8 сынып. Физика
4-ші тоқсанға арналған «Жарық құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау жұмысы
1-нұсқа
Оқу мақсаттары:
8.5.1.4 – жазық айнада дененің кескінің алу және оны сипаттау
8.5.1.7 – жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару
8.5.1.13 – жұқа линзада сәуленің жолын салу және кескінге сипаттама беру
Бағалау критерийлері
Білім алушы
Жазық айнада дененің кескінің бейнелейді және оны сипаттайды;
Жұқа линзада сәуленің жолын салады және кескінге сипаттама береді
Жұқа линза формуласын есептер шығару үшін қолданады;
Ойлау дағдыларының деңгейлері: қолдану
Орындау уақыты – 20 минут
Тапсырмалар
1.Осы сөздердің айнадағы бейнесі қандай? [2]
2. Вакуумдегі жарық жылдамдығын 3*108м/с.
Келесі материалдардың сыну көрсеткішін есептеңіз [2]
Орта
|
Ортаның жарық жылдамдығы
|
Сыну көрсеткіші
|
Поликарбонат
|
1,9*108м/с
|
|
Сапфир
|
1,7*108м/с
|
|
3a.Жұқа линзамен алуға болатын А нәрсе үшін кескін салыңыз. [2]
3b.Кескінге сипаттама беріңіз. [3]
4. Нәрсе мен линза арасындағы қашықтық 4см және линза мен кескіннің арасындағы қашықтық 6см. Линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін есептеңіз.[3]
Жалпы[12]
Балл қою кестесі
Бағалау критерийлері
|
Тапсырма
№
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Жазық айнада дененің кескінін
бейнелейді және оны сипаттайды
|
1
|
Кескінді дұрыс бейнелейді
Кескінге байланысты арақашықтарды көрсетеді
|
1
1
|
Жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару
|
2
|
Сыну көрсеткіштің формуласын жазады
Формуланы қолданып сыну көрсеткішін анықтайды.
|
1
1
|
Жұқа линзада сәуленің жолын
салады және кескінге сипаттама береді
|
3
|
Екі сәуле жүргізеді
Кескінге 3 сипаттама жазады
|
2
3
|
Жұқа линза формуласын
есептер шығару үшін қолданады
|
4
|
Формуланы дұрыс қолданады
Бас фокусты формула арқылы есептеп табады
Оптикалық күшті есептейді
|
1
1
1
|
Жалпы балл
|
12
|
Достарыңызбен бөлісу: |