Асқазан мен үлтабардың ойықжара аурулары
1.Жара ауруының дамуына себепші факторларына жатпайды. /агрессивті факторлар/.
-
Тұз қышқылының, пепсиннің және гастриннің бөлінуінің жоғарлауы
-
ваготония, гастродуоденальды дисматорика
-
гиперхолестеринемия
-
кілегей қабықтың зақымдануы
-
тамақтану режимнің бұзылуы
2.Жара ауруының пайда болуына қарсы қорғаныс факторларына жатпайды.
-
гастродуоденальды кілегей қабықтың резистенттілігі /кілегей қабықтың қорғаныс тосқаулы, белсенді регенерация/
-
жеткілікті қанмен қамтамасыз етілу
-
гастродуоденальды қышқылды «тежеу», нервті-эндокринді реттеу
-
шектен тыс нервтік шаршау, темекі тарту, алкоголизм,
-
генетикалық фактор
3.Қарын жарасы ауруының белгілері.
-
тамақ қабылдаумен байланысты қарындағы ауырғандық
-
құсу, жүрек айну, қыжылдау,
-
тәбеттің төмендеуі, дене қызуының жоғарлауы
-
қара түсті нәжіс немесе мелена
-
содофагия
4.Жара ауруын келесі аурулармен ажыратпайды.
-
жедел гастрит
-
жедел панкреатит
-
қарынның қатерлі ісігі, қарын полипозы
-
геморрой
-
жедел холецистит, өт тас ауруы
5. Жара ауруын келесі аурулармен ажыратпайды.
-
миокард инфарктісі,
-
жедел аппендицит,
-
іштің ақ сызығының жарығы
-
оң жақтық бүйрек шаншуы /коликасы/,
-
жатыр қосалқысының қабынуы
6.Асқазан жара ауруының асқынуларын ата.
-
тесілуі
-
жара ойылып басқа мүшеге жабысуы
-
механикалық сарғаю
-
қан кету
-
созылмалы асқазан жарасының қатерлі ісікке айналуы.
7. Асқазан жара ауруының асқынуларына жатпайды
-
қалтқының тарылуы, «құм сағаты» немесе «ұлу» түріндегі қарын деформациясы
-
малигнизация,
-
бауыр циррозы, асцит,
-
қарын-тоқ ішек жыланкөзі
-
жарадан қан кетіп, қансырау
8.Жара ауруының рентгенологиялық белгілері.
-
ойық белгісі /Хаудек ойығы/
-
қыртыстардың конвергенциясы,
-
қарын тонусының жоғарлануы сегменттелуші перистальтика, ашқарында гиперсекторлық сұйықтықтың болуы
-
«толу» белгісі, қарынның шектелген бөлігінде перистальтиканың болмауы
-
«сұқ саусақ» белгісі
9.Жараның тесілу варианттары:
-
бос құрсақ қуысына,
-
іш пердеден тыс шел қабатына тесілу
-
плевра қуысына тесілу,
-
шарбы май қуысына тесілу,
-
көлденең тоқ ішекке тесілу.
10.Диагноз: Қарынның тесілген жарасы. Сіздің тактикаңыз?
-
науқасқа жедел түрде операция жасау,
-
тұрақты аспирация үшін науқасқа қарын зондын қою және көп мөлшерде антибиотиктер тағайындау,
-
іш қуысының мүшелерін рентгенологиялық және қанды (лейкоцитоз) динамикалық зерттеу, науқасты бақылау.
-
консервтивттік ем жүргізу
-
амбулаторлық ем жүргізу
11.Тесілген жара кезіндегі қарынның бірінші реттік резекциясына көрсетпелер, мынадан басқа:
-
науқастың салыстырмалы орташа хал-жағдайы,
-
тесілу ұзақтығы 5-6 сағаттан артық емес
-
қысқа жаралық анамнез, науқастың жасы (20-25) аралықтарда
-
айқын перитониттің болмауы,
-
ІІ-ІІІ сатылардағы қалтқының тарылуы, малигнизацияға күдіктену
12.Тесілген жара кезіндегі жараны тігуге көрсетпелер, мынадан басқа:
-
науқастың жас болуы /20-25 жас/ + жай жара,
-
науқастың егде жаста болуы /60-65 жастан жоғары/,
-
тесілу ұзақтығының 5-6 сағаттан артық болуы, диффузды сірілі – іріңді перитонит
-
анамнезінде – миокард инфарктісі, инсульт болған
-
науқастың жасы (35-55) + каллезды жара, 5-8 жыл, одан да ұзақ жаралық анамнез, перитонит белгілері жоқ.
13.Тарылусыз, тесілген қарынның пилорикалық бөлімінің жарасы кезіндегі жасамайтын операция:
-
қарын қабырғасының екі қатар тігу және үлкен шарбы майымен жабыстыру.
-
Оппель-Поликарпов бойынша үлкен шарбы май мен тесікті тампонада жасап тігу.
-
қарын резекциясы,
-
тесік арқылы гастроэнтероанастомоз,
-
селективті ваготомиямен қоса антрумэктомия
14. ІІ-ІІІ сатыда тарылған ұлтабар буылтығының тесілген жарасы, сірілі перитонит.
-
қарын резекциясы
-
жараны алдын ала қиып алып пилоропластика + ваготомия
-
жараны тігу, ваготомия, гастроэнтероанастомоз
-
жараны үлкен шарбы май пластикасымен тігу, тіккен жерге марлядан тампон өткізу,
-
жараны тігу, абдоминальды диализ үшін жүйе /система/ салу.
15. Қарын резекциясынан кейінгі сіздің нұсқамаңыз
-
1-2 тәулік бойына қарынға тұрақты зонд салу, 2-3 тәулік бойына парентеральды тамақтану
-
оксигенотерапия, қабыну асқынуларының алдын алу мақсатында антибиотиктерді қолдану
-
жүрек дәрілерін, ұйқы безіннің ингибиторларын тағайындау
-
тромбоэмболиялық асқынуларды бейарнамалы дәрілермен алдын алу,
-
мүмкін болатын тромбоэмболиялық асқынуларды арнамалы дәрілермен алдын алу
16. Қарын резекциясы жасалған науқасқа қандай кеңес берер едіңіз?
-
науқас өзін диетамен, режим мен шектемеу керек,
-
4-6 айға диета тағайындайсыз,
-
мүгедек тобын анықтау үшін науқасты ВТЭК-ке жібересіз,
-
науқасты 1 жылдан кейін санаторлық –курорттық ем алуға жібересіз,
-
науқасқа алкоголь қабылдауына, темекі тартуына тиым саласыз,
-
емді жалғастыру үшін науқасты терапиялық бөлімге көшіресіз
17. Қарын мен ұлтабардың қансырағыш жарасының негізгі белгілеріне жатпайды.
-
қан аралас немесе кофе түстес құсық
-
эпигастральды аймақта өте қатты /өткір/ ауырғандықтың пайда болуы+
-
мелена /көмір түсті нәжіс/,
-
жедел анемия /бас айналу, тері жамылғысының бозғылттануы, суық тер, коллапс, тахикардия, әлсіз тамыр соғысы, қан қысымының төмендеуі/,
-
қанда гемоглобиннің, гематокриттің төмендеуі,
18. Қарын мен ұлтабардың қансырағыш жарасының негізгі белгілеріне жатпайды.
-
құрсақ бұлшық етінің керілуі,
-
жаралық анамнез
-
Бергмен белгісі /эпигастральды аймақта ауырсынудың басылуы/
-
денеде қан жоғалту белгілерінің пайда болуы,
-
тік ішекті саусақпен зерттегенде қан араласқан нәжістің анықталуы.
19. Қарынның қансырағыш жарасының диагнозын нақтылау үшін қажетті қосымша тексеру әдістері
-
фиброгастродуоденоскопия, қарыннның рентгеноскопиясы
-
лапароскопия, бронхоскопия,
-
қанның жалпы анализі, гематокритті зерттеу
-
тік ішекті зерттеу
-
жасырын қанға, нәжісті зерттеу.
20. Қарын мен ұлтабардан қан кетудің ажырату диагнозы өткізбейді
-
бауыр циррозында өңештің варикозды кеңіген веналарынан қан кету
-
қан кетумен асқынған қарын рагі
-
ұйқы безінің кистасы
-
геморрогиялық гастрит
-
қарын полипінен қан кету
21. Қарын мен ұлтабардан қан кетудің ажырату диагнозы өткізбейді
-
Меллори –Вейс ауруы
-
тоқ ішектен қан кету
-
бауыр рагі
-
жедел лейкоз
-
өкпе туберкулезі /каверна/
22. Диагноз. Қарынның қансырағыш жарасы, қан жоғалтудың 1-ІІ сатысы. Сіздің тактикаңыз
-
хирургилық бөлімшеде консервативті емдеу, бақылау ғана
-
гемостатиктерді тағайындап, қан кетуді тоқтатудың эндоскопиялық әдістерін қолдану, жоспарлы операция,
-
жедел операция
-
науқасқа поликлиника жағдайында консервативті ем тағайындап, үйіне жіберу,
-
науқасты терапиялық бөлімшеге жатқызып емін тағайындау.
23. Қан кетуді тоқтатудың эндоскопиялық әдістеріне жатпайды.
-
жараны электрокоагуляциялау, лазерлік терапия жасау
-
жараны қабықша түзейтін заттармен /стабизол, лифозол/ толтыру,
-
жараның айналасына тамыр тарылтқыш дәрілерді /норадреналин 1:10/, тромб түзілуін күшейтетін дәрілерді /дицинон, викасол/ енгізу,
-
антикоагулянттарды /гепарин, фибринолизин, тромболитин/ жараның айналасына енгізу,
-
қансырап тұрған тамырды эндоваскулярлы пломбылау /протокрил/.
24. Диагноз: Тоқтатылмаған қан кету, қан кетудің қайта пайда болуы, қайталанған қан кету, коллапс. Сіздің тактикаңыз.
-
науқасты коллапстан шығару жұмыстарын жүргізу,
-
гемостатикалық дәрілерді енгізу және науқасты бақылау,
-
коллапспен күресу жұмыстарын жүргізуді бастау, гемостатикалық дәрілерді енгізу. Науқастың жағдайы жақсарса операцияға алу.
-
бірден қанды тамшылатып құйылудан бастау және науқасты операциялық бөлмеге жеткізу, операцияны бастау, реанимациялық жұмыстарды үзбей жалғастыру.
25. Операция үстінде-ұлтабар буылтығының артқы қабырғасында жаралы инфильтрат, қан кетудің ауыр сатысы. Сіздін тактикаңыз.
-
Б-ІІ қарын резекциясы, ұлтабар шолағын Юдин әдісімен “ұлу”-төрізді тігу,
-
жараны сына тәрізді кесіп, асқазан мен ұлтабарды жалғастыру,
-
ұлтабарды ашып қан ағушы тамырды және жараны тігу,
-
асқазанды қоректендіруші артериалды бағаналарды байлау,
-
ұлтабарды ашып, жараны айналдыра тігесіз, пилоропластика және бағаналық ваготомия.
26 Қалтқының тыртықталып тарылуының ІІ-ІІІ сатыларында кездеспейді
-
біршама дене салмағын жоғалту,
-
қарын перистальтикасының күшеюі, оң мәнді ішектің “шылпыл шуы” белгісі,
-
кенеттен ауырғандық және эпигастральды аймақта іш бұлшық еттерінің керілуі,
-
алдын-ала желінген тағамды құсу,
-
гипокалиемия, гипохлоремия, гипопротейнемия.
27. Диагноз. Қалтқының тыртықтанып тарылуы, ІІ-ІІІ сатылары. Науқасты қандай дәрілермен емдейсіз?
-
атропин, платифиллин, Но-шпа, папаверин,
-
прозерин, церукал, умбретит,
-
қарынды күнделікті кешкісін салқын сумен жуу,
-
венаға электролиттер, қан мен белокты заттарды, витаминдерді жіберу,
-
жеңіл қорытылатын тағамдар.
28. Каллезді асқазан жарасының ракқа айналуының ерте клиникалық белгілері, мынадан басқа:
-
қарын құрамының қышқылдылығының төмендеуі,
-
арықтау,
-
асцит,
-
үйреншікті қарын ауырғандығының өзгеруі,
-
дәм сезудің өзгеруі.
29. Жара ауруындағы қарын-тоқ ішек жыланкөзі болған кезде болмайды.
-
тоқтаусыз іш өту,
-
қан құсу,
-
нәжіс иісі бар кекірік,
-
нәжіс құрамында қорытылмаған тағамның болуы,
-
салмақты тез жоғалту.
30. Бильрот-ІІ қарын резекциясынан кейінгі кезеңде ерте кездесетін асқынулар:
-
әкелуші тұзақ синдромы, Демпинг синдромы,
-
ұлтабар шолағы тігісінің шамасыздығы, гастроэнтероанастомоздан қан кету,
-
анастомоздың пептикалық жарасы, жараның қайталануы,
-
қарыннан тамақ өту жылдамдылығының /эвакуация/ бұзылуы,
-
резекциядан кейінгі дистрофия
31. Ұлтабар жара ауруының асқынуларына жатпайтын көрсетіңіз
-
тесілу,
-
пенетрация,
-
малигнизация,
-
қан кету,
-
қалтқының тарылуы
32. Ұлтабар жара ауруында, операцияға қарсы көрсетпе:
-
ұзақ уақыт еңбекке жарамсыздық және консервативті емнің нәтижесіздігі,
-
жарадан профузды қан кету,
-
қалтықының тарылуы,
-
гастродуоденоскопия кезінде ұлтабар буылтығында көптеген жәй жазық жаралардың болуы,
-
жара пенетрациясы.
33. Қарыннң кіші иінінің жарасы және бауыр циррозы бар науқасқа қандай операция жасайсыз.
-
жараны сына тәрізді кесіп, бағаналық ваготомия,
-
жараны сына тәрізді кесіп, селективті проксимальды ваготомия,
-
антрумэктомия,
-
Гофмейстер-Финстерер бойынша қарынның дистальды резекциясы,
-
пилоропластикамен, бағаналаық ваготомия.
34. Пилородуоденальды тарылуымен асқынған қарын жарасын емдеудің ең тиімді түрін таңдаңыз.
-
қарынның 2/3 бөлігінің резекциясы,
-
пилоропластикамен, бағаналық ваготомия,
-
дренаждаушы операциямен, селективті проксимальды ваготомия,
-
консервативті ем,
-
гастроэнтеростомия.
35.Науқас тамақтанғаннан кейін 2 сағатан соң пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауырғандыққа, түнгі және «аш» уақыттағы ауырғандыққа шағымданады. Алғашқы диагнозы қандай болуы мүмкін?
-
қарын жарасы,
-
созылмалы холецистит,
-
созылмалы панкреатит,
-
ұлтабар жарасы,
-
созылмалы гастрит.
36.Селективті проксимальды ваготомия жасауға көрсетпелер, мынадан басқа.
-
қалтқы тарылмаған, бірақ тесілген дуоденальды жарада,
-
қарынның тесілген жарасының жедел операциясында,
-
дуоденальды және қарын жарасы бірігіп кездессе,
-
ұлтабардың қансыраған жарасында,
-
қалтқы тарылған ұлтабардың жарасында.
37.Кішкене мөлшерлі қарын жарасындағы тактикаңыз.
-
жараның жағдайын кезеңді (жылына 2 рет) рентгенологиялық бақылау, консервтивті ем,
-
егер үш айдың ішінде консервативті емде жараның эпителизациясы болмаса, оперативті ем,
-
қайтадан гастроскопия жасап, оның нәтижесіне байланысты ұзақ уақытты консервтивті ем,
-
жедел операция – қарын резекциясы
38. Қарын жарасындағы ең тиімді операция
-
қарын резекциясы,
-
антрум резекция,
-
селективті проксимальды ваготомия,
-
ваготомия және пилоропластика,
-
жараны кесіп алу.
39. Науқас әлсіздік, қайталамалы түнгі және «аш» уақыттағы эпигастральды аймақта ауырғандық шағымымен хирургия бөліміне түсті. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды, тахикардия. АҚ 90/70 сын.бағ. ОВҚ –3 см су бағ. Гематокрит 20%. Тексерген кезде қан ұйындысы араласқан құсық құсты. Гемостатикалық және инфузионды ем жүргізгеннен кейін гемодинамика тұрақтанды, бірақ бір сағаттан кейін қайтадан коллапс дамыды. Сіздің алғашқы диагнозыңыз?
-
Меллори-Вейс синдромы,
-
геморрагиялық гастрит,
-
ұлтабардың жара ауруы, жарадан қан кету,
-
өңештің варикозды кеңіген веналарынан қан кету,
-
жедел лейкоз.
40.Ұлтабардың тесілген жарасында оң жақ мықын аймағында пайда болатын бұлшық еттердің керілу себебін түсіндіріңіз.
-
жұлын-ми нервісі арқылы рефлекторлы байланыстар,
-
құрсақ қуысында ауаның жинақталуы,
-
қарынның қышқыл құрамының оң жақ қаптал сайға ағуы,
-
жайылма перитонит,
-
құрт тәрізді өсіндімен висцеро-висцеральды байланыстар
41. Ұлтабардың пептикалық жарасында операция көрсеткіші болып есептелінбейді.
-
перфорациялар,
-
көлемді қан кету,
-
қалтқының тарылуы,
-
консервативті емнің нәтижесіздігі,
-
ульцерогенді дәрілермен емдеу барысында пайда болған жаралар.
42. Қандай дәрінің ульцерогендік әсері жоқ.
-
бутадион,
-
салицилаттар,
-
кортикостероидтар,
-
дигиталис,
-
индометацин
43. Мейленграхт диетасын қолданудың теориялық негізі қандай?
-
қарынның кілегейін механикалық зақымдануынан қорғау
-
қарын сөлінің секрециясының тежелуі,
-
құнарлы тамақтануды қамтамасыз ету,
-
тікелей гемостатикалық әсер,
-
қарын перистальтикасын тежеу.
44. Қалтқының тарылуының ІІІ дәрежесінің (дебкомпенсация) клиникасы сипатталады:
-
қарынның тұрақты атониясы,
-
кезеңдік құсулар,
-
“шіріген жұмыртқа” иісті кекіру,
-
алдын да желінген тағамды құсу,
-
өңеш бойының қыжылдауы
45.Қарынның қансыраған жарасын хирургиялық емдеудің оптимальды әдісі болып табылады.
-
пилоропластика мен бағаналық ваготомия,
-
қарын резекциясы,
-
селективті проксимальды ваготомия,
-
сол жақ қарын артериясын байлау,
-
гастроэнтероанастомоз.
46. Қарынның перфоративті жарасына сезіктенгенде жасалатын негізгі диагностикалық әдіс.
-
барий қоспасымен қарынның рентгеноскопиясы,
-
құрсақ қуысының шолу рентгеноскопиясы,
-
жедел гастродуоденоскопия,
-
ангиография,
-
лапароскопия.
47. Ұйқы безіне жабысқан ұлтабар жарасының жиі кездесетін асқынуы.
-
малигнизация,
-
тесілу,
-
жедел панкреатит,
-
қарынның кардиальды бөлімінің тарылуы,
-
рефлюкс –эзофагит.
48. Қарынның перфоративті жарасы диагнозы қойылғанда төмендегі емдеу әдістерінің қайсысы қолданылады.
-
жедел операция,
-
Тейлор әдісі бойынша емдеу,
-
консервативті ем нәтижесіздігінде операция жасау,
-
перитониттің белгілері өршігенде операция жасау,
-
іш қуысын лапароскопиялық дренаждау.
49. Науқаста қарын-ұлтабар қан кетуі болып жатқандығын, не тоқтағандығын анықтайтын әдістер.
-
қарын рентгеноскопиясы,
-
лапароскопия,
-
назогастральды зонд арқылы,
-
қан құрамындағы гемоглобин, эритроцит, гематокритті анықтау
-
гастродуоденоскопия
50. Ұлтабар жара ауруының қандай асқынуына ауырғандық жойылуы және нәжістің қараюы тән?
-
пилородуоденальды тарылу,
-
жараның тесілуі,
-
жараның малигнизациясы,
-
қан кету,
-
ұйқы безіне өтуі
51. Тесілген жара кезінде, науқас операциядан бас тартқан жағдайда жасалады:
-
қарынды салқын сумен жуу,
-
ұзақ назогастральды аспирация,
-
ішек стимуляциясы,
-
антибиотикотерапия,
-
инфузиялық терапия.
52.Жара нәтижесінде пайда болған пилородуоденальдық тарылудың субкомпенсация сатысы немен сипатталады.
-
аш қарындағы “шылпыл шуы”белгісі
-
тоқтаусыз құсық
-
барийдің қарында 12 сағаттан артық кідіруі
-
гиповолемиялық жағдай+
-
тез жүдеу
53. 40 жастағы науқаста төрт сағат бұрын қарын жарасы тесілген, сірілі перитонит: Ең тиімді хирургиялық операция.
-
қарынның 2/3 бөлігінің классикалық резекциясы,
-
антрумэктомия,
-
бағаналық ваготомия және жараны тігу,
-
бағаналық ваготомия және пилоропластика,
-
гастроэктомия.
54.Ауру басталғаннан соң 1 тәуліктен кейін түскен ұлтабардың жабық тесілген жарасы бар 32 жастағы науқасқа қандай ем көрсетіледі.
-
жедел операция,
-
тек қана консервативті ем,
-
консервативті ем нәтижсіздігінде операция жасау,
-
Тейлор әдісімен емдеу,
-
құрсақ қуысын лапароскопиялық дренаждау
55. Төменде аталған белгілердің қайсысы ұлтабар жара ауыруының асқынуы-тесілуін сипаттайтын тән белгілер.
-
іштің "пышақ сұққандай" қатты ауырсынуы,
-
жиі, көп ретте құсу,
-
іш бұлшық еттерінің тақтай тәрізді қатаюы,
-
оң мәнді Щеткин-Блюмберг белгісі
-
перкуссияда бауыр тынықтығының болмауы
56. Төменде аталған белгілердің қайсысы асқазан жара ауыруының асқынуы – “жабық” тесілме жағдайына тән.
-
ішің "пышақ сұққандай" қатты ауырсынуы,
-
бастапқы ауырсынудың бәсеңдеуі
-
науқстың жалпы жағдайының жақсаруы
-
оң жақ қабырға асты бұлшық еттерінің керілуі
-
жайылмалы перитониттің белгілері
57. Төменде аталған белгілердің қайсысы асқазан-ұлтабар жарасының асқынуы-жедел қан кетуін сипаттайтын тән белгілер
-
қатты ауырсынуы,
-
бас айналу,
-
қан аралас немесе “кофе” тәріздес құсық,
-
Мелена –көмір түстес нәжіс
-
тері жамылғысының қызаруы
58. Асқазан және ұлтабар жара ауыруының асқынуы - тесілуінде қай белгі іш қуысында ауаның болуын көрсетеді (оң мәнді).
-
Щеткин-Блюмберг белгісі
-
Раздольский белгісі
-
Спижарный белгісі
-
Элексир белгісі
-
Іш бұлшық еттерінің қорғаныстық белгісі.
59. Асқазанның тесілген жарасында іш қуысындағы ауа жалпы шолу рентгеноскопиясында көрінбесе, қандай зерттеу әдісімен анықтауға болады.
-
УДЗ,
-
компьютерлік томография,
-
ангиография
-
пневмогастрография
-
радиоизотопты зерттеу
60. Жара ауыруының асқынуы – тесілген жарада, қандай жағдайларда операциясыз емдеу әдісін қолдануға мәжбүрсіз.
-
ювенильды жараның тесілуінде,
-
ересек және кәрі жастағы адамдардың жараларының тесілуінде,
-
науқас операциядан бас тартқанда,
-
хирург болмаған жағдайда және науқасты тасымалдау мүмкіндігі болмағанда
-
науқастың жарасының тесілуінен басқа да ауыр қосалқы ауруларының болуында.
61. Асқазан резекциясынан кейінгі анастомоздың пептикалық жарасының себебі:
-
асқазанның дұрыс емес үнемделген резекциясы
-
дуоденальды сұйықтықтың асқазан тұқылына рефлюксі
-
асқазан тұқылы шырышасты қабатының қан тамырлар өткізгіштігінің бұзылысы
-
К дәруменінің жетіспеушілігі
-
асқазан тұқылының перистальтикасының бұзылысы
62.Әкелгіш ілмек синдромы мына операциядан кейін болады:
-
Бильрот-1бойынша асқазан резекциясы
-
Бильрот-2 бойынша асқазан резекциясы
-
гастроэктомия
-
асқазанның проксимальды резекциясы
-
Ваготомия пилоропластикамен
63 Демпинг-синдромының себептерінің бірі:
-
Тоқ ішектің әкетуші ілмегіне тамақтық химустың тез лақтырылуы:
-
асқазанның резекцияланған бөлігінің мөлшері
-
гастроэнтероанастомоз мөлшері
-
асқазан перистальтикасының бұзылысы
-
тоқ ішектің перистальтикасының бұзылысы
64.Демпинг-синдромының клиникасы:
-
илеусты синдром
-
геморрагиялық синдром
-
вегето-қан тамырлық синдром
-
дене температурасының жоғарлауы
-
сарғаю
65. Асқазан резекциясынан кейін анемия дамуының себебі:
-
рефлюкс- гастрит
-
ішкі Кастл факторының жетіспеушілігі
-
А дәруменінің жетіспеушілігі
-
кальций сіңірілуінің бұзылысы
-
тұз қышқылының жетіспеушілігі
66. Жара ауруына жедел хирургиялық ем жасауға көрсеткіш
-
пенетрация
-
перфорация
-
малигнизация
-
тарылу
-
жара ауруының өршуі
67.Асқазан мен 12-елі ішек жарасының асқынуы:
-
пенетрация
-
әкелуші ілмек синдромы
-
демпинг синдром
-
сілтілі рефлюкс гастрит
-
пептикалық жара
68. Асқазан мен 12-елі ішек жарасын анықтауда нақты мәлімет беретін әдіс:
-
рентгенконтрастымен тексеру
-
УДЗ
-
КТ
-
ФГДС
-
дуоденальды зондтау
69.Асқазан резекциясынан кейінгі сілтілі рефлюкс гастритті оперативті емдеу:
-
асқазанның ререзекциясы
-
бағаналы ваготомия
-
Ру бойынша У-тәрізді анастомозбен реконструктивті операция
-
асқазан резекциясын Бильрот-2ден Бильрот-1ге ауыстыру
-
ваготомия пилоропластикамен
70.Анастомоздың пептикалық жарасының клиникасы:
-
қан кету
-
іш өту
-
іш қату
-
көп рет құсу
-
метеоризм
71. Асқазан мен 12-елі ішек жарасында госпитализацияға көрсеткіш:
-
асқазан мен 12-елі ішек жарасының асқынған ағымы
-
ремиссия сатысындағы жара ауруы
-
алғаш рет анықталған жара ауруы
-
бәрі дұрыс
-
бәрі дұрыс емес
72. Жара ауруында ульцерогенездің негізгі тармағы болып табылады:
-
темекі тарту
-
ішімдік пайдалану
-
құрғақ тамақтану
-
ұйқысыздық
-
хеликобактерлі инфекция
73. Асқазан мен 12-елі ішек жарасына тән емес асқыну:
-
перфорация
-
пенетрация
-
малигнизация
-
тарылу
-
қан кету
74. Операцияға абсолютті көрсеткіш болып табылады:
-
алып жара
-
нашар бітісетін жара
-
тарылу дамуына әкелетін қақпа жарасы
-
жара биоптатында атипиялық жасушаларды анықтау
-
жара ауруына генетикалық бейімділік
75. Декомпенсирленген тарылуға тән емес:
-
АҚК жоғарлауы
-
гематокриттің жоғарлауы
-
гиповолемия
-
гипокалиемия
-
гипохлоремия
76. Жаралық қан кетудің консервативті емінде не қолданылмайды:
-
тамырды эндоскопиялық коагуляциялау
-
кальций хлоридін т/і енгізу
-
зәр айдағыштарды енгізу
-
викасол енгізу
-
гемотрансфузия
77. Тұз қышқылы мына бездермен бөлінеді:
-
кардиальды бөлім
-
асқазан денесі
-
антральді бөлім
-
асқазанның барлық бөлімдерімен
-
бәрі дұрыс емес
78. Қақпа тарылуының клиникасы:
-
өт құсу
-
іштің құрылдауы
-
ішкен тамағын құсып тастау
-
метеоризм
-
іш өту
79.Жара ауруының диетотерапиясында белоктық тағамдар мынаған әкеледі:
-
асқазан сұйықтығының агрессивтілігін басады
-
асқазан сұйықтығының агрессивтілігін жоғарылатады
-
агрессивтілігі өзгермейді
-
іш өтеді
-
шырышты- бикарбонатты тосқауылды төмендетеді
80. Асқазанның антральді бөлімінде эрозия болуы мынаған тән:
-
жедел гастрит
-
аутоиммунды гастрит
-
гранулематозды гастрит
-
Менетрие ауруы
-
хеликобактерлі инфекция
81.Өңештің төменгі сфинктерінің асқазандық метеплазиясы мынаған тән:
-
эзофагит
-
склеродермия
-
өңеш ахалазиясы
-
диафрагманың өңештік саңылауының жарығы
-
Беррет өңеші
82. Асқазан сөлінің бөлінуін қоздырады:
-
гастрин.
-
секретин.
-
холецистокинин.
-
сомастатин.
-
серотонин.
83. Он екі елі ішектің ойық жарасының пайда болуына әсер етпейтін жәйт:
-
тұз қышқылының көп бөлінуі.
-
ұлтабар қабынуы.
-
өт қабының қабынуы.
-
хеликобактер жұқпасы.
-
темекі шегу.
84.Пилорус бөлігі тарылуының жиі себебі болады:
-
асқазан қатерлі ісігі.
-
ойық жара ауруы.
-
пилорус бұлшық еттерінің үлкеюі.
-
шырышты қабатының босаңдығы.
-
асқазанның қатерсіз ісігі.
85. Он екі елі ішектің ойық жарасы кезіндегі ауру сезіміне әсер етпейтін жәйт:
-
қышқылдық –пептикалық жәйт.
-
пилородуоденальды бөлігінің жиырылуы.
-
ішек ішіндегі қысымның жоғарлауы.
-
ойық жараның тереңдігі .
-
хеликобактер жұқпасының болуы.
86. Асқазанның ойық жарасы ауруы кезінде:
-
көбінесе бұзылыстық әсердің күшеюінен болады.
-
көбінесе қорғаныстық әсердің азаюынан болады.
-
қорғану мен бұзылыстық әсерінің тепе теңдігі бұзылмаған.
-
бұзылыстық әсердің әлсіздігі болады.
-
бәрі дұрыс.
87. Он екі елі ішектің ойық жарасының себебі болады:
-
бұзылыстық әсердің артық болуы
-
қорғаныстық әсерінің күшеюі.
-
бұзылыстық әсердің әлсіздігі.
-
қорғану мен бұзылыстық әсерінің бірдей болуы.
-
бәрі дұрыс.
88. Қыжылдаудың себебі болып табылады:
-
асқазанның қышқыл бөлуінің жоғарлауы.
-
ұлтабар сөлінің асқазанға кері құйылуы.
-
кардиальды қысқыштың жеткіліксіздігі
-
асқазаннан шығар бөлігінің жеткіліксіздігі.
-
асқазанның босаңдығы.
89. Он екі елі ішектің ойық жарасының асқынуы болмайды:
-
тесілу.
-
жабысу
-
қатерлі ісікке айналу
-
тарылу.
-
қан кету.
90. Асқазанды Бильрот-1әдісімен кесу бойынша :
-
гастрогастроанастомоз.
-
гастродуоденоанастомоз.
-
гастроеюноанастомоз.
-
гастростома.
-
гастрэктомия.
91. Асқазан Бильрот-2 әдісімен кесу бойынша :
-
гастрогастроанастомоз.
-
гастродуоденоанастомоз.
-
гастроеюноанастомоз.
-
гастростома.
-
гастрэктомия.
92. Асқазан ойық жарасында жиі қолданады :
-
ойық жараны кесіп, ваготомию.
-
ойық жараны кесу.
-
асқазан резекциясы.
-
гастроэктомия.
-
антрумэктомия.
93. Демпинг-синдром диагностикасында қолданады:
-
ФГДС.
-
асқазанды рентгеноскопиялау.
-
ішектің бария пассажына қадағалау
-
УДЗ.
-
колоноскопия.
94. Демпинг-синдром тән симптом :
-
эпигастрий аймағында ауру сезімі.
-
лоқсу.
-
желенген тамақпен құсу.
-
тамақтанғаннан кейінгі әлсіздік.
-
ауамен кекіру.
95. «Кіші» асқазан синдромына тән көрсеткіштер:
-
ваготомия.
-
диетотерапия.
-
реконструктивті операция.
-
санаторлы-курортты ем
-
физиоем.
96.асқазан сөлінің қышқылдығын төмендетуге болады:
-
гастроэктомиямен
-
гастроэнтеростомиямен
-
ойық-жараны тілумен
-
асқазанның қышқыл түзуші аймағының резекциясымен
-
иплоропластика арқылы
97.Ойық-жарадан қан кету кезіндегі емдік эндоскопия кезінде болмайды:
-
адреналинді ерітінділер енгізу арқылы жараны
-
жылы физиологиялық ерітіндімен шаюға
-
электрокоагуляция жүргізуге
-
қантамырларды бекіту
-
лазерлік коагуляция
98.Асқазанның перфоративті ойық жарасының диагностикасы:
-
құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы
-
УДЗ
-
КТ
-
селективті ангиография
-
радиоизотопты сканерлеу
99.Ойық жаралық қан кетуге не тән емес?
-
брадикардия
-
ОКҚ-ң төмендеуі
-
АҚ-ң төмендеуі
-
кофе «қойыртпағы» тәрізді құсық
-
мелена
100.Кардия ахалазиясы—бұл:
-
жұтынған кезіндегі кардиальді сфинктердің түйілуі
-
кардиальді сфинктердің ашылып қалуы
-
кардиальді сфинктердің транспозициясы
-
асқазанның кардиальді бөлігінің тарылуы
-
асқазанның кардиальді бөлігінің кеңеюі
Достарыңызбен бөлісу: |