 3 дəрежелі АГ науқсатар кіреді, ағза нысаналардың зақымдануынсыз, қосарлы ауруларсыз жəне қантты диабетсіз.
- Өте жоғары қауіптегі топ (4 қатер). Бұл топқа АГ кез келген дəрежесімен емделушілер жатады, қосарланған аурулары бар, сонымен қатар 3 дəрежелі АГ емделушілер, қосарланған аурулар болмаған жағдайда да басқа қауіп қатер факторларымен жəне/немесе ағза нысана жəне/немесе қантты диабетпен науқастар кіреді.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Анамнез деректерін бағалау (АГ жанұялық мінезі, бүйрек аурулары, жақын туыстарда ЖИА ерте дамуы, бұрын болған инсульт, миокард инфарктын көрсету, қантты диабетке, липид алмасу бұзылыстарына тұқымқуалаушылық бейімділік).
2. Өмір салтын бағалау (тамақтану, ас тұзын пайдалану, физикалық белсенділік), жұмыс, жанұя жағдайының мінезі, емделушінің психологиялық ерекшелігі.
3. Тексеру (бойы, дене салмағы, дене салмағының индексі, семіздіктің түрі мен дəрежесі, симптоматикалық гипертония белгілерін анықтау – эндокринді стигм).
4. АҚ бірнеше рет түрлі жағдайда өлшеу.
5. 12 құбылыстағы ЭКГ.
6. Көз түбін тексеру. 7. Популяцияда АГ таралуының жоғары болуына байланысты басқа жағдай себептері бойынша тұрақты тексеру шеңберінде ауру скринингін жүргізу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |