Арттыру ұлттық орталығы акционерлік


Үш дағдарысты ойлап, адамның санасын өзгерту керек



бет11/66
Дата21.10.2023
өлшемі237,54 Kb.
#187266
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66
Байланысты:
Àðòòûðó ?ëòòû? îðòàëû?û àêöèîíåðë³ê

Үш дағдарысты ойлап, адамның санасын өзгерту керек:


-Руханилықты ояту керек;
-Ой таза болу керек;
-Жақсы сөз сөйлеп, жақсы іс-әрекет істеп, жақсы нәрсе тыңдау, жақсылық тілеу керек;
-Адамдарға нұр жіберу керек т.б
Ой, сөз, іс-әрекет осы үшеуі сәйкес келгенде ғана ол- РУХАНИ АДАМ.

Жаһанданудың басты мәселесі - жалпыадамзаттық құндылықтардың құнсыздалуында.


Қазіргі замандағы жаһандық мәселелер алдында адамзат болашағын зерделеуші, «Рим клубы» халықаралық зерттеу орталығын негізін қалаушы Аурелио Печчеи, бұл мәселені шешу жолдарын қалыптастырды: Егер де біз техникалық революция құрып, адамзаттың өзіне лайық болашағына бағыт бергіміз келсе, ең алдымен адамның өзін өзгерту туралы ойлауымыз қажет».
А.Печчеи ең алдымен тұлғаның және қоғамның әлеуметтік қағидаларының өзгерістерін нұсқай отырып, адамзаттың материалдық құндылығын рухани құндылықтарға айырбастауды меңзейді.
«Үшінші мыңжылдық - бұл адамзаттың ішкі жан дүниесінің ашылуы. Егер де өткен ғасырда материалдық жағынан өрескел ғылым болса, онда келер ғасыр
– ішкі жан дүниеміздің ашылу ғасыры болып есептелінеді. Ең алдымен рухани күш-қуатымыз бен риясыз жігеріміздің болуы» -деген О.Гадетский
Адамның сыртқы және ішкі әлеуеті ақтық мәндеріне жақындағанда ағзасының бейімделгіштік мүмкіндіктері де сарқылады. Ол шектен аттаған адамзатты опат күтуде. Аталған жаһандық мәселелерді шешу тұтынушылық идеологиясынан арылып, рухани-адамгершілік бағытына бұруды талап етеді. Өркениет дамуының жаңа жолдарын табу адамзаттың ішкі түбегейлі өзгеруінен басталуы керек. Адамзаттың түбегейлі жаңа супержүйе ретінде ортақ тағдыр және жауапкершілікпен байланыстырылған жалпығаламшарлық бірлігі артып, жаңаша ғаламшарлық ойлау стилінің қажеттілігі пайда болды. Адам жанына тыныштық орнаса, отбасында да тыныштық пен береке болады. Отбасында тыныштық орнаса, қоғамда да тыныштық пен үйлесімдік болады. Қоғамда тыныштық орнаса, бүкіл ғаламда үндестік пен тәртіп сақталады. Адам болмысының мәңгілік сұрақтарына жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту, өз бастауларымызға оралу қажет екендігіне еш күмәнім жоқ.
Біз, ХХ ғасырдың есінен айырылған перзенттері, осынша заманнан бері ұстаным етіп жүрген «өркениетті этикеттен» өмір этикасына оралуымыз керек деп тұжырым жасайды Сара Алпысқызы. Бүкіл адам бұл құндылықтарды танып, ежелгі заманнан мөлдір таза бұлақтан сусынданған. Соңғы онжылдықтарда
өркениеттің қарқынды ырғағына ілескен замандастарымыз өз астауларына жеткізер жолдарын мүлдем ұмытты. Менің нанымым бойынша, сол бір мөлдір таза рухани бұлаққа апарар жол іздеу–әрбіріміз үшін мақсаттың мақсаты ... ол жолды адамның өз-өзі жайлы білім Сарайына жеткізер жол деп те атауға болады. Әрбір адам бойында күн бар. Оны тек жарқырата білу керек. Өз ішкі дүниеңе үңіліп, ондағы ақиқат ұшқынын тап. Ол ақиқат ұшқынын Жаратушы әрбір жүрекке салған, ал оны үрлеп алаулату әркімнің өз қолынан ғана келеді. Өзін-өзі білетін адам өзі үшін не жақсы, не жаман және қолынан не келіп, не келмейтіндігін байқап, айырмашылығын анықтайды. Тәрбиелеу кезінде білімге негізделген қасиеттерден туатын іс-әрекет жасау дағдысы сіңіріледі, жігерлендіріледі. Ағарту, білім беру және ғылыми зерттеулер барлық болмысты өзара байланыстырушы әмбебапты қатынастар болғанда ғана білім беру дегеніміз адамды бірегей даналық, игілік пен үйлесімділік көзіне ұмтылдыру – басты мақсатына жеткізеді.
Білім беру кеңістігін ізгілендіру жолдары:Өктемшіл педагогика, ізгілік педагогикасы, рухани-ізгілік педагогикасы.
Рухани ізгілік–бүкіл білім беру саласын тізіп өтуі тиіс. Өзін тұлға ретінде сезіну, адамгершілік нысаналарын іздеу, өмір мәнін және өмірдегі өз орнын таба алу–әрбір адам үшін бақытты болудың негізгі шарттары.Тек игілік, тыныштық, ізгілік,сүйіспеншілік, руханилық арқылы өктемшілдік пен оның салдары– қоғамдағы руханисыздық және азғындықты еңсеру–педагогикалық сананы өзгертуге әкеле алады деген-Шалва Амонашвили


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет