№39 жалпы білім беретін орта мектеп
Дарынды оқушымен жұмыс
Физика пәні мұғалімі: Ондабаева Ш.М.
2023-2024 оқу жылы
Физика пәнінен бойынша дарынды оқушылармен жұмыс жасау жоспары
№
|
Өткізілетін іс-шаралар
|
мерзімі
|
жауапты
|
1
|
Күрделі тақырыптарды талдау
|
ай сайын
|
Ондабаева Ш
|
2
|
Теориялық есептерді шығару
|
апта сайын
|
Ондабаева Ш
|
3
|
Жеке консультациялар жүргізу
|
ай сайын
|
Ондабаева Ш
|
4
|
Жаңа технологияларды және оның кейбір элементтерін қолдану
|
жыл бойына
|
Ондабаева Ш
|
5
|
Ғаламтормен байланыс жасау
|
ай сайын
|
Ондабаева Ш
|
6
|
Дәстүрлі емес сабақтар өткізу
|
жыл бойына
|
Ондабаева Ш
|
7
|
Шығармашылық байқаулар өткізу
|
жыл бойына
|
Ондабаева Ш
|
8
|
Күрделі тест жұмыстарымен жұмыс жасау және оларды құрастыру
|
ай сайын
|
Ондабаева Ш
|
Пән мұғалімі: Ондабаева Ш.М.
Олимпиада есептері
Есеп №1. Электр пеші 10 мин уақыт ішінде, 20∘ С температурада алынған массасы 1 кг суды буландыруы қажет. Пештің қыздырғышы ретінде, көлденең қимасы 0,5 мм2 нихром сым қолданылған. Егер пеш 120 В кернеуге есептелген және оның ПӘК-і 80% болатын болса, онда нихром сымның ұзындығы қандай болғаны? Нихромның меншікті кедергісі 1,1⋅10−6 Ом⋅м, судың меншікті жылу сыйымдылығы мен меншікті булану жылуының мәндері сәйкесінше 4,2 кДж/(кг⋅К) және 2,26⋅103 кДж/кг. (5 ұпай)
комментарий/решение(1)
Есеп №2. Қимасы �=3⋅10−2 мм2 мыс өткізгішті қыздырған кезде оның кедергісі Δ�=2,5 Ом шамасына артты. Мыс тығыздығы �=8,9⋅103 кг/м3, ал меншікті жылусыйымдылығы �=390 Дж/(кг⋅К), кедергінің температуралық коэффициенті �=3,9⋅10−3 К−1, меншікті өткізгіштік �=5,70⋅105 Ом−1⋅см−1. Қыздырған кезде өткізгіштің ішкі энергиясының өзгерісін табыңыз. (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №3. Жұқа линза беретін тура кескін мен дене арасындағы қашықтық, линзаның фокустық арақашықтығының жартысына тең. Дене қандай үлкейтілумен кескінделгенін табыңыз. (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №4. Қорғасын оқ бөгетке соқтығысып, толығымен балқып кетуі үшін қандай жылдамдықпен ұшып келуі тиіс? Оқтың бастапқы температурасы 27∘ С. Оқ қозғалысының барлық энергиясы соқтығыс кезінде жылуға айналады деп ұйғарылады. Қорғасынның балқу температурасы 327∘ С. Қорғасынның меншікті жылусыйымдылығы 130 Дж/(кг⋅К), қорғасынның меншікті балқу жылуы 25 кДж/кг. (5 ұпай)
Достарыңызбен бөлісу: |