Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарда тұратындардың негізгі контингенті – мүгедектігі бар адамдар. Олардың саны – 24 724 адам немесе қызмет алушылардың жалпы санының 61,3%-ы
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарда тұратындардың негізгі контингенті – мүгедектігі бар адамдар. Олардың саны – 24 724 адам немесе қызмет алушылардың жалпы санының 61,3%-ы.
Бүгінде Қазақстанда қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған 48 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді, онда 5 756 адам тұрады. 2021 жылы 53 қарттар үйі жұмыс істеді, онда 7 321 адам тұрды.
Қарағанды қаласындағы қаттар үйлері: Благодать, Милосердие, Седой рай, Добро, Добрые руки, Дворянское гнездо, Забота
Қарттар үйінде тұруға кімнің құқығы бар?
Қарттар үйінде тұруға кімнің құқығы бар?
- Қарт азаматтар (60тан асқан ер адамдар, 55тен асқан әйел адамдар);
- 18 жастан асқан 1 және 2 топ мүгедектер;
- Басқа адамнан толық немесе толық емес күтімді қажет ететіндер;
- Мекемеде тұруға медициналық қарсы көрсетілімдер жоқ қарттар.
Қарттар үйінде тұру ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін: тұрақты тұру, уақытша тұру немесе аптасына 5 күн.
Мемлекеттік қарттар үйіне түсу қарт азаматқа немесе оның туыстарына мекен жайы бойынша әлеуметтік халықты қорғау ұйымына өтініш жазып келесі құжаттармен жүгіну қажет: төлқұжат, тұрғын үйі бойынша отбасы мүшелері туралы анықтама, азаматтың дансаулығы мен қарттар үйінде тұруға қарсы көрсеткіштері жоқ туралы қорытынды, мүгедектікті растау туралы анықтама, азаматтың медициналық картасы және психиатр дәрігермен қоса дәрігерлер комиссиясының қорытындысы.
Қарттар үйлер саны көбіне нуклеарлы отбасы типы кең таралған және үлкен кісілер мен жастары бөлек тұратын отбасылар кең таралған елдерде көп. Мысалы: АҚШ, Солтүстік және Батыс Еуропа, Жапония. Бірте бірте қарт адамдарды күтудің осы формасы бұрынғы социалисттік бағыттағы елдер арасында да тарала бастады. Басқа елдерде қарт адамдар көбіне үйдің үлкен балаларымен немесе басқа туған туыстарымен тұрады. Және де жиі Еуропада қарт адамдарға күтім көрсету үшін кедей отбасыларынан адамдарды жалдайды, әсіресе әйел адамдарды немесе медициналық білімі бар, инъекциялар жасай алатын, капельница қоя алатын адамдарды жиі жалдайды.
Қарттар үйінің басты мақсаты - қарттар мен мүгедектердің оңалуы мен бейімделуін жүзеге асыру, жасы мен денсаулық жағдайына қарап, олардың тұлғалық дамуына, қоғамдағы өмірге ықпалдасуына тұрмыс жағдайларын жасау.
Күн сайын 6 дәрігер мен 15 шақты медбике медициналық күтімді қамтамасыз етіп отырады. Сонымен қатар, терапия жүргізіп, күшейтілген күтім жасау үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген бірнеше физиотерапия өткізіледі. Мұның бәрі, әрине, қарттардың денсаулығы үшін. Еңбек бөлмесінде қарттар өз қолдарымен түрлі сән және безендіру бұйымдарын жасайды. Олардың туындылары үйдің қабырғалары мен сөрелеріне ілінеді.
Сонымен қатар, қызмет алушылардың жасы мен дене ерекшеліктерін есепке алатын арнайы жаттығу құрылғыларымен қамтылған емдеу-дене шынықтыру кабинеті де бар екен. Онда қариялар спортпен шұғылданып, бір сергіп қалады. Сонымен қатар, қарттардың тоғызқұмалақ, шахмат, волейбол, футбол секілді спорт түрлеріне деген қызығушылықтары да жоғары. Олар барлық жаттығу, спорт түрлеріне арналған құралдармен қамтамасыздандырылған.