"Қарттарым, аман-сау жүрші"



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі22,94 Kb.
#91556
1   2
Байланысты:
тәрбие сағаты

№2 оқушы:
«Өткізген талай уақыт қыс-жаздарың
Көп пе екен айтар бізге мұң наздарың
Еңбегімен бөленген нұр алғысқа
Армысыздар! Құрметті қарияларым!»

2 жүргізуші:


«Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?!»
3 оқушы:
Дүниеге келер бір рет
Дария кеуде тау – мүсін
Құрыштай күйген құдірет
Қарттарым, аман-саумысың?

1 жүргізуші:


Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
4 оқушы:
Өздерің болсаң жанында
Ел іші жомарт, еңселі
Дән исі сіңген қанында
Даламның бір-бір бөлшегі

2 жүргізуші:


«Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі. Қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмытуға болмайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек.»
5 оқушы:
«Қарттарымыз – ардақты, асыл жандар
Ізгі ісімен мерейі тасығандар
Даналықтың сәулесі мол нұр көшінде
Шуақ боп, шапағат боп шашылғандар»

1 жүргізуші:


«Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.»

6 оқушы:


«Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген
Ұрпақтарын сүйген таза көңілден 
Тағылым беріп жас ұрпаққа қашан да
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден»

7 оқушы:


«Ізгілікті он бойына жинаған
Балаларына жан жылуын сыйлаған
Тәрбиелеп жаңа адамын Отанның
Ардақтысы болған елдің қария»


Қорытынды:
«Аса құрметті қарт-қариялар, Сіздер сый-құрметке лайық жансыздар. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз бүгінгі ұрпаққа ұлағатты үлгі болып табылады.
Осындай халықтың ыстық ықыласына бөленіп, еңбек еткен ардақты қарияларымызға зор денсаулық, отбасыларына амандық тілей келе, бүгінгі шағын мерекелік кешімізді тәмамдаймыз. Сау болыңыздар!»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет