Арттерапия келесi мақсаттарға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi: Агрессивтi көңiл-күйден және негативтi әсер етушi сезiмдерден босануға жол ашады. Суретпен, картинамен, скульптурамен жұмыс жасау қауiптi емес екенiн дәлелдейдi.
Емдiк процестi жеңiлдетедi. Өзi сезбейтiн қарама-қайшылықтарды және уайымдауларды вербальды психотерапиялық процеске қарағанда, сурет арқылы ашып салу оңайырақ болады.
Диагностикалық қорытынды мен интерпретация жасауға қажеттi материал алуға болады. Творчестволық еңбектің жемiсi ұзақ өмiрлiк нәтиже болып келедi. Клиент оның шындықтағы факт екенiн жасыра алмайды. Шығармашылықтың стилi мен мазмұны терапевтке пациент жөнiнде қосымша ақпарат бередi.
Пациенттiң жасырып қалуға бейiмделген ойлары мен сезiмдерiн көрсете бiлу. Өте қатты уайым-қайғыларын және сенiмдерiн көрсетудiң бiрден-бір жолы кейде вербальды емес қарым-қатынас болып табылады.
Терапевт пен клиент арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтiру. Творчестволық iс-әрекетке бiрiгiп әрекет жасау қатынастағы эмпатиямен бiр-бiрiн жақсы қабылдауға ықпал етедi.
lштей бақылау сезiмдерiн дамыту. Суретпен, картинамен немесе скульптурамен жүргiзiлген жұмыс түстер мен формаларды бiрыңғай қалыпты қолдануға көмек бередi.
Түйсiну және сезiну арқылы зейiндi бағыттау. Творчестволық жұмыспен айналысу кинестетикалық және көру түйсiктерiмен эксперименттеуге өте бай жағдай жасайды және де олардың қабылдау қабiлеттiлiгiн дамытады.
Шығармашылық қабiлетiн дамытады және де өзiн-өзi бағалауын жоғарылатады. Арттерапияның ең негiзгi маңызды мәнi, ол жасырын таланттарын ашып және оны дамытуда қанағаттанушылық сезiмiн сезiндіру болып табылады. Сонымен қатар, өзінің мүмкіндіктерін танып-білу арқылы өзін-өзі бағалауы жоғарылайды.
Арттерапияны жеке адаммен немесе топпен өткiзуге болады. Арттерапевт арттерапияға қатысушыларды қажет құралдармен қамтамасыз етуi керек, олар: краска, қаламсап, қағаз, түрлi-түстi карандаштар т.б немесе қатысушыларға өздерiң әкелуге болады деп айтуға да болады. Арттерапия жүргiзер орын кең, ауасы таза болуы тиiс. Қатысушылар онда еркiн қозғала бiлулерi қажет. Арттерапевттiң атқаратын функциясы айтарлықтай қиын әрi ситуацияға байланысты ауысып отырады. Ол өнер мен творчествоның белгiлi бiр қағидаларын бiлiп, үйренген болуы тиiс. Өйткенi арттерапияны жүргiзiп жатқан кезде творчествоның, өнердiң белгiлi бiр техникалық қабылдауларын түсiндiрiп қана қоймай, оны iс жүзiнде көрсетуi қажет болады. Арттерапевт сурет творчествосымен өзi шұғылданып жүруi тиiс, ол оған көптеген процестердi анық сезiнiп, түсiнуiне көмектеседi. Арттерапевт қатысушылардың Әрқашанда ақыл-ойын, психикалық жағдайын, олардың жеке дара ерекшелiктерiн, дайындықтарын және өзге де факторларын есепке алып отырулары қажет. Арттерапия жүргiзер алдын ол қатысушылармен олардың проблемалары жөнiнде әңгiме қозғауы керек. Өйткенi қатысушылар арттерапевттi арттерапияға қатысушы топтың бiр мүшесi ретiнде қабылдаулары тиiс. Сонда ғана арттерапевттiң өтілетін сабаққа қатынасуы оларға бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасауына керi әсерiн тигiзбейдi. Мұнда арттерапевт қатысушылардың эстетикалық дағдыларын дамытушы ретiнде қатысады. Арттерапиямен жұмыс iстеудiң бiрiншi этапы, ол қайшылықтарды жеңе бiлу болып табылады. Ол “lстей алмаймын деген комплекстi” жеңудiң бiрден - бiр жолы. Клиентті болып жатқан ситуацияға қызықтыру керек, сонымен қатар оның эмоциясы мен қызығушылығына, көзқарасына сәйкес, оны теоретикалық әңгiмеге тарта отырып, оған пайдалы әрi айналысатын жұмысына қажеттi ақпарат берiп отыруы керек. Жұмыстың ақпараттандыру этапы, ол – клиенттің өнердiң техникалық жақтарымен танысуы, яғни оған жалпы өнер туралы мағлұматтарды жеткiзуден тұрады. Бұл этапта әлеуметтiк-коммуникативтi характердiң сұрақтары шешiледi.
Арттерапияда тек қана белгiлi бiр тақырыпты таңдап алу талап етiлмейдi, керiсiнше арттерапияға қатысушылардың өмiрiнiң әртүрлi жақтарын қамтитын тақырып болғаны дұрыс.