Тәжірибелік дағдыларын бағалауға арналған тапсырмалар: №83 препарат. Кеңірдек. Г. Э



бет8/14
Дата29.12.2022
өлшемі39,76 Kb.
#164829
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Экзам вопросы КАЗ 2022-2023 (копия)

88 ПРЕПАРАТ. Несепағар. Г.Э.
Кіші ұлғайтқышпен кілегейлі қабықтың ауыспалы эпителийін, оның астында орналасқан меншікті қабатын көресіз. Кілегей қабықтың ет қабаты жоқ, сондықтан оның меншікті қабаты кілегей асты негізге ауысады. Кілегей қабықта ұзына бойы қатпарлар бар. Ет қабығында бірыңғай салалы ет клеткасының шоғырлары үш: ішкі ұзына бойы, ортаңғы – сақиналы және сыртқы – ұзына бойы қабат түзейді. Несеп түтігінің жоғарғы бөлігінде сыртқы ұзына бойы ет қабаты болмауы мүмкін. Сыртқы адвентиция қабығы дәнекер тканінен құралған.
Суретті салып, белгілеу керек:
І. Кілегей қабық
1. ауыспалы эпителий
2. меншікті қабат
ІІ. Кілегей асты қабығы
ІІІ. Ет қабығы
1. ішкі ұзына бойлы
2. ортаңғы сақиналы
3. сыртқы ұзына бойлы
ІV. Адвентиция

89 ПРЕПАРАТ. Ен. Г.Э.


Кіші ұлғайтқышпен препаратты зерттеңіз. . Үлкен ұлғайтқышпен ен препаратында ирек ен каналшаларының көлденең кесіндісін көресіз. Қабырғасы сустентоциттерден және әртүрлі даму сатысындағы аталық жыныс клеткаларынан тұрады. Сперматогонии, бірінші қатарлы сперматоцит, сперматид, сперматозоидты табыңыз. Ирек каналшалар кесіндісі арасында интерстициальды клеткалар орналасқан.
Суретті белгілеу керек:
1. ирек ен каналшасы
2. сүйемелдеуші клетка
3. сперматогонии
4. І қатарлы сперматоцит
5. сперматид
6. интерсициальды клетка

91 ПРЕПАРАТ. Қуық асты безі. Г.Э.


Кіші ұлғайтқышпен бөлшекті мүшені көресіз. Әр бөлшекте кесілген соңғы бөлім топтары бар. Үлкен ұлғайтқышпен призмалық эпителиймен төселген соңғы бөлімді көреміз. Без бөліктерінде ет ткані жақсы жетілген, болбыр талшықты дәнекер тканімен қоршалған. Бірыңғай салалы ет клеткалар шоғыры әр бағытта орналасады. Секреторлы бөлім қуыстарында қатпарлы түзіліс – конкреция кездеседі.
Суретті салып, белгілеңіз:
1. секреторлық бөлім
2. қуық асты безі конкрециясы

92 ПРЕПАРАТ. Аналық жыныс безі. Г.Э.


Кіші және үлкен ұлғайтқышпен аналық жыныс безін сыртынан қоршап жатқан ұрық эпителийін, оның астындағы белокты қабықты және аналық жыныс безінің қыртыс затын көресіз. Белокты қабыққа жақын қыртыс затта примордиальды фолликула, тереңірек даму сатысындағы және көпіршікті фолликула, сары дене, атретикалық дене орналасқан. Қыртыс зат жұмсақ затты жауып жатады. Үлкен ұлғайтқышпен примордиальды фолликуланы зерттеңіз. Ол жылтырауық қабығы бар, бірнеше қатар фолликулярлы клеткалармен қоршалған бірінші реттік овоциттен тұрады. Көпіршікті фолликула мөлшері үлкен, қуысы сұйықтыққа толы, жұмыртқа төмпешігінде аналық жыныс клеткасы (бірінші реттік овоцит) орналасады.
Суретті салып, белгілеңіз:
1. ұрықтық эпителий
2. белокты қабық
3. примордиальды фолликула
4. даму сатысындағы фолликула
5. агретикалық дене
6. көпіршікті фолликул
а) жұмыртқа төмпешігі
б) жылтырауық қабық
в) фолликулярлы клетка
г) дәнекер тканьді қабық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет