Тәжірибелік дағдыларын бағалауға арналған тапсырмалар:
№ 83 ПРЕПАРАТ. Кеңірдек. Г.Э.
Кіші ұлғайтқышпен кеңірдектің барлық қабықтарын қарап шығыңыз. Үлкен ұлғайтумен көп қатарлы кірпікшелі эпителийді, меншікті пластинканы, аралас бездердің секреторлы бөлімі орналасқан кілегей асты қабық, талшықты – шеміршекті қабық және адвентицияны зерттеңіз. Үлкен ұлғайтқышпен кеңірдектің барлық қабықтарының суретін салып, белгілеңіз:
І. Кілегей қабық
1. көп қатарлы кірпішелі эпителий
2. меншікті қабат
3. эластикалық талшықтар
ІІ. Кілегей асты қабығы
4. бездер
ІІІ. Талшықты-шеміршек қабығы
ІV. Адвентиция
№ 84 ПРЕПАРАТ. Өкпе. Г.Э.
Кіші ұлғайтқышпен орташа және ұсақ калибрлі өкпе ішілік бронхтарды табу керек. Орташа бронхтарға тән белгі: фиброзды-шеміршекті қабықта гиалинді шеміршек пластинкасы және кілегей асты негізде кілегейлі – белокты бездердің болуы. Орташа бронх қабырғасында кілегей қабықта ет пластинкасы пайда болады, эпителий – көп қатарлы кірпікшелі призмалық эпителий, одан соң гиалинді шеміршек пластинкалары аралшыққа ауысады. Кіші бронхтың ерекшелігіне шеміршек пен бездің болмауы және көп қатарлы эпителий екі қатарлыға, одан бір қатарлыға алмасады. Альвеолярлы қалта үш, төрт алвеоланың тұйықтала кеңуінен тұрады. Кіші ұлғайтқышпен орташа бронхты зерттеп, суретін салыңыз. Үлкен ұлғайтқышпен кіші бронх пен альвеоладан тұратын альвеолярлы қапшықты салыңыз.
Суретті белгілеу керек:
А. Орташа бронх
Б. Кіші бронх
1. бронхтың кілегей қабығы
а) көп қатарлы кірпікшелі эпителий
б) кілегей қабықтың меншікті пластинкасы
в) ет қабығының ет пластинкасы
2. кілегей асты негізі
г) кілегей-белокты без
3. фиброзды-шеміршек қабығы
4. адвентиция
В. Альвеола
№ 62 ПРЕПАРАТ. Адам саусақтарының терісі. Г.Э.
Үлкен және кіші ұлғайтқышпен препаратты зерттеңіз. Кіші ұлғайтумен терінің эпидермис, дерма, тері асты шел қабатты және тер бездерінің соңғы бөлімдерін салу керек. Эпидермис қабаттарына: өсу, түйіршікті, жалтырауық, мүйізгек және эпидермиске еніп жатқан дәнекер тканді емізікшеге көңіл айдарыңыз. Дерманың емізікше қабаты жіңішке талшықтар мен көптеген клеткалық элементтерден тұрса, ал торлы қабаты жуан коллаген талшықтардан тұрады. Дерма мен шел қабатының шекарасында тер бездері орналасқан.
Суретте белгілеу керек:
1. эпидермис
а) өсу (базальды) қабаты
б) тікенекті қабат
в) түйіршікті қабат
г) жалтырауық қабат
д) мүйізденген қабат
2. дерма
а) емізікше қабаты
б) торлы қабат
3. тері асты шел қабаты
4. тер бездері
№
Достарыңызбен бөлісу: |