Асқазанның ісіктері
1. Асқазан рагымен аурушаңдық:
тұрақтанды
төмендеді
ерлер арасында көбейіп, әйелдер арасында төмендеді
жоғарылады
әйелдер арасында көбейіп, ерлер арасында төмендеді
2.Асқазан рагы қай жаста жиі пайда болады?
20 жасқа дейін
21 жастан 50 жасқа дейін
33 жастан 60 жасқа дейін
51 жастан 70 жасқа дейін
барлық жас топтарында кездесу жиілігі бірдей
3.Азық-түліктерді қай әдіспен сақтағанда тағам құрамындағы нитрозаминдер мен олардың ізашарлары көбеймейді?
мұздатқанда
ыстағанда
тұздағанда
консервілегенде
барлық жауаптар дұрыс
4.Асқазан рагының пайда болуына әсер етпейтін факторды көрсетіңіз
ас тұзын артық мөлшерде қабылдау
асқазанның бактериальды флорамен зақымдануы
афлотоксиндермен зақымданған тағамдарды жиі пайдалану
азық-түліктерді қатты қуырып жеу
тағамның құрамындағы клетчатканың мөлшері
5.Асқазан эпителиінің дисплазиясын қандай әдіспен анықтайды:
рентгенологиялық зерттеу кезінде
гастроскоп арқылы асқазанның шырышты қабаттын көру кезінде
асқазанның ультрадыбыстық зерттеуі кезінде
цитологиялық немесе гистологиялық зерттеу кезінде
барлық көрсетілген әдістермен
6.Төменде көрсетілген аурулардың қайсысы асқазанның рак алды ауруына жатпайды?
Менетрие ауруы
асқазанның ойық-жара ауруы
асқазанның гиперпластикалық полиптері
созылмалы атрофиялық гастрит
пернициозды анемия
7. Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы асқазан ойық-жарасының малигнизацияланбағандығын дәлелдеуге көмектеседі?
асқазанды УДЗ және КТ арқылы зерттеу
рентгенологиялық зерттеу
асқазан сөлін гистаминмен зерттеу
нәжісті жасырын қанға зерттеу
эндоскопиялық тексеру жүргізіп, биопсия алу
8. Науқас 10 жыл бойы созылмалы атрофиялық гастрит ауруы бойынша терапевтте диспансерлік есепте тұр. Кезекті тексеріске келді. Шағымдары жоқ. Бұл науқас тексеруден өтуді қажет ете ме?
қанын зерттеуді қажет етеді
қажет етпейді
зәрін зерттеуді қажет етеді
ФГС немесе рентгенологиялық зерттеуді қажет етеді
асқазан сөлін зерттеуді қажет етеді
9. Төменде көрсетілген асқазан рагының қай түрі баяу өседі, сирек және кеш метастаз береді?
эндофитті
инфильтративті
экзофитті
жаралы-инфильтративті
тостағанша тәрізді
10. Асқазан рагының гистологиялық құрылымы көбінесе қандай болады?
аралас безді-жалпақ жасушалы рак
дифференцацияланбаған
барлық варианттар бірдей жиілікпен кездеседі
аденокарцинома (бездік рак)
жалпақжасушалы рак
11.Асқазан рагы көбінесе қандай ағзаға метастаз береді?
бауырға
өкпеге
бұғана үсті лимфа түйіндеріне
бүйрекке
сүйекке
12.Вирхов метастазы қай жерде орналасады?
Дуглас кеңістігінде
аналық безінде
кіндікте
сол жак бұғана үсті лимфа түйіндерінде
шап лимфа түйіндерінде
13.Крукенберг метастазы қай жерде орналасады?
төс-бұғана-еміздік тәрізді бұлшық ет аяқшалары арасында
кіндікте
аналық бездерінде
бұғана үсті лимфа түиіндерінде
тік ішек –қуық қатпарында
14.Әйелдерде Шницлер метастазы қай жерде орналасады?
тік ішек-қуық қатпарында
Дуглас кеңістігінде
аналық бездерінде
кіндікте
бұғана үсті лимфа түйіндерінде
15.Ерлерде Шницлер метастазы қай жерде орналасады?
кіндікте
аналық бездерінде
тік ішек-жатыр қатпарында
бұғана үсті лимфа түйіндерінде
тік ішек-қуық қатпарында
16.Кіші шарбы майында бірен-саран метастаздары бар диаметрі 3 см, бұлшық ет қабатына дейін өскен асқазан рагы төменде көрсетілген даму сатыларының қайсысына жатады:
1
2А
2Б
3А
4А
17. Аймақтық метастаздары жоқ диаметрі 4 см, бұлшық ет қабатына дейін өскен асқазан рагы TNM жүйесі бойынша қалай белгіленеді:
T1N0M0
T1N1M0
T2N0M0
T2N1M0
T3N0M0
18. Көбінесе асқазанның кардиальды бөлімінің рагына тән болып келетін белгіні көрсетіңіз:
эпигастрий аймағында ауру сезімі
кекіру, қыжылдау, құсу
әлсіздік
дисфагия
іш өту
19.Нағыз асқазанның пилорикалық бөлімінің рагына тән болып келетін клиникалық белгіні көрсетіңіз:
аш қарынға «шолпыл шуылы»
жүрек айыну
дисфагия
іш өту
қыжылдау
20. Көбінесе асқазанның пилорикалық бөлімінің рагына тән болып келетін белгілер төменде көрсетілген клиникалық феномендердің қайсысымен негізделеді?
деструкция
компрессия
обтурация
улану
қызба
21.Асқазанның созылмалы ауруы бар науқаста қыжылы төмендеп, тамақтанудан кейін пайда болатын ауру сезімі азайып,тұрақты сипат алды. Бұл жағыдайда не ойлауға болады?
аурудың жазылғандығын
үрдістің тұрақтанғандығын
малигнизация болуы мүмкін
ешқандай ой туғызбайды
созылмалы аурудың өршуін
22 Обтурация феноменімен көрініс беретін қандай белгілер асқазанның пилорикалық бөлімінің рагына тән болып келеді?
қыжыл
күрт пайда болатын әлсіздік
дене қызуының көтерілуі
тез жүдеу
жүрек айну, құсу
23. Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы асқазан рагын барынша ерте анықтауды қамтамасыз етеді:
лапароскопия
«кішігірім белгілер» синдромын іздеу
құрсақ қуысының жалпы шолу рентгеноскопиясы
асқазан рентгенографиясы
гастроскопия биопсиямен
24.Асқазанның экзофитті рагының рентгенологиялық белгісін көрсетіңіз:
өзіне тән көрінісі жоқ
асқазан қабырғасының сыртқа қарай томпаюы
көлемді ниша
толу дефектісі
асқазан қалытқысының (привратнигінің) стенозы түрінде
25.Асқазанның кардиальды бөлімінің рагы кезінде жасалатын симптоматикалық операцияны көрсетіңіз:
гастродуоденоанастомоз
асқазанның дистальды резекциясы
гастроэнтероанастомоз
пилоропластика
гастростомия
26.Асқазанның пилорикалық бөлімінің рагы кезінде жасалатын симптоматикалық операцияны көрсетіңіз:
гастродуоденоанастомоз
пилоропластика
асқазанның проксимальды резекциясы
гастростомия
гастроэнтероанастомоз
27.Асқазанның шыға беріс бөлімінің стенозы көріністері бар I-II даму сатысындағы экзофитті операбельді рагы кезінде қандай операция жасалады:
гастроэнтеростомия
гастростомия
пилоропластика
асқазанның субтотальды дистальды резекциясы
гастродуоденостомия
28.Асқазанды және барлық регионарлық метастаздану аймақтарын толығымен алып тастайтын операция қалай аталады?
проксимальды субтотальды резекция
асқазанның 1\2 бөлігінің резекциясы
дистальды субтотальды резекция
гастрэктомия
гастростома салу
29.Асқазанның дистальды 1/3 бөлігінің I-II даму сатысындағы экзофитті түрде өскен ісігі кезінде қандай операция жасалады?
проксимальды субтотальды резекция
асқазанның 1\2 бөлігінің резекциясы
дистальды субтотальды резекция
гастроэнтероанастомоз
гастрэктомия
30. Жоғары және орташа дәрежеде пісіп жетілген, экзофитті түрде өскен қатерлі ісік (I-II даму сатысындағы) асқазанның кардиальды бөлімінде орналасқанда қандай операция жасалады:
асқазанның 1\2 бөлігінің резекциясы
дистальды субтотальды резекция
гастрэктомия
гастростома салу
проксимальды субтотальды резекция
31.Науқасқа 7 ай бұрын асқазан рагы бойынша радикальды операция жасалынды. Кезекті дәрігерге көрінуге келген кезінде шағымдары жоқ . Рецидив және метастаздары жоқ. Енді бұл науқас кезекті бақылауға қашан келуі керек?
3 айдан кейін
6 айдан кейін
1 жылдан кейін
3 жылдан кейін
болашақта қаралуды қажет етпейді
32. Науқасқа 15 ай бұрын асқазан рагы бойынша радикальды операция жасалынды. Кезекті дәрігерге көрінуге келген кезінде шағымдары жоқ . Рецидив және метастаздары жоқ. Енді бұл науқас кезекті бақылауға қашан келуі керек?
айдан кейін
6 айдан кейін
1 жылдан кейін
3 жылдан кейін
болашақта қаралуды қажет етпейді
33. Науқасқа 3 жыл бұрын асқазан рагы бойынша радикальды операция жасалынды. Кезекті дәрігерге көрінуге келген кезінде шағымдары жоқ . Рецидив және метастаздары жоқ. Енді бұл науқас кезекті бақылауға қашан келуі керек?
3 айдан кейін
6 айдан кейін
1 жылдан кейін
3 жылдан кейін
болашақта қаралуды қажет етпейді
34. Науқасқа 7 жыл бұрын асқазан рагы бойынша радикальды операция жасалынды. Кезекті дәрігерге көрінуге келген кезінде шағымдары жоқ. Рецидив және метастаздары жоқ. Енді бұл науқас кезекті бақылауға қашан келуі керек?
3 айдан кейін
6 айдан кейін
1 жылдан кейін
3 жылдан кейін
болашақта қаралуды қажет етпейді
35. ҚР-да онкологиялық аурушаңдық құрылымында асқазан рагы нешінші орын алады?
1-ші орын
2-ші орын
3-ші орын
4-ші орын
5-ші орын
36. Асқазан рагы пайда болуындағы жоғары қауіп-қатер тобына жатпайтын ауруды көрсетіңіз:
созылмалы анацидті гастрит
жиі рецидивтенетін асқазанның ойық жара ауруы
Фитобезоар
асқазан полипозы
пернициозды анемия
37. Асқазан рагының паретальды ішпердесіне таралған метастаздарын қандай әдістің көмегімен анықтауға болады:
құрсақты мануальды әдіспен зерттеу
лабораторлы тесттер
лапароскопия
құрсақ қуысы мүшелерінің жалпы рентгенографиясы
қос контрасттау фонындағы асқазан рентгенографиясы
38. Асқазан рагымен ауыратын науқасты клиникалық тексергенде келесі симптомдарды анықтауға болады, ал қайсы белгіні анықтай алмайсыз?
тері жамылғыларының бозғылт, жер түстес болуы
асқазанның ісікпен зақымдалған бөлігін дәл анықтау
Вирхов метастазын
кіндіктегі метастазды
іш көлемінің ұлғаюын
39. Төменде көрсетілгендердің қайсысы асқазан рагының рентгенологиялық белгісіне жатпайды:
асқазан қабырғасындағы «ниша»
толу дефектісі
патология аймағында асқазан қабырғасының сіресіп қатаюы (ригидтілігі)
«тышқан құйрығы» белгісі
шырышты қабат рельефінің атипиялық өзгеруі
40. Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы асқазан рагын анықтағанда қолданылмайды:
биоптатты цитоморфологиялық зерттеу
фиброгастроскопия
рентгенологиялық
асқазанды УДЗ
электрогастрография
41. Асқазанның проксимальді бөлігінің экзофитті рагы кезінде (операбельді жағдай болғанда) онкологиялық тұрғыдан негізделген операция:
Бильрот-2 әдісі бойынша асқазанды резекциялау
Ниссен бойынша эзофагофундоанастомоз
дистальды субтотальды резекция
эзофагогастроанастомозбен аяқталатын асқазанның проксимальді субтотальді резекциясы
Бильрот-1 бойынша асқазанды резекциялау
42. Асқазан қалтқысының ( привратник) стенозы көріністерімен байқалатын, асқазанның дистальді бөлігінің операбельді экзофитті рагы кезінде қандай операция жасалады:
асқазанның дистальды субтотальды резекциясы
Микулич бойынша пилоропластика
гастростомия
гастроэнтероанастомоз
гастроэктомия
43. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы асқазанның операбельді емес рагының абсолютті белгісі болып табылмайды:
канцераматозды асцит
ісіктің үлкен көлемдері
Шницлер метастаздарының болуы
бауырдың көптеген метастаздармен зақымдануы
Крукенберг метастаздарының болуы
44. Асқазанның антральді бөлігінің операбельді емес рагы кезінде ең тиімді болып табылатын симптоматикалық операцияны көрсетіңіз:
артқы гастроэнтероанастомоз
гастростомия
Микулич бойынша пилоропластика
алдыңғы гастроэнтероанастомоз
Ниссен бойынша эзофагофундоанастомоз
45. Асқазан рагына жасалған түбегейлі операциядан кейін адъювантты полихимиотерапия қандай жағыдайда жасалмайды:
аймақтық метастаздары болған жағыдайда
төмен дәрежеде пісіп-жетілген аденокарциномада
орта дәрежеде пісіп-жетілген аденокарциномада
скиррозды рак кезінде
1-даму сатысындағы жоғары пісіп-жетілген аденокарциномада
46. Асқазан рагы бойынша полихимиотерапия жүргізген кезде қолданылатын негізгі ісікке қарсы препаратты көрсетіңіз:
5-фторурацил
Винбластин
Винкристин
Циклофосфан
Дактиномицин
47. Асқазанның антральді бөлігінің ойық жарасы малигнизацияланғанда қандай операция жасалады:
антрумэктомия
ойық жараны тіліп алу
асқазанның дистальді субтотальді резекциясы
ваготомиямен қабаттастырып ойық жараны тілу және пилоропластика жасау
асқазанның 2/3 бөлігін резекциялау
48. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы асқазан қалтқысының декомпенсацияланған асқазан стенозына біреуі тән емес:
ауыздан жағымсыз иістердің шығуы
рентгенологиялық зерттеуде барий сульфатының 24 сағаттан астам уақыт кідіруі
аш қарынға «шолпыл шуылы»
Дисфагия
зерттеуден күн бұрын ішкен тағаммен құсу
49. Менетрие ауруы - бұл:
атрофиялық гастрит
асқазан полипозы
асқазан дивертикулезі
парадоксальды дисфагия
қыртысты гипертрофиялық гастрит
50. Төменде берілген белгілердің қайсысы асқазан рагына тән емес?
құрамындағы альфа-фетопротеинді ерте анықтау (Абелев-Татаринов реакциясы)
созылмалы атрофиялық гастриттің негізінде дамиды
полиптен дамуы мүмкін
асқазанның үлкен иінінде сирек орналасады
әйелдерге қарағанда ерлерде үш есе жиі пайда болады
51. Қандай диаметрдегі асқазан полипінің малигнизациялану ықтималдығы өте жоғары болып келеді:
2 см және оданда көп болса
1 см және одан да көп болса
көлемінің маңызы жоқ
0,5 см және оданда көп болса
1,5 см және одан да көп болса
52. Қай әдістің көмегімен асқазан рагын ерте анықтауға болады?
Ультрадыбыстық зерттеу ( УДЗ )
асқазан сөлін фракциялық зерттеу
лапароскопия
фиброгастроскопия жасап нысаналы биопсия алу
нәжісті жасырын қанға зерттеу
Достарыңызбен бөлісу: |