Тәжірибелік дағдыларын бағалауға арналған тапсырмалар: №83 препарат. Кеңірдек. Г. Э



бет9/14
Дата29.12.2022
өлшемі39,76 Kb.
#164829
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Экзам вопросы КАЗ 2022-2023 (копия)

94 ПРЕПАРАТ. Жатыр. Г.Э.
Кіші ұлғайтқышпен бір қабатты призмалық эпителиймен төселген кілегей қабықты зерттеу керек. Кілегей қабықтың меншікті пластинкасы болбыр талшықты дәнекер тканінен тұрады. Үлкен ұлғайтқышпен үш қабаттан ішкі – кілегей асты, ортаңғы – сақиналы тамырлы және сыртқы қиғаш және ұзына бойы орналасқан ет клеткаларынан құралған – тамыр үсті қабаттан тұратын ет қабығын зерттеңіз. Ет клеткалары шоғыры арасында эластикалық талшықтар мен гистиоциттерге бай дәнекер тканьді перде орналасқан. Сірі қабығы мезотелий мен болбыр талшықты дәнекер тканінен құралған. Кілегей қабықтың эпителийі – биік призмалы, жатыр крипталарын құрайды. Жатырдың барлық қабықтарының суретін салыңыз:
1. бір қабатты призмалық эпителий
2. жатыр крипталары
3. кілегей қабықтың меншікті пластинкасы
4. кілегей асты ет қабаты
5. тамырлы қабат
6. тамыр үсті ет қабаты
7. сірі қабығы

58 ПРЕПАРАТ. Гипофиз.Г.Э.


Окуляр көмегімен, одан кіші ұлғайтқышпен препараттан қалың қызғылт түске боялған гипофиздің – алдыңғы бөлігін (ең көлемді), ашық қызғылт түске боялған – артқы бөлігін және олардың арасындағы - аралық бөлікті көруге болады. Үлкен ұлғайтқышпен гипофиздің алдыңғы бөлігінен шеттері тегіс емес, цитоплазмасы әлсіз боялған көптеген ұсақ клеткаларды, цитоплазмасы қызғылт ірі эозинофильді клетканы және сирек орналасқан ірі базофильді клетканы, клеткалар арасында орналасқан капиллярдарды көруге болады. Артқы бөлік фолликула төрізді қуысты құрайтын ұсақ клеткалардан құралған. Кіші ұлғайтқышпен гипофизді салып, суретте белгілеу керек:
1. алдыңғы бөлік
2. аралық бөлік
3. артқы бөлік
Үлкен ұлғайтқышпен алдыңғы бөлік аймағын салып, суретте белгілеу керек:
4. негізгі клеткалар
5. эозинофильді клетка
6. базофильді клетка
7. капиллярлар

59 ПРЕПАРАТ. Қалқанша безі. Г.Э.


Кіші ұлғайтқышпен қалқанша безінің бөлікшелерден тұратындығын және онда шығару өзегінің жоқтығын қөруге болады. Қалқанша безінің паренхимасы – іші коллоидтқа толы фолликулалардан тұрады. Фолликула араларында интерфолликуларлық аралшықтар және қан тамырлары бар дөнекер ткані орналасқан. Үлкен ұлғайтқышпен қан тамыры және интерфолликуларлық аралшықпен қоршалған фолликуланы зерттеп, суретін салу.
Суретте белгілеу керек:
1. фолликула
2. коллоид
3. интерфолликуларлық аралшық
4. қан тамыры
5. болбыр талшықты дөнекер тканді перде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет