Арттыру институты


«Музыкалық аспаптар дүкені» ойыны



Pdf көрінісі
бет106/108
Дата08.02.2022
өлшемі6,67 Mb.
#120426
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108
Байланысты:
ТРИЗ

 
«Музыкалық аспаптар дүкені» ойыны
Ойынның мақсаты:
Балаларға арналған музыкалық аспаптардың дауыс 
тембрін ажыратуға үйрету. Аспаптарда өз еріктерінше ойнауға, 
шығармашылыққа баулу.
Ойынның шарты
: Балалар аспап түрлеріне сәйкес бірнеше қатар болып 
отырады. Муыка жетекшісі ширма артында аспапта ойнайды, балалар 
дауысын ажыратып, суретті картолчкалардан көрсетеді.
«Музыка бояулары» ойыны
Ойынның мақсаты:
Музыка сипатын ажырату. Ән, Би, Вальс, Марш 
жанрларын ажырата білуге ықпал ету. Түрлі-түсті желпуіштердің түсіне 
қарай жанрларды ажырату.
Ойынның шарты:
Жасыл түс-ән айту, Қызыл түс-көңілді билеу, Сары 
түс-вальс ырғағы, Көк түс-марш ырғағы екенін түсіндіру. Музыкалық 
шығарма тыңдалады, бірнеше рет қайталап, желпуіштермен жаттығу жасай 
білуге үйретеді. Балалар түрлі жанрдағы музыканы тыңдап, желпуіштерді 
көтеруге үйренеді.
Осы ойындардың арқасында орыс тілде сөйлейтін, сөйлемді дұрыс құра 
алмайтын балаларға көп пайдасы тиеді. Бала тілін дамытуда ӨТШТ 
технологиясын қолдану арқылы балалардың түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын 
молайтып, ұғымын байыту мен қатар ойлау белсенділігін арттыру, тілдерін 
ширатып, өз бетімен жұмыс жүргізуін дамыту мен өз ойын еркін жеткізе 
білуде көптеген жұмыстар жүргізілуде.
ӨТШТ технологиясының тиімділігі бала тілін дамытуда, қоғамдық және 
әлеументтік түсінігін кеңейтуде, сөздік қорын молайту, үғымын байыту мен 
қатар ойлау балсенділін арттыру, өз бетімен жұмыс жүргізуге баулуға, өз 
ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыруда тиімді. Тәуелсіз 


77 
еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі – бүгінгі күннің өзекті 
тақырыбы. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмысты 
үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы мектепке дейінгі ұйымдарда баланың 
білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына 
сіңірген шәкірт тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор. Олай болса педагог 
тәрбиешінің алдындағы басты міндет – ХХІ ғасыр білім ғасырының есігін 
еркін ашып кіретін, дүниежүзілік мәдениетті танып, ұлттық бай, ой-өрісі 
дамыған, тәрбиелі, білімді, заман талабына сай белсенді
ұрпақ 
тәрбиелеу.Мектепке 
дейінгі 
балалық 
шаққа 
бейімделген 
ӨТШТ 
технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауды үйретеді, 
және оның бойында шығармашылық қажеттілікті дамыта отырып, оның 
қызығушылығына сүйене отырып, шығармашылыққа жүйелі түрде жетелеуге 
мүмкіндік береді. Қорыта айтқанда заманымыздың болашағы – жас ұрпақтың 
ой-өрісін жоғарлату, тілдік, шығармашылық, әлеуметтік, таным және 
денсаулық құзіреттіліктерін арттыру, рухани байлығын, тапқырлық 
тапсырмаларды шешу теориясының негізгі түсініктерімен таныстыру, 
проблемалық жағдайдан шығу жолын іздеуде алған білімдерін қолдануға 
үйрету, әрбір тәрбиешінің міндеті. ӨТШТ балалар мен педагогты ойлануға, 
шығармашылықты көрсетуге ынта-ландырады. ӨТШТ педагогикалық қарым- 
қатынасы негізінде жасалып, бала мен педагогтың ынтымақтастығын жолға 
қояды. Балалардың жетістікке жетуіне жағдай туғызады. Өздерінің күштері 
мен мүмкіндіктерін пайдаланып, олардың қоршаған ортаға деген 
қызығушылығын қолдайды.Балада танымдық қызығушылықтың болуы-
олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, басқа да іс-
әрекеттерге жағымды әсерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі байқалып 
өз нәтижесін көрсетіп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет