«Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті» ММ - 090000, Орал қаласы, Пугачев көшесі, 45, 4 қабат, 433 кабинет, анықтама үшін телефондар: 8 (7112) 984283, факс.505443.
электрондық адрес: /http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/zko/ZKO/
«Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті» ММ осы мемлекеттік органның мемелекеттік қызметшілері үшін «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды.
1. Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы-ІІД бастығының баспасөз-хатшысы, С-О-4 санаты, №38, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы-мемлекеттік еңбек өтілі жылдарына байланысты 109931 теңгеден 148241 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
«Білім, гуманитарлық ғылым, әлеуметтік ғылымдар және бизнес» мамандықтары бойынша жоғары білім.
Функционалдық міндеттері:
Бөлім жұмысын ұйымдастырады және бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Бөлімге орындауға келіп түсетін қызметтік құжаттардың уақтылы және сапалы қаралуын ұйымдастырады. Жоспарланған іс-шаралардың уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыра отырып, ведомстволық нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және қызмет жұмысы бойынша басқа да құжаттарды, бөлімнің жұмыс жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады. ІІД басшылығының тапсырмасы бойынша жергілікті атқарушы органдарда және үкіметтік емес ұйымдарда ІІД-нің мүддесіне өкілдік етеді, БАҚ-та ІІД-нің ресми өкілі болып табылады. ІІД аппаратының және оның аумақтық бөліністерінің қызметінде мемлекеттік тілдің зерделеуін бақылауды және оның қолданылуын қамтамасыз ету бойынша жұмысқа талдау жасауды жүзеге асырады, ІІО қызметінде мемлекеттік тілді дамыту және оның жұмыс істеу процесіне кері әсерін тигізетін себептер мен салдарды жою туралы, сондай-ақ тіл және ақпарат саясаты саласы бойынша жұмысты жетілдіру, тіл және БАҚ туралы заңнаманың бұзылуына жол берген басшыларға қатысты тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдау бойынша ІІД басшылығына ұсыныстар енгізеді. Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ІІД және оның аумақтық бөліністерінің қызметкерлеріне курстар ұйымдастырады, мемлекеттік тілді оқыту бойынша ІІД құрылымдық бөліністері қызметкерлерінің сабаққа келуін бақылауды жүзеге асырады, сабаққа қатыспайтын қызметкерлерге тәртіптік шара қолдану туралы ІІД басшылығына ұсыныстар енгізеді. Баспасөз конференцияларын, брифингтер мен дөңгелек үстелдерді әзірлеуге және өткізуге, сондай-ақ баспасөз релиздерін, ІІД басшылығының сөз сөйлеулері мен сұхбаттары жобаларын дайындауға қатысады. ІІО қызметін жариялау және оны ақпараттық сүйемелдеу мәселелері бойынша БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады, ІІО-ның БАҚ-пен тиімді байланыста болу тетігін құруға бағытталған медиа-жоспарларды, бағдарламалар мен жоспарларды жасау және оларды іске асыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және полиция қызметін насихаттау бойынша жұмысты жүзеге асырады, олардың жүзеге асырылуын бақылайды, күн сайын жедел ақпаратты талдайды, БАҚ-қа жариялауға арналған мәліметті Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментімен келісіп әзірлейді. ІІО қызметін айқындайтын бейнероликтер, оқу фильмдері мен телебағдарламаларды дайындауға қатысады. ІІД ақпараттық сайтының интернет желісіндегі жұмысын қолдау және оны жүргізу, ведомстволық сайттың тарауларындағы әр түрлі тақырыптағы материалдардың өзектілігі жөніндегі жұмысты үйлестіреді, ІІД бастығы блогының жұмысын жүзеге асырады, оған келіп түсетін азаматтардың өтініштеріне қызметтердің уақтылы жауап беруін қамтамасыз етеді, сондай-ақ онлайн және интернет конференцияларын өткізуді ұйымдастырады. БАҚ-тағы сыни жарияланымдарға ден қою шараларына бақылау жасайды, БАҚ-тағы сыни жарияланымдарды жоққа шығару мәліметтерін әзірлеуді қамтамасыз етеді. Қызметтік және еңбек тәртібін сақтайды, сондай-ақ Басқармадағы (бөлімдегі) қызметтік және еңбек тәртібінің жағдайын бақылауды жүзеге асырады. Сеніп тапсырылған бөліністе кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүргізеді. Сеніп тапсырылған бөліністегі жұмыскерлердің арасында тәрбие жұмысын ұйымдастырады. Бағынысты жұмыскерлердің тәртіп пен заңдылықты сақтауын қамтамасыз етеді. Сеніп тапсырылған бөлініс жұмыскерлерінің кәсіби деңгейін көтеруді қамтамасыз етеді. ІІД басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.
С-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес;*
4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.*
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс. Мемлекеттік, ағылшын тілдерін білуі және компьютерде жұмыс жасай білгені құпталады. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімде.
2. Ішкі бақылау тобының бас маманы, С-О-5 санаты, №29, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы-мемлекеттік еңбек өтілі жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112430 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
«Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы) мамандықтары бойынша жоғары білім.
Функционалдық міндеттері:
Бақылау объектісінің басшылығымен бірігіп бақылау іс-шараларын жүргізу процесінде анықталған заң бұзушылықтарды жою, келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша қажетті шаралар қабылдау. Бақылау объектілерінен құжаттарды, анықтамаларды, бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түсініктемелерді олар белгілеген мерзімде сұрау және алу. Құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны сақтауды ескере отырып, бақылау іс-шаралары мәселелеріне жататын бақылау объектілерінің құжаттамасымен кедергісіз танысу. Бөлім (топ) басшысына ішкі бақылау қызметінің жағдайын жақсарту бойынша ішкі бақылау және тексеріс қорытындылары бойынша нақты ұсыныстар енгізу. Бөлім (топ) басшысына бақылау іс-шараларын жүргізуге қатысуға мемлекеттік мекемелердің, Департаменттің қарамағындағы құрылымдық бөліністер мен ұйымдардың басқа да қызметкерлерін тарту туралы ұсыныстар енгізу. Қаржы-шаруашылық қызметі мәселелері және ішкі бақылау жұмысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ІІМ-нің нормативтік, нұсқамалық, ақпараттық құжаттары жобаларын дайындауға қатысу. Мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларын сақтауын тексеруді жүзеге асыру. Мемлекеттік мекеменің стратегиялық және операциялық жоспарларының іске асырылуын бақылауды, нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру. Департаменттің қарамағындағы мемлекеттік органның, бөліністер мен ұйымдардың есепке алуды және есеп беруді жүргізу шынайылығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру. Бақылау объектілеріне жолданған ұсынымдардың және ішкі бақылау қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Бақылау іс-шараларының материалдарын қорыту және талдау, бөлім (топ) жұмысының нәтижелері туралы Департамент бастығына баяндама дайындауға көмектесу. Бөлім(топ) жұмысы туралы қажетті есепті белгіленген мерзімде уәкілетті органға және Ішкі істер министрлігінің ішкі бақылау қызметіне ұсыну. Ішкі бақылау жүргізуге байланысты хаттарды, шағымдар мен өтініштерді және бөлімнің(топтың) құзыретіне кіретін басқа мәселелерді қарау. Оны ревизиялау бригадасының басшысы етіп тағайындау кезінде бригаданы жасақтауды қамтамасыз ету,қажетті құжаттарды (бұйрық, жоспар, бағдарлама) дайындау және нұсқама жүргізу. Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде мемлекет мүддесінен шығу, принципті, объективті, тұрақты және дәйекті болу, бұл ретте Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика ережесі мен заңдылықты сақтау. Күнделікті қызметтік жұмыс процесінде мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету. Қызметтік тәртіпті сақтауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының жолын кесу және ескерту бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу. Ішкі бақылау жүргізу кезіне Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының талаптарын сақтау.
С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*
4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.*
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс. Мемлекеттік, ағылшын тілдерін білуі және компьютерде жұмыс жасай білгені құпталады. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
3. Зеленов ауданының ішкі істер бөлімі көші-қон полициясы тобының бас маманы, С-R-4 санаты, №77, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы-мемлекеттік еңбек өтілі жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
«Білім, гуманитарлық ғылым, құқық, әлеуметтік ғылымдар және бизнес» мамандықтары бойынша жоғары білім.
Функционалдық міндеттері:
Жергілікті жерге барып, тұрғындарды құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша заңдылықтың сақталуын тексеру. Азаматтар мен заңды тұлғалардың тұрғындарды құжаттандыру және тіркеу бойынша шағымдарын қарау. Жоғарғы басшы органдарға бөлім қызметінің жұмысын ұйымдастыру және қажетті жағдайлар туралы ұсыныстар түсіру. Тұрғындарды құжаттандыру және тіркеу меселері бойынша оң тәжірибелерді талдау, қорыту және методикалық материалдарын әзірлеу. Азаматтарды құжаттандыру және тіркеу бойынша заңнамаларды қолдануды сараптау және қорыту. Қазақстан Республикасы тұрғындарды құжаттандыру және тіркеу ережесін ішкі істер органдарымен нұсқауға сәйкес қатаң қолдануын бақылау. Бөлімде ай сайын қатаң есептегі бланкілерге ревизия жүргізу, қалалық басқармасын қатаң есептегі Н-1 арызы бланкілерімен, уақытша жеке куәліктерімен, азаматтарды тіркеу кітаптарымен сұрау хаттары бойынша қамтамасыз ету. Белгіленген нысан бойынша қатаң есептегі бланкілердің, айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есептерін дайындау.
С-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*
4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.*
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс. Мемлекеттік, ағылшын тілдерін білуі және компьютерде жұмыс жасай білгені құпталады. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
4. Казталов ауданының ішкі істер бөлімі көші-қон полициясы тобының бас маманы, С-R-4 санаты, №79, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы-мемлекеттік еңбек өтілі жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.

* Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін «Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті» ММ құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментіне өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық комиссияның шешіміне қатысты уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.
Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |