Биологиялық мембрана қасиеттері



Дата08.02.2022
өлшемі11,98 Kb.
#123860
түріҚұрамы
Байланысты:
Биологиялық мембрана
77 Обучение грамоте, 77 Обучение грамоте, 77 Обучение грамоте, 77 Обучение грамоте, 77 Обучение грамоте, Ғылыми жетекші мен студент туралы мәліметтер, Жоба (5), mektepke dei 774 ingi test-1

Биологиялық мембрана қасиеттері
Ағындылық. Мембрана мызғымас құрылым емес, оның құрамына кіретін белоктар мен липидтердің қөбісі ұзына бойы жазықтықта ағып қозғала алады.
Бейөлшемдестік. Сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы әркелкі келеді.
Үйектік. Мембрананың сыртқы беті – оң, ішкісі теріс зарядты болады.
Таңдамалы өткізгіштік. Еріген заттардың белгілі ғана бөлшектерін және иондарды іріктеп өткізеді.
Мембрана қызметі
Жасушаны қоршаған ортадан және өзара оқшаулайды немесе оны бірнеше бөлікке бөледі;
Маңызды ферменттері арқылы мембранада өтетін заттардың ағынын қадағалайды;
Тіршілікке қажетті биохимиялық әсерленістер жылдамдығын және бағытын айқындайды;
Өткізгіштік және арнамалы тасымал тетіктері арқылы жасуша ішіндегі әсерленгіш жерлерінің қасиеттерін реттейді. Сөйтіп эндоцитоз (ішке бөлу) және экзоцитоз (сыртқа бөлу) үрдістеріне жағдай жасайды;
Беткейлік орналасқан байланыстырушы жүйелердің көмегімен тіндегі немесе ағзаның құрамындағы жасушалардың іс-әрекетін үйлестіреді;
Мембрананың кейбір жерлері көршілес жасушаларды танып, олардың жайылуын (пролиферацияны) шектейді.
Беткейлік орналасқан арнамалы қабылдағыштар арқылы гормондар (қоздырғыштар), медиаторлар (дәнекершілер), басқа биологиялық дәртті заттардың және дәрілердің алмасуын қамтамасыз етеді;
Мембрана бетінде антигендер мен ұқсас таңбалардан құралған танитын жерлері болады, олар ішкі қадағалаушы жүйелердің таныс жасушаларды бөгде дене ретінде жоюдан қорғайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет