Сабақ өте қызықты, тиімді өту үшін мына бес ережені сақтауымыз керек:
1.Тәртіп 2.Талап 3.Тыныштық 4.Тазалық 5.Татулық
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпке көнбеген ел болмайды»
Б.Момышұлы.
Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек–осы төртеуі кімнің бойында болса, сол шын АДАМ болады деп тұжырым жасайды Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға, негізгісі–адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуы керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныш өмір сүруге мүмкіндік жоқ...
Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал арлы, ақылды адам қиянатты,зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді. Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен бірі тату тұруында сөз жоқ. Адам баласы адами қасиеттері арқылы жер бетіндегі жақсылықтың жалғастырушысы екенін сезінсе мына қасиеттерін байыта түсері сөзсіз.
Негізгі қасиеттері:
Барлығын бір түсіністікпен түсінеді. Барлығын махаббатпен өзінен шығару. Қайырымдылықты іс-әрекеттерімен көрсетеді.
Табиғатқа деген қарым-қатынасы ерекше, барлық табиғат заңдылықтары мен табиғи баланстарды сақтауды қалайды.
Жақсыны естуге, жақсыны көруге жаны құмар
Қиянат жасамау тек зияндық жасамауды білдірмейді, оның әрекеті басқа адамдардыңда қиналысын жеңілдетуін де білдіреді деген Махатма Ганди .
Бізді құртатын–ұстанымсыз саясат, ар-ұждансыз ләззат, еңбексіз байлық, сипатсыз білім, имансыз бизнес, адамгершіліксіз ғылым және құрбансыз дұға.
Егер бүкіл әлемде нағыз тыныштық заман болсын десек, онда балалардан бастау керек. Абай
Ұстаз! Сақ бол! Қателеспе! Зақымдама! Оқушы үшін сенім бол! Балаға арна өзіңді! Неге ұмтылу керек екенін біл! Бала жанының байлығын үнемі ізде! Баладан ғажайыптарды тосудан жалықпа, олармен кездесу үшін дайын бол!- депті Ш.А.Амонашвили.
Ұстаз қандай болу керек?
Балаларға сүйіспеншілікпен қарайтын
Әрбір баланың ерекшелігін құрметтеу, шыдамдылық таныттын 3.«Ізгі ақыл» мен «жылы жүрек»
Мәдениеттілікті жанына серік ететін
Оқу үрдісінде рухани-адамгершілік білім беруді ықпалдастыра білу шеберлігі болу керек
Баланы сүю үшін, олардан жүрекпен сүю, махаббатты жарыққа шығаруды үйренген жөн. Оқушының әр бір күні, әр бір сабағы педагогтардан балаларға сыйлық деп ұғыну керек. Педагогтың әрбір қарым-қатынасы оқушыға қуаныш пен қолайлылық орнату керек.
Келер ұрпақтың өмірге деген құлшынысы мен сенімділігін арттыру және кез-келген кедергілерден адамгершілікті сақтай отырып шыға алатын, рухани- адамгершілігі шыңдалған “Жақсы Адам” тәрбиелеу.
Адамның ішкі жан дүниесі тынышталса, оның отбасында да тыныштық болады. Ал отбасында тыныштық болса, қоғамда да тыныштық болады. Қоғамда тыныштық болса, мемлекетте де тыныштық болады. Халық даналығы
Ең бірінші адамның ішкі жан дүниесі рухани бай болу керек. Ондай адам қанағатшыл болады, қанағатшыл адамның материялдық қажеттілігі азаяды.
Ақыл-ой мен білім сақтайтын қоржын–ол адам мінезі. Ондай сенімді қоржынсыз адамның оқуынан ешқандай пайда болмайды. Адамның өз мінезін түзетуге деген ниеті болса бәрі де орындалады деп тұрған жоқ па Абай.
Ақылмен ойлап білген сөз, Бойына жұқпас, сырғанар. Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар–деп Абай атамыз айтқандай алған білімің тәрбиеңе негізделгенде ғана ұрпақ болашағы үшін алаңдамауға болатын шығар.
Барлығымыз жалғызіліктіміз және барлығымыз сүйіспеншілікке құштармыз.Әлемдегі ең үлкен мәселе–ол аштық.Тән аштығы емес,жүрек аштығы. Қарны аш адамды тойындыру қиын емес. Оның арып-ашқан жүрегін Жаратушыға деген сүйіспеншілікпен толтыру қиын.Ал,бұл мәселенің күрделілігі мынада:сүйіспеншілікті сыйлау–тек өзінің жүрегі таза адамның қолынан ғана келеді деген Терезе Ана.
“Оқушы үшін мектептегі ең маңызды, ең жанды үлгі-өнеге тұтатын ұлағатты тұлға–ол мұғалім” А.Дистерверг.
Балалар білімді аңсайды,бірақ олар тірі білімді аңсайды.
Достарыңызбен бөлісу: |