Артериялдық тромбоздар мен эмболиялар


Аяқтың вена қантамырларның аурурлары



бет4/16
Дата17.02.2023
өлшемі1,91 Mb.
#169207
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
рубежка каз

Аяқтың вена қантамырларның аурурлары

1.Аяқтың тереңдегі веналар тромбозының ең қауіпті асқынуын көрсет.



  1. балтырдың трофикалық жаралары,

  2. өкпе артериясының эмболиясы,

  3. варикозды түйіндердің флебиті,

  4. терең веналардың облитерациясы,

  5. шораяқ.

2.Аяқты операциядан кейін эластикалық бинтпен таңудың мақсаты:

  1. жедел лимфостаздың алдын алу,

  2. өкпе артериясының тромбоэмболиясын алдын алу,

  3. тереңдегі веналардың қан айналымын күшейту,

  4. трофикалық бұзылыстардың алдын алу,

  5. артериялық қан айналымына әсер ету.

3.Мықын-сан венозды сегментінің жедел тромбозының белгілерін көрсетіңіз?

  1. сан терісінің вена өтетін аймағындағы гиперемия,

  2. балтыр мен аяқ басының ісігі,

  3. сандағы жарылып ауырғандық,

  4. сан мен балтыр көлемінің үлкеюі,

  5. сан терісінің көкшіл тартуы.

4.Операциядан кейінгі кезеңде, аяқтың веналық қан айналымын жақсартуға қатысатын факторларға КІРМЕЙТІНІН көрсет.

  1. төсектен ерте тұру (операциядан кейін 2-ші тәулік),

  2. балтырды эластикалық бинтпен таңу,

  3. аяқты биікке қою демалған уақытта,

  4. ұзақ және қатаң төсек режимі,

  5. балтыр бұлшық еттерін жаттықтыру.

5.Аяқтың флеботромбозы кезінде дамитын ең қауіпті асқынулар.

  1. бүйрек инфарктісі,

  2. инфарктік пневмония,

  3. шажырқай тамырларының тромбоэмболиясы,

  4. пилефлебит,

  5. өкпе артериясының тромбоэмболиясы.

6.Балтырдың тереңдегі веналарының жедел тромбозына тән белгілерді анықта.

  1. аяқтың түгел ісінуі,

  2. балтыр бұлшық еттерінің ауырсынуы,

  3. балтырдың төменгі үштен бір бөлігі мен табанның ісінуі,

  4. Хоманстың оң белгісі,

  5. ұстамалы ақсақтық.

7.Сізді үйге 38 апта жүктілік мерзімі бар әйел шақырды. Қарау кезінде илеофеморалдық веналық тромбоз деген диагноз қойдыңыз. Сіздің шешіміңіз?



  1. науқасты әйелдер босанатын үйге госпитализация жасайсыз,

  2. үй жағдайында консервативті емдер жүргізесіз,

  3. емдеу сипаты – амбулаториялық жағдайда, протромбин индексін анықтағаннан соң,

  4. науқасқа қантамырлар бөлімшесіне жолдама бересіз,

  5. науқасқа әйелдер консультациясына жолдама бересіз.

8.Аяқтың магистралды веналарындағы тромбоздардың таралуын тоқтататын емдеу шараларын атаңыз.

  1. Вишневский майымен компресс салу,

  2. антибиотиктер тағайындау,

  3. төсектік режим,

  4. антикоагулянттарды тағайындау

  5. антиагреганттық терапия,

  6. аяқты эластикалық бинтпен таңу.

9.Төменгі қуыс венасының тромбозы кезінде топикалық диагноз қою үшін қолданылатын ең тиімді әдіс.



  1. таңбалы фибриногенмен радиоизотопты зерттеу,

  2. ретроградты илеокавография,

  3. дисталды өрлемелі функционалдық флебография,

  4. сфигмография,

  5. ретроградты сан флебографиясы.

10.Науқасты оң жақ балтырдың терең венасының жедел тромбозы диагнозымен емдейсіз. Ауруының ұзақтылығы үш тәулік. Қандай емдер тағайындайсыз?



  1. Вишневсикй майымен компресс жасау,

  2. антикоагулянтты терапия,

  3. антиагреганттар тағайындау,

  4. кең спектрлі антибиотиктер қолдану,

  5. аяқты эластикалық бинтпен байлау.

11.Науқаста сол жақ балтырдың терең веналарының жедел тромбозы бар деп күмәндандыңыз. Қандай арнайы әдістердің көмегімен топикалық диагноз қоюға болады.



  1. сфигмография,

  2. капилляроскопия,

  3. таңбалы фибриногенмен радиоизотопты зерттеу,

  4. флеботонометрия

  5. өрлемелі дистальды функционалды флебография,

12.Өкпе артериясы тромбоэмболиясына диагноз қоюда қолданылатын ең дұрыс әдістерді табыңыз.



  1. кеуде клеткасының жалпы рентгенографиясы,

  2. электрокардиография,

  3. радиокардиография,

  4. ангиопульмонография,

  5. өкпені перфузионды сканирлеу.

13. 66 жасар ревматизмдік митральды стенозбен және жыбыр аритмиясымен ауыратын науқастың кенеттен оң жақ аяғында ауырғандық пайда болды. Қараған кезде оң аяқтың ісігі анықталды. Аяқтың терісі көгеріп, тері асты веналары анық көрінеді. Сандағы тамырлар шоғыры аймағын пальпациялағанда ауырғандық білінеді. Хоманс белгісі оң. Аяқ басы артерияларының пульсациясы анық білінеді. Диагнозды көрсетіңіз?



  1. оң сан артериясының эмболиясы,

  2. бұлшық ет аралық гематома,

  3. жедел мықын-сан венасының тромбозы,

  4. жедел лимфостаз,

  5. Лериш синдромы.

14.Жедел мықын-сан венасының тромбозы кезінде келесі асқынулар болуы мүмкін:



  1. өкпе артериясының тромбоэмболиясы,

  2. аяқтың венозды гангренасы,

  3. посттромботикалық ауру,

  4. сан флегмонасы,

  5. «Краш» синдромы.

15.Қарынның қатерлі ісігіне байланысты қарын резекциясы болған ауруда ретроградты илеокавография көмегімен төменгі қуыс венасының инфраренальды сегментінде тромб анықталған. Өкпе артериясы тромбоэмболиясының алдын алу хирургиясының қандай әдісі бұл жағдайда пайдалы болады.



  1. төменгі қуыс венасының тромбэктомиясы,

  2. төменгі қуыс венасын байлап таңу,

  3. төменгі қуыс венасын механикалық тігіспен пликациялау,

  4. төменгі қуыс венасын пластмассалық клеммамен пликациялау,

  5. зондты кава- фильтрды имплантациялау.

16.Веналарда тромб түзілуіне көрсетілген факторлардың қайсысы себепші болулары мүмкін.



  1. вена қабырғасының зақымдалуы,

  2. туа пайда болған артерио-веноздық шунттің болуы,

  3. қанның тромб түзу қабілетінің жоғарлауы,

  4. жүрек жиырылуы ритмінің бұзылуы,

  5. веналарда қан ағысының баяулауы.

17.Педжет-Шреттер ауруының жедел сатысындағы негізгі клиникалық белгілерді көрсетіңіз.



  1. кеуденің жоғарғы бөлімінің, мойынның, беттің ісіктері,

  2. мойын және бет терісінің көгеруі,

  3. қолда жарылып ауырсынудың болуы,

  4. қолдың тері жамылғысының көгеруі, веналық қан тамырларының анық көрінуі,

  5. қолдағы ісік.

18. 70 жастағы науқасқа жедел түрде перфоративті аппендицитке байланысты аппендэктомия жасалған. Аяқ веналарының жедел тромбозының алдын алу үшін бағытталған, емдік шараларды көрсетіңіз.



  1. ұзақ және қатаң төсек режимі,

  2. аяқты эластикалық бинтпен байлау,

  3. аяқты төсекте жоғары орналастыру,

  4. ауруды қимыл қозғалысқа келтіру,

  5. аминокапрон қышқылын қолдану,

19. 50 жастағы гинекологиялық бөлімшедегі науқастың жатыр миомасын алып тастағаннан кейін, екінші күні илеофеморальды тромбоз диагнозы қойылды. Сіздің емдеу әдісіңіз?



  1. гинекологиялық бөлімшеде дәрі-дәрмектермен консервативті емдеу,

  2. консервативтік терапия нәтижелі болса, ауруды амбулаторлы емдеуге жіберу,

  3. жараның жібін алғаннан кейін, ауруды хирургиялық бөлімшеге аудару,

  4. аурудың жағдайы нашарласа, қан-тамырлар бөлімшесіне аудару,

  5. ауруды жедел қан тамырлар хирургиялық бөлімшесіне аудару, оперативті ем қолдану.

20.Өкпе артериясының эмболиясын болдырмау үшін төменгі қуыс венасының «қалқыма» - тромбозы кезінде, қандай ем әдістерін қолдануға болады.



  1. тромбэктомия,

  2. төменгі қуыс венасын пликациясы,

  3. төменгі қуыс венасын байлап таңу,

  4. зондты кава- фильтрды имплантациялау,

  5. аортокавальды жыланкөз жасау,

21.Аяқ венасының варикозды кеңеюі кезінде төмендегі белгілердің қайсысы КЕЗДЕСПЕЙДІ.



  1. деформацияланған артроз,

  2. геморрой,

  3. табанның вальгусті деформациясы,

  4. жарық түзілуге бейімделу,

  5. аяқтың телеангиэктазиясы.

22.Аяғының беткей вена тамырларының айқын варикозды кеңеюі бар науқасқа төмендегі көрсетілген сынама жасалған. Варикозы бар аяқтың үш деңгейіне венозды жгут салып науқас жүреді. Жгут арасындағы варикозды түйіндердің қанға толуы жалғама (перфоранты) веналардағы қақпашалардың шамасыздығын көрсетеді. Науқасқа жасалынған сынаманың атын айтыңыз?



  1. Пратт сынамасы,

  2. Тренделенбург сынамасы,

  3. Шейнис сынамасы,

  4. Пертес сынамасы,

  5. Ловенберг белгісі.

23.Аяқ венасының варикозды кеңеюі мынадай белгілермен сипатталады.



  1. ісік,

  2. балтыр терісінің гиперпигментациясы,

  3. балтырда жараның пайда болуы,

  4. дерматит,

  5. осы барлық аталғандармен.

24.Аяқтың терең веналарының жедел қабынуына тән белгілер:



  1. терең веналар бойымен аяқта ауырғандықты сезіну,

  2. аяқтың тромб орналасқан бөлігінен төменгі жерінде ісіктің пайда болуы,

  3. дене қызуының жоғарылауы,

  4. аяқтың терісінің түсінің өзгеруі,

  5. аяқтың артериялық қан тамырларының пульсациясының анықталмауы.

25.Аяқтың терең веналарының жедел тромбозында оперативті емге абсолюттік көрсетпелер.



  1. илеофеморальды тромбоз,

  2. сан венасының тромбозы,

  3. өкпе артериясының қайтадан эмболиясына қауіп төнгенде,

  4. төменгі қуыс венасының тромбозы,

  5. аяқтың венозды гангренасына қауіп төнгенде.

26.Варикоз ауруында эндовидеохирургиялық әдіспен қандай операция жасалады?



  1. Троянов- Тренделенбург операциясы,

  2. Бебкок операциясы

  3. Кокетт операциясы,

  4. Нарат операциясы,

  5. Балтырдағы көктамырларды – перфоранттарды Линтон операциясы типті субфасциалды электрокоагуляция жасау

27.Аяқтың варикоз ауруында эндовидеохирургияның мақсаты қандай?



  1. қанның терең тамырлардан беткей тамырларға патологиялық ағысын жою,

  2. тамырлардың варикозды кеңеюін алып тастау,

  3. балтырдың перфорантты веналарын байлау,

  4. сан тамырының клапандарының жетіспеушілігін қалыпына келтіру,

  5. трофикасы өзгерген ткандерді алып тастау

28.Варикозды кеңеюді эндовидеохирургиялық әдіспен емдеу жетістіктері:



  1. аз инвазивті,

  2. инвазивті,

  3. жарақаттылықсыз,

  4. косметикалығы,

  5. аталғандардың барлығы.

29.Перфорантты тамырларды байлау және коагуляциялық кескенде қан кеткенде ең тиімді шара?



  1. қан кету тұрақтанғанға дейін бірнеше клипсімен жабыстыру,

  2. монополярлы коагуляция,

  3. әдейі жұмсақ қысқышпен қан кетуді бақылау,

  4. қуыстағы тамырға жіпті жеткізетін құралымен байлау,

  5. биполярлы коагуляция.

30.Варикоз ауруын эндовидеохирургия әдісімен емдегенде қандай жансыздандыру қолданылады?



  1. жергілікті жансыздандыру,

  2. көктамырлы наркоз,

  3. жалпы наркоз,

  4. перидуральды анестезия,

  5. эфирлы наркоз.

31.Варикоз ауруында эндовидеохирургиялық емінің көрсеткіштері.



  1. терең көктамырдың жеткілікті реканализациясы,

  2. терең көктамырдың жеткіліксіз реканализациясы,

  3. терең көктамырдың тромбозбен біріккен жеткілікті реконализациясы және сан мен тізе асты көктамырының нашар реканализациясы,

  4. трофикалық жаралардың болуы,

  5. біріншілік лимфостаздың диагноздалуы.

32.Линтон бойынша балтыр венасының перфоранттарын субфасциальды эндоскопиялық электрокоагуляциялау операциясының сатылары.



  1. барлық үлкен және кіші тері асты жүйесін электрокоагуляциялық кесу,

  2. магистральды венаны электрокоагуляциялық кесу,

  3. перфорантты веналарды электрокоагуляциялық кесу,

  4. магистральды веналарды жабыстыру,

  5. перфорантты веналарды жабыстыру

33.Эндоскопиялық операция кезінде вена тамырларының варикозды кеңеюі бар науқасты операция столында жатқызу қалпы қандай?



  1. етпетінен жатқызу,

  2. бүйірімен жату,

  3. шалқасынан жатқызу,

  4. отырған Фовлер қалыпында

  5. Тренделенбург қалыпында

34.Инсуфлятор индикаторында СО2 газының қысымы қандай сынап бағанда болуы қажет.

  1. 1 мм сынап бағ дейін

  2. 5 мм сынап бағ дейін

  3. 10 мм сынап бағ дейін

  4. 15 мм сынап бағ дейін

  5. 20 мм сынап бағ дейін

35.Аяқтың тромбофлебиттік ауруы келесі аурудың салдарынан болуы мүмкін:

  1. Беткей веналардың тромбозынан

  2. Беткей венаның варикозынан

  3. Терең веналардың тромбозынан

  4. Терең веналардың клапандық жеткіліксіздідігінен

  5. Артерио - веноздық шунттың болуынан

36.Операциядан кейінгі кезеңде аяқты эластикалық бинтпен таңу немен түсіндіріледі:



  1. Үлкен тері асты венасының клапандық жеткіліксіздігінің алдын-алу

  2. Операциядан кейінгі пневмонияның алдын-алу

  3. Терең веналарда қан ағысын жылдамдату

  4. Трофикалық бұзылысты болдырмау

  5. Артериялық ағысты реттеу

37.Аяғының беткей веналарында айқын кеңеюі бар науқасқа келесі тест жасалынады: аяққа үш жгут салынады. Науқас жүруі тиіс. Жгуттар арасындағы варикозды түйіндердің қанға болуы сол аймақтағы перфорантты веналар қақпақшаларының жеткіліксіздігін көрсетеді. Қандай тест туралы әңгіме қозғалып отыр:



  1. Пратт сынамасы

  2. Тренделенбург сынамасы

  3. Шейнис сынамасы

  4. Пертес сынамасы

  5. Ловенберг сынамасы

38.Аяқтың варикозды ауруы кезінде балтырдың перфорантты венасы арқылы вено-венозды қан лақтырысын жою мақсатында қандай операция жасалады:



  1. Троянов Треленбург операциясы

  2. Бебкокк операциясы

  3. Кокетта Линтон операциясы

  4. Нарат операциясы

  5. Клапп операциясы

39.Генезі белгісіз аяқтың ауыр ишемиясын емдеу тактикасын анықтау мақсатында неғұрлым мәліметті зерттеу әдісі болып табылады:



  1. Сфигмография

  2. Аорта артериография

  3. Ультра дыбысты допплерография

  4. Окклюзионды плетизмография

  5. Термография

40.Балтырдың варикозды түйінінің жыртылуынан көлемді қан кету кезінде қандай шара қолдану керек:



  1. Сан артериясын басу

  2. Аяқты жоғары көтеру

  3. Тамыр ішіне фибринолизинді құю

  4. Бұлшықетке викасол енгізу

  5. Басып тұратын таңғыш салу

41.Тромбофлебитен кейінгі синдромға тән клиникалық симптом және диагностикалық зерттеу тәсілі:



  1. Хоманс симптомы

  2. Тырнақтарының сынғыштығы

  3. Балтырдың т/3 бөлігінде трофикалық ойық жаралардың болуы

  4. Флебография

  5. Термография

42.Тромбофлебиттен кейінгі синдром кезінде қолданылатын операцны атаңыз:



  1. Троянов Тренделенбург

  2. Бебкок

  3. Линтон

  4. Нарат

  5. Маделунг

43.Тромбофлебиттен кейінгі синдром кезіндегі ауру синдромы немен түсіндіріледі:



  1. Аяқтағы ісік

  2. Тері асты қабатының индурациясы

  3. Веноздық гипертензия

  4. Беткей веналардың варикозы

  5. Терең веналардың варикозы

44.Аяқтағы венозды іркілістің белгілері:



  1. Аяқтың атрофиясы

  2. Тырнақ сынғыштығы

  3. Аяқтың ісінуі

  4. Д Терінің бозаруы

  5. Телеангиоэктазия

45.Клиппель−Треноне синдромы дегеніміз – бұл қандай симптомдардың қосарлануы:



  1. Терең веналық торлардың флеботромбозы

  2. Терілік гемангиоманың болуы

  3. Жұмсақ тіндердің және сүйектің гипертрофиясы

  4. Тері асты венасының тромбофлебиті

  5. Тері асты венасының варикозды кеңеюі

46.Линтонның операциясы бұл:



  1. Санның үлкен тері асты венасын байлау

  2. Тері астылық кішкентай венасын кесу

  3. Тізенің коммуникантты венасын субфасциальді байлау

  4. Тері астылық кішкентай венаны байлау

  5. Тері астылық үлкен тамырды байлау

47.Операциядан кейінгі кезеңде венозды қан ағысын жақсарту мақсатында келесі факторлар әсер етеді:



  1. Науқасты төсектен ерте тұрғызу

  2. Тізені эластикалық бинтпен таңу

  3. Аяқты жоғары көтеріп жату

  4. Ұзақ және қатаң төсектік тәртіп

  5. Гемостатикалық терапия

48.Веноздық тромбтың дамуына әсер факторлар:



  1. Тромбоциттер адгезиясының жоғарылауы

  2. Қан ағу жылдамдығының төмендеуі

  3. Қанның гиперкоагуляциялық жағдайы

  4. Қан ағу жылдамдығының жоғарылауы

  5. Гипокоагуляция

49.Тамырда тромб пайда болуына қандай факторлар әсер етеді:



  1. Вена тамыры қабырғасының зақымдануы

  2. Туа пайда болған артерия-веноздық шунттар

  3. С Жүректің жиырылу ритмінің бұзылуы

  4. Гиперкоагуляция

  5. Венада қан ағуының баяулауы

50.Науқас 70 жаста, перфоративті аппендецитке байланысты аппендэктомия жасалды. Операциядан кейінгі кезеңге аяқтың терең веналарының жедел тромбозын алдын-алу мақсатында ем тағайындаңыз:



  1. Аяқты эластикалық бинтпен таңу

  2. Ұзақ төсектік тәртіп

  3. Қатаң төсектік тә тіп

  4. Аяқты жоғары көтеріп жату

  5. Науқасты ерте белсендендіру

51.Аяқтың тромбофлебиттен кейінгі синдромына сипаттама беріңіз:



  1. Аяқ терісінің атрофиясы

  2. Жергілікті тіндердің индуративті дерматозы және склерозы

  3. Бозарған мәрмер тәрізді тері

  4. Тырнақ пластинасының деформациясы

  5. Балтырдың беткей веналарының тромбозы

52.Аяқтағы тромбофлебиттен кейінгі синдромының клиникалық көрінісі:



  1. Аяқтың ісінуі

  2. Сан артериясында пульсацияның болмауы

  3. Балтыр терісінің трофикалық өзгерісі

  4. Алма-кезек ақсау

  5. Аяқ терісінің бозғылттануы

53.Жедел венозды тромбоз кезінде балтырды алдыңғы-артқы бағытта басқанда ауру сезімі пайда болады. Бұл симптом қалай деп аталады:



  1. Хоманс

  2. Лериш

  3. Мозес

  4. Фельдер

  5. Тренделенбург

54.Тромбофлебиттен кейінгі ауруында кезінденегізгі гемодинамикалық өзгерістер, ол:



  1. Терең веналардан қан жүруіне механикалық түрде кедергі болу

  2. Артериялардың окклюзиясы

  3. Терең веналардағы қанның регуртициясы

  4. Перфоранттар арқылы тері асты веналарына қанның рефлюкстену

  5. Артериялық жүйелік гипертензия

55.Аппендэктомиядан кейінгі оң аяқтың ісінуі немен түсіндіріледі:



  1. Оң жақтың мықын венасының тромбозымен

  2. Қабыну үрдісінің санға берілуімен

  3. Қабыну үрдісіне мықын-бел бұлшық етінің қатынасуы

  4. Кіші жамбастағы абсцесс

  5. Аппендикуллярлы инфильтрат

56.Троянов-Тренделенберг симптомы арқылы нені анықтауға болады:



  1. Аяқтың беткей веналары қақпақшаларының жеткіліксіздігін

  2. Санның терең веналарының жедел тромбофлебитін

  3. Балтырдың терең веналарының жедел тромбофлебитін

  4. Лериш синдромын

  5. Бюргер ауруын

57.Марштық сынама нені анықтау үшін қолданылады:



  1. Комуникативті венаның тұрақсыздығын

  2. Аяқтың терең веналарының өткізгіштігін

  3. Тізе асты артериясының тромбозын

  4. Терең веналардың жедел тромбофлебитін

  5. Беткей веналардың жедел тромбофлебитін

58. Пратт сынамасы нені анықтау үшін қолданылады:



  1. Аяқтың терең веналарының өткізгіштігін

  2. Коммуникативті венаның тұрақсыздығын

  3. Жедел тромбофлебитті

  4. Тізе асты артериясының тромбозын

  5. Беткей веналардың жедел тромбофлебитін

59.Жедел мықын-санның венозды тромбозы немен асқынуы мүмкін:



  1. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

  2. Аяқтың венозды гангренасы

  3. Сан флегмонасы

  4. Краш - синдромы

  5. Элефантияз

60. Тромбофлебиттен кейінгі синдром кезінде трофикалық жараның жиі орналасатын жері:



  1. Балтырдың ортаңғы үштен бір бөлігі

  2. Балтырдың артқы беті

  3. Ішкі тобық аймағы

  4. Балтырдың сыртқы беті

  5. Аяқбасының сыртқы беті

61. Линтон операциясының негізгі экезеңдері:



  1. Үлкен тері асты венаны кесу

  2. Кіші тері асты венаны кесу

  3. Балтырдың коммуникативті веналарын байлау

  4. Апоневроз пластикасы

  5. Санның үлкен тері асты венасын байлау

62.Тромбофлебиттен кейінгі синдромның ең мәліметті диагностикасы:



  1. Термография

  2. Полярография

  3. Ультра дыбыстық допплерография

  4. Реовазография

  5. Флебография

63. Тромбофлебиттен кейінгі синдром кезінде таңдамалы зерттеу әдісі:



  1. Радиоизотопты сканерлеу

  2. Балтыр сүйектерінің рентгенографиясы

  3. Дистальды функциональды флебография

  4. Термография

  5. Осциллография

64.Қалыпты жағдайда аяқтың негізгі веноздық қанының ағысы жүреді:



  1. Тері асты веналары

  2. Перфорантты веналар

  3. Тері асты және перфорантты веналары

  4. Терең веналар

  5. Артерио-вензды шунттар

65.Жедел тромбофлебиттегі гепаринотерапияның негізгі рөлі:



  1. Тромбтың лизисі

  2. Тромбтың реканализациялануы

  3. Тромбтың өсуін алдын-алу

  4. Реологиялық қасиетін жақсарту

  5. ҚШТҰ (ДВС) синдромын алдын алу

66.Тренделенбург операциясы бұл:



  1. Тізе асты венасын санның терең венасына өтетін жерінен байлау

  2. Санның үлкен тері асты венасын санның терең венасына құяр жерінде байлау

  3. Санның беткей венасын кесу

  4. Балтырдың беткей венасын кесу

  5. Коммуникантты веналарды байлау

67.Тромбофлебиттен кейінгі синдром кезіндегі негізгі хирургиялық шара:



  1. Моделунг операциясы

  2. Тромбэктомия

  3. Тренделенбург операциясы

  4. Белдік симпатэктомиясы

  5. Линтон операциясы

68. Тромбофлебиттен кейінгі синдромның варикозды ойық жаралы түрінде оперативті емге қарсы көрсеткіш болғанда, емдеу түрін атаңыз:



  1. Озокерит

  2. Эластикалық таңғыш

  3. Троксевазин

  4. Трентал

  5. Реополиглюкин

69.Линтон опнрациясы бұл:



  1. Санның үлкен тері асты венасын терең венаға құятын жерінен байлау

  2. Санның үлкен тері асты венасын алып тастау

  3. Балтырдың үлкен венасын алып тастау

  4. Коммуникантты веналарды фасция астынан байлау

  5. Коммуникантты веналарды фасция үстінен байлау

70. Коккет операциясы бұл:



  1. Санның үлкен тері асты венасын терең венаға құятын жерінде байлау

  2. Сандағы үлкен тері асты венасын алып тастау

  3. Балтырдың үлкен венасын алып тастау

  4. Коммуникантты веналарды фасция астынан байлау

  5. Коммуникантты веналарды эпифасциялды байлау

71. Жедел илеофеморальды тромбозға тән клиникалық симптом:



  1. Балтыр бұлшықеттерінің атрофиясы

  2. Лимфостаз

  3. Гипотрихоз

  4. Көк флегмазия

  5. Нейродермит

72.Аяқтың терең веналарының тромбозындағы ең қауіпті асқынуын атаңыз:



  1. Балтырдың трофикалық ойық жарасы

  2. Өкпе артериясының эмболиясы

  3. Варикозды түйіндердің флебиті

  4. Терең веналардың облитерациясы

  5. Піл аяқ

73.Аяқтың тромбофлебиттен кейінгі ауруы келесі аурудың нәтижесінен дамиды:



  1. Беткей веналардың тромбозынан

  2. Беткей веналардың варикозды кеңеюінен

  3. Балтыр мен санның терең веналарының тромбозынан

  4. Үлкен тері асты венасын байлағаннан

  5. Магистралды артериялардың тромбозынан

74.Магистралды веналардың жедел тромбозы кезінде жасалатын операция:



  1. Эмболэктомия

  2. Тромбэктомия

  3. Линтон операциясы

  4. Эндоартерияэктомия

  5. Бэббок операциясы

75.Посттромбофлебиттік синдромға тән клиникалық симптом:



  1. Алма-кезек ақсау

  2. Балтыр терісіндегі петехиалді бөртпелер

  3. Хоманс симптомы

  4. Тырнақтың сынғыштығы

  5. Балтырдың төменгі бөлігінде трофикалық ойық жаралардың болуы

76.Вена тамырының патологиясы кезінде Коккет операциясы бұл:



  1. Санның үлкен теріастылық венасын тереңге өткен жерінен байлау

  2. Санның үлкен тері асты венасын алып тастау

  3. Балтырда кіші теріасты венасын алып тастау

  4. Коммуникантты веналарды субфациалді байлау

  5. Коммуникантты веналарды фасция үстінен байлау

77.Петжетт-Шретт синдромы - дегеніміз:



  1. Қолқа және оның тармақтарының бітелуі

  2. Артерияның интимасының қалыңдап өсуі салдарынан саңылаудың облитерациясы

  3. Илеофеморалді сегменттің жедел тормбозы

  4. Бұғанаасты венасының жедел тромбозы

  5. Өкпе артериясының эмболиясы

78.Жедел тромбофлебитте қолданылатын дәрілік заттар:



  1. Анткоагулянттар

  2. Антиагреганттар

  3. Изоферменттер

  4. Коронаролитиктер

  5. Антиспастиктер

79.Жедел тромбофлебиттің лабораториялық диагностикасы:



  1. Билирубинемия

  2. Протромбинді индекстің жоғарлауы

  3. Гипергликемия

  4. Азотемия

  5. Гипоальбуминемия

80.Аяқтың беткей венасының жедел тромбофлебитіне тән клиникалық симптом:



  1. Терінің пигментациясы

  2. Венаның бойының гиперемиясы және тығыздалуы

  3. Дерматит

  4. Алма-кезек ақсау

  5. Гипотрихоз

81.Жедел илеофеморалді флеботромбоздың клиникалық симптомы:



  1. Балтыр бұлшықетінің атрофиясы

  2. Лимфостаз

  3. Зақымдалған аяқ-қолдарда қатты ауру сезімі

  4. Көк флегмазия

  5. Нейродермит

82.Созылмалы веналық жетіспеушілікте жиі кездесетін симптом:



  1. Аяқ бұлшық еттерінің атрофиясы

  2. Аяқ терісінің бозаруы

  3. Гипотрихоз

  4. Тырнақтаң сынғыштығы

  5. Балтырдың төменгі бөлігінің трофикалық ойық жаралары

83.Созылмалы варикозды аурудың асқынуы:



  1. Варикозды түйіннен қан кету

  2. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

  3. Жедел тромбофлебит

  4. Балтырдың трофикалық ойық жарасы

  5. Дерматит

84.Аяқтың флеботромбозы немен қауіпті:



  1. Мезентериалды қан тамырлардың тромбоэмболиясы

  2. Бүйрек инфарктысымен

  3. Пилефлебитпен

  4. Инфаркты пневмониямен

  5. Миокард инфарктысымен

85.Өкпе артериясының тромбоэмболиясының негізгі клиникалық белгілері:



  1. Төс артының тұйық сыздап ауруы

  2. Дененің жоғарғы бөлігінің цианозы, мойын веналарының білеуленіп ісінуі

  3. Тахикардия

  4. Дене қызуының жоғарлауы

  5. Сол жақтық гемипарез

86.Өкпе артериясының тромбоэмболиясына тән арнайы зерттеу диагностикасына жатады:



  1. Фонокардиография

  2. Кеуде қуысының шолымалы рентгенографиясы

  3. Ангиопульмонография

  4. Коронарография

  5. Сильденгер бойынша аортография

87.Вирхов триадасы дегеніміз, бұл:



  1. Венозды қысымның жоғарлауы

  2. Эндотелидің зақымдануы

  3. Қан айналымның баяулауы

  4. Қан ұю жүйесінің өзгеруі

  5. Вена қысымының төмендеуі

88.30 жасар науқастың сол жақ балтырының терең веналарының жедел тромбозына күмәндандыңыз. Диагностиканың инвазивті емес мәліметті тексеру әдісін таңдаңыз:



  1. Капилляроскопия

  2. Допплерография

  3. Флеботонометрия

  4. Дисталді функционалды жоғарлайтын флебография

  5. Сфигмография

89.Аяқтың асқынбаған варикозды ауруы кезіндегі эндоскопиялық флебоэктомия операциясын таңдаудағы негізгі фактор болып:



  1. Амбулаторлық жағдайда емделу мүмкінділігі

  2. Косметикалық жағынан тиімділігі

  3. Операцияның радикалдығы

  4. Экономиялық жағынан айтарлықтай тиімділігі

  5. Аурудың ерте рецидиві беруі

90.Аяқтың варикозды ауруының ерте клиникалық симптомы:



  1. Аяқбасының, балтырдың көлемді ісінуі

  2. Аяқбасы саусақтарының трофикалық бұзылысы

  3. Аяқтардың кешке қарай қатты шаршауы

  4. Физикалық күштемеде балтыр бұлшықеттерінің тырысуы

  5. Парестезиялар

91.Флотирлеуші тромб дегеніміз не?



  1. Балтырдың терең веналарының тромбы

  2. Балтырдың беткей веналарының тромбы

  3. Қақпа венасындағы тромб

  4. Илеокавалді сегменттегі нүктелік бекінген тромб

  5. Өкпе артериясындағы тромб

92.Ауруханаға дейінгі кезеңде балтырдың беткей венасының варикозды түйіндерінен қан қарқынды кеткенде қандай көмек қолдану керек:

  1. Сан артреиясын байлау

  2. Аяқты жоғары көтеру

  3. Аспиринтағайындау

  4. Қысып басып тұратын таңғыш салу

  5. Санға жгут салу

93.Аяқтардың созылмалы веналық жетіспеушілігіне тән симптомдар:



  1. Ісінулер

  2. Балтырдың т/3 бөлігінің терісінің гиперпигментациясы

  3. Балтырда трофикалық ойық жараларының түзілуі

  4. Алма-кезек ақсау

  5. Дерматит

94.Тромбофлебитен кейінгі синдромдағы негізгі қан айналым бұзылысы:



  1. Қан ағысы баяулауды

  2. Турбулентті

  3. Ламинарлы

  4. Жылдамдайды

  5. Регургитация

95.Аяқтың терең веналарының қайсы венасы тромбофлебитке жиі ұшырайды:



  1. Венаның илеофеморалды сегменті

  2. Венаның илеокавалді сегменті

  3. Санның терең венасы

  4. Балтырдың терең венасы

  5. Ішкі жамбас венасы

96.Тромбофлебиттен кейінгі синдромда оперативті араласу мүмкіндік береді:



  1. Балтырдың терең венасының өткізгіштігін қалыпқа келтіреді

  2. Трофикалық өзгерген тіндерден алып тастайды

  3. Перфорантты венаның өткізгіштігін қалпына келтіреді

  4. Терең венадан беткей венаға патологиялық қанның лақтырылуын жояды

  5. Беткей венаның өткізгіштігін жояды

97.Варикозды ауруға тән белгілер:



  1. Кешке аяқбасының ісінуі

  2. Балтырдың төменгі үштен бір бөлігінде тері пигментациясы

  3. Сау аяқтың балтырымен салыстырғанда ауру аяқтың көлемі жіңішкереді

  4. Жүргенде балтыр бұлшықетінде тез ауру сесімі байқалады

  5. Жергілікті температураның жоғарлауы

98.Өкпе артериясының қарқынды тромбоэмбалиясындағы негізгі симптомдар:



  1. Төс артының ауруы

  2. Коллопс

  3. Гектикалық температура

  4. Қимыл әрекеттің қозуы

  5. Беттің және кеуденің жоғарғы бөлігінің циянозы

99.Аяқтың терең веналары тромбофлебитінің емі:



  1. Спозмолитиктер

  2. Антидепресанттар

  3. Антикоагулянттар

  4. Ангиоблокаторлар

  5. Тромболитиктер

100.Посттромбофлебиттік синдром кезіндегі трофикалық жараның жиі кездесетін жері:



  1. Балтырдың жоғарғы бөлігінде

  2. Балтырдың ішкі бетінде

  3. Балтырдың сыртқы бетінде

  4. Тобықтың ішкі аймағы

  5. Аяқбасының сыртқы беті

101.Аппендоэктомиядан кейін ерте кезеңде оң аяқтың ісігі мынаған байланысты болуы мүмкін:



  1. Псоит

  2. Санның терең флегмонасы

  3. Жамбас венасының тросбозы

  4. Операциядан кейін оң жамбас аймағының инфильтраты

  5. Кіші жамбас астауының абсцессі

102.Жедел тромбофлебитте гепариндік тигізетін әсері:



  1. Тромбтың лизисі

  2. Тромбтың реканализациясы

  3. Тромб түзілуін алдын-алу

  4. Қанның реалогиялық қасиетінің жоғарлауы

  5. ДВС синдромның алдын-алу

103.Пежеетта-Шреттер синдромы бұл:



  1. Көкбауыр венасының тромбозы

  2. Жедел илиофеморальды тромбоз

  3. Өкпе артериясының жедел эмболясы

  4. Бұғана асты венасының жедел тромбозы

  5. Қақпа венасының жедел тромбозы

104.Балтырдың беткей веналарының тромбофлебитінде ерте кезеңінде тромб қандай болуы мүмкін:



  1. Қабырғалық

  2. Окклюзиялық

  3. Қозғалмалы

  4. Ақ

  5. Қызыл

105.Илеофеморалді тромбоз немен қауіпті:



  1. Көкбауыр инфарктісімен

  2. Шажырқай тамырының тромбоэмболиясымен

  3. Пилефлебитпен

  4. Инфарктті пневмониямен

  5. Инсультпен

106.Тромбофлебиттік синдромнан кеиінгі ең тиімді диагностикалық әдіс:



  1. Термография

  2. Полярография

  3. Осциллограф

  4. Ультра дыбысты доплерография

  5. Реовазография

107.Тромбофлебиттен кейінгі синдром кезінде ауру сезімі немен түсіндіріледі:



  1. Аяқ-қолдың ісінуі

  2. Тері асты клетчаткасының индурацисы және аяқ-қол ісінуі

  3. Веналық гипертензия және тромбтың өсуі

  4. Қозғыштық синдромы

  5. Дерматиттің асқынуы

108.Балтырдың терең веналарының жедел тромбозына тән симптом:



  1. Кешкісінаяқ басының шамалы ісінуі

  2. Балтыр бұлшықетінің кернеп ауру сезімі

  3. Сан-тізе асты сегментінің ісінуі+яқтың төмнгі толық ісігі

  4. Алма-кезек ақсау симптомы оң

  5. Дерматиттің асқынуы

109.Төменгі қуыс венасының қозғалмалы тромбозында өкпе артериясы эмболиясының қазіргі заманғы алдын-алу шаралары:



  1. Тромбоэктомия

  2. Төменгі қуыс венасының пликациясы

  3. Төменгі қуыс венасын байлау

  4. Кава-фильтірдің имплантациясы

  5. Төменгі қуыс венасының балонды окклюзиясы

110.Жедел илеофеморальді тромбоздың клиникалық симптомы:



  1. Балтыр бұлшықетінің атрофиясы

  2. Лимфостаз

  3. Гипотрихоз

  4. Балтырдың тез арада ісінуі

  5. Неиродермит

111.Аяқтың терең веналарының қауіпті асқынуларын көрсетіңіз:



  1. Балтырдың трофикалық ойық жарасы

  2. Өкпе артериясының эмболиясы

  3. Көкбауыр инфаркті

  4. Терең веналардың облитерациясы

  5. Піл аяқ

112.Аяқтың тромбофлебиттен кейінгі аурулары қандай өзгерістердің нәтижесі:



  1. Қақпа веналардың тромбозы

  2. Беткей веналардың варикозды кеңеюі

  3. Балтырдың және санның терең веналарының тромбозы

  4. Үлкен тері асты венасын байлау

  5. Магистральді артериялардың тромбозы

113.Жедел тромбофлебитке тән лабораторлық тест:



  1. Билирубинемия

  2. Гиперкоагулияция

  3. Амилаземия

  4. Азотемия

  5. Гипоальбуминемия



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет