Тәжірибелік дағдыларын бағалауға арналған тапсырмалар: №83 препарат. Кеңірдек. Г. Э



бет13/14
Дата29.12.2022
өлшемі39,76 Kb.
#164829
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Экзам вопросы КАЗ 2022-2023 (копия)

42 ПРЕПАРАТ. Торлы қабық. Г.Э.
Кіші ұлғайтқышпен торлы қабықты тауып, үлкен ұлғайтқышпен оның құрылысын зерттеу керек. Торлы қабықтың пигмент және фотосенсорлы қабатын көресіз. Онан әрі сыртқы ядролық қабаттың арасында сыртқы торлы қабат жатыр. Ішкі ядролық қабаттың жалғасы болып ішкі торлы қабат орналасқан. Әрмен қарай ірі мультиполярлы нейроннан тұратын ганглионарлы қабат, нерв талшықтары қабаты бар. Оның ішкі жағында ішкі шекаралық қабат орналасқан. Сыртқы шекаралық қабат таяқша мен сауытша қабаты және сыртқы ядроның қабаты арасында орналасады.
Суретті салып, белгілеу керек.
1. пигментті эпителий
2. таяқша мен сауытша қабаты
3. сыртқы шекаралық мембрана
4. сыртқы ядролық қабат
5. сыртқы торлы қабат
6. ішкі ядролық қабат
7. ішкі торлы қабат
8. ганглиозды қабат
9. нерв талшықтар қабаты
10. ішкі шекаралық мембрана

43 ПРЕПАРАТ. Көздің мүйізді қабығы. Г.Э.


Кіші ұлғайтқышпен мүйізді қабықты қарау қажет. Үлкен ұлғайтқышпен оның қабаттарын: көп қабатты жазық эпителийді, алдыңғы шекаралық пластинканы, меншікті затын, артқы шекаралық пластинканы және артқы эпителийді табу қажет.
Суретті салып, белгілеу керек.
1. көп қабатты мүйізделмейтін жазық эпителий
2. алдыңғы шекаралық пластинка
3. меншікті зат
4. артқы шекаралық пластинка
5. артқы эпителий

44 ПРЕПАРАТ. Ішкі құлақ иірімі. Иірім мүшесі. Г.Э.


Кіші ұлғайтқышпен сүйек қуысының иірімінің көлденең кесіндісін және оның осы иірімдегі үш бұрышты пішінді жарғақ қуысын тауып салу керек. Осының шекарасын вестибуляр жарғағы, тамырлы жолақты иірімді сіңір мен иірім мүшесі орналасқан тимпональды мембрана құрайды.
Суретті салып, белгілеу керек.
1. сүйек қуысы иірімнің қабаты
2. жарғақ қуысы
3. тамырлы жолақты иірімді сіңір
4. вестибулярлы жарғақ
5. тимпональды мембрана
Үлкен ұлғайтқышпен белгілеңіздер.
1. сыртқы бағана клеткалар
2. ішкі бағана клеткалар
3. сыртқы түкті клеткалар
4. ішкі түкті клеткалар
5. сыртқы тіректі клеткалар
6. сыртқы шекаралық клеткалар
7. сыртқы сүйемелдеуші клеткалар
8. ішкі сүйемелдеуші клеткалар
9. жамылғы мембрана



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет