Артикуляциялық аппараттың ақаулары (бұзылыстары).
Артикуляциялық аппараттың құрылысында туа біткен немесе ерте (7 жасқа дейін) жаста пайда болған кезкелген бұзылыстар баланың сөйлеу тілінің қалыптасуына және дамуына әсер етеді. Артикуляциялық аппаратында кешірек пайда болған кемістіктер әдетте күрделі кемістіктерге соқтырмайды, бірақ ауызша сөйлеу тілінің жеке сипатына және сапасына маңызды әсерін тигізеді.
Артикуляциялық аппараттың ақауларының түрлері
Жақ-сүйек патологияларының ең жиі кездесетін түрлері қатты және жұмсақ таңдайдың жарықтары болып табылады.
Жарық – таңдайдағы туа біткен саңылау. Жарықтар жұмсақ және қатты таңдайдың және олардың альвеолярлы өскінінің жырығы; үстіңгі еріннің жарығы бөліп бөлінеді. Жарықтың салдарынан ринолалия және ринофония пайда болады, еріндік-тістік дыбыстардың артикуляциясы қиындайды немесе бұзылады.
Тістену (ортогнатия) - астыңғы және үстінгі тістердің бірігіп тұрғанындағы жақ сүйектердің қабысуы (4А сурет).Қалыпты жағдайда үстіңгі тістер біршама алға жылжып тұрады.
(4 А сурет)
Тістенудің ақаулықтарының бірнеше түрлері болады: кемиек (прогнатия), опырауыз (прогения), азу тістердің қабыспауы, алдыңғы ашық қабысу, түзу жабық қабысу, терең жабық қабысу.
Прогения – астыңғы жақ сүйегінің шамадан тыс дамуына байланысты оның алдыға шығып кетуі (4Ә сурет).
Прогнатия – жоғары жақ сүйегінің шамадан тыс дамуына немесе астыңғы жақ сүйегінің жетік дамымауының салдарынын оның алдыға шығып кетуі.
Бұндай ақаулықты қазақ тілінде кемиек деп атайды(4 Б сурет).
(4 Ә сурет) (4 Б сурет)
Алдыңғы тістену – астыңғы және үстіңгі тістер бір деңгейде
орналасады(4 В сурет)
Алдыңғы ашық тістену – прогнатия, прогения немесе тістердің болмауы (ақаулары) салдарынан алдыңғы тістердің қабыспауы(4 Г сурет)
(4 В сурет) (4 Г сурет) (4 Ғ сурет)
Диастема (diastema; греч. diastёma ара қашықтық, аралық)-тістердің орналасуының ақаулығы; жоғары күрек тістер арасы шамадан тыс ашық. Диастема шынайы және жалған деп бөлінеді. Шынайы (d. verus) диастема-барлық тістер шығып болғаннан кейін байқалады - және жалған (d. falsum) диастема-тістер шыққанға дейін байқалады (4 Ғ сурет)
Тістер қатарының тұтастығының басқа да ақаулары (4Д, Е сурет) кездеседі.
(4 Д сурет) (4 Е сурет)
Тіл асты желбезегінің қысқа болуы-туа біткен ақаулық; бұндай жағдайда тіл қимылдары қиындап, шектеулі болады. Сондықтан, көптеген жағдайда тілдің жоғары көтерілімін талап ететін дыбыстарды айту бұзылыстарының себебі болып табылады.
Парез және паралич салдарынан тіл қимылдарының бұзылыстары, сонымен бірге оның туа біткен шамадан тыс дамуы (макроглоссия-шамадан тыс үлкен тіл) немесе тілдің жетік дамымауы (жіңішке-микроглоссия) пайда болады. Қалыпты жағдайда тіл артикуляцияға керек барлық қимылдарды орындайды:оңай жайпақталады, қайқияды, жоғары альвеолаларға көтеріледі, төменгі альвеолаларға түседі, айналма қимылдар жасайды (жоғарғы және төменгі еріндерді жалау), т.б. Осы қабілет негізінде диагностикалық және коррекциялық технологиялар құрастырылған.
Биік және «готикалық» таңдай-таңдай қақпа (арка) тәрізді ауытқулар да кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |