Дәстүрден тыс арқылы сурет салу (саусақ бастырмасы)
Қолдану ережесі:
- бояуды жайпақ табаққа, суды кішкентай құмыраларға құю, ал алақанмен сурет
салғанда бояуды табаққа құйған жөн;
- әр саусақты бір түсті бояуға батыру,қағазға түсіріп болған соң құмырадағы суға
жуып, қағаз сүлгімен немесе ылғал шүберекпен сүрту керек.
Бастыру әдісі арқылы сурет салу.
«Бастыру әдісі»:
Әртүрлі заттармен
бастыру арқылы сурет салу балабақша дәстүріне
айналып келеді.
Аталмыш техника арқылы жұмыс істеу балаларда жағымды эмоция
тудырады, таныс тұрмыстық заттарды көркем сурет салуға қолдану мүмкіншілігін
ашады.
Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Мысалы: жапырақ, түрлі
өсімдіктер,
поролон, көкөністер, жүн, алақан,қарындаштың теріс бөлігі, жіп;
Дәстүрден тыс әдіспен сурет
салуды үйренген бала, өз бетінше бастыру құралдарын іздеп тауып көрсетеді.
Бұл баланың өмірге шығармашылықпен қарауының, кез келген затты әр түрлі
мақсатта
қолдана білу іскерлігін дамытудың алғы шарты болып табылады.
|