Либералдықстиль : Әр нәрсені айтып, бәрін дұрыс деу. Педагогтар үшін ешқандай мақсат-мүдде болмайды, яғни тек қана дәрісін өткізсе болды, басқаға бас ауыртпай жүретіндер.
Ізгілікстиль: Бұл педагогтар шәкірттерін адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелейді.
Мұғалімдерге арналған ереже
Басқаға үйреткеніңізді алдымен өзің орындаңыз
Бірінші ережеге қара
МҰҒАЛІМНІҢ НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМЫ
Әр күні жағымды ойлауға жаттығыңыз. Бұл әлемді тану үшін сананы тікелей тыныштандыратын және бақылайтын әдіс.
Күні бойы барлық адамдарға махаббат нұрын сыйлаңыз.
Ұйықтар алдында бірнеше минут бүгін күні бойы не істегеніңізді еске түсіріңіз, одан да үлкен нәтижеге қол жеткізуге шешім қабылдаңыз.
Ашуыңызды бақылаңыз.Есте сақтаңыз, егер адам Сізбен ұрысқанда, ашуланып намысыңызға тигенде ол өз ашуыңызды бақылауыңызға көмектеседі. Егер ашуланғаныңызды байқасаңыз:
-стаканмен салқын су ішіңіз;
-айнаға қарап өз жүзіңізді көріңіз;
-емін-еркін тыныш жатыңыз;
-ашуланған жерден тез кетіп қалыңыз; 5.Тыныштандыратын қасиетті сөздерді айтыңыз.
Адамгершілік-рухани құндылықтарға байланысты көңіл-күйді көтеретін әндер айтыңыз.
Жақсы достардың ортасында болыңыз.
Басқаларға тыныштықты сыйлауға жалықпаңыз, жұбатуға, қызмет қөрсетуге. 9.Тыныштық сақтауға тырысыңыз. Жұмсақ және жағымды ырғақпен сөйлеңіз. 10.Өз тынысынызға мән беріңіз.
Күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстаныңыз.
Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүр.
Тыныштық сақтай білуге үйрен. Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан. 16.Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі деген нақыл сөз жаныңда жүрсін.