Арттыру ұлттық орталығы акционерлік



бет4/66
Дата21.10.2023
өлшемі237,54 Kb.
#187266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Àðòòûðó ?ëòòû? îðòàëû?û àêöèîíåðë³ê

Достық.


Достық – адамдарды бір-біріне бауырмал, жақын ететін, кіршіксіз, таза, ізгілікті қарым-қатынас.Бір-бірлеріне пейіл-ықыластары түскен, жан-жүрегі қалаған, көзқарастары мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады.Адам досына ғана өз сырын айтады, мұңын шағады, шынын жасырмайды,еш нәрсесін бүкпелемейді.Дос болу дегеніміз–шынайы тілектестікпен араласу, керек кезінде қол ұшын беру, басына қиын жағдай туындаған кезде жанынан табылу, сыйлау, қадірлеу. Өзінің жан досы бар адам бақытты.


Достық туралы мақал-мәтелдер


Айырылмастай досыңа,қайырылмастай сөз айтпа. Достық–ол мінездің, ниеттің үйлесімділігі.


Адам өмірі адаммен.
Сен досыңның кім екенін айт,мен сенің кім екеніңді айтып берейін. Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын.
Достыққа адалдық – рухани өсиет.


Отбасы туралы мақал-мәтелдер
Қарға тамырлы қазақпыз.
Сұраса келе қарын бөле болып шығамыз.

Өз жұрттың - күншіл, Нағашы жұрттың–сыншыл,


Қайың жұрттың міншіл келеді.
Қартың болса, жазып қойған хатпен тең. Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.

Өз балаңды өскенше бағасың,


Немереңді өлгенше бағасың.
Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату. Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,
Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.

Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар.


Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.


Ағаның үйі – ақ жайлау.


Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.


Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады, Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.


Келінің жаман болса, ұлыңнан көр. Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.




ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР: ҰЛТТЫҢ ТІЛІ, ДІЛІ, ДІНІ, САЛТ- ДӘСТҮРІ, ӘДЕП-ҒҰРПЫ, ТАРИХЫ, МӘДЕНИЕТІ, ӨНЕРІ, ӘДЕБИЕТІ, МУЗЫКАСЫ, АТА МҰРАСЫ және т.б.


Еліміздің білім беру жүйесінде жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде руханилық пен адамгершілікке бағдарлап білім-тәрбие беру ісі өткір мәселе саналады. Осы тұрғыда «Өзін-өзі тану» пәні ұлттық құндылықтарды дәріптеуді, оны білім мазмұнына енгізу арқылы ұлттық тәрбие беруді, оны үздіксіз білім берудің көзіне айналдыруды, оның тереңдігі мен рухани шындығын балалық кезден бастап сіңіруді мұрат етіп отыр. Бұл орайда пән мазмұны арқылы ұлттық тәрбие беру желісі нені тұтқа етеді деген мәселеге келсек, мұндағы басты құрал оқу материалдары, яғни тақырыбы мен мазмұны жағынан бала рухын тербететін, жанын елжірететін, масаттандыратын, табындыратын, әсемдік сезімін, ар-намыс сезімін оятатын, білуге құмарлыққа, ақ көңілділікке, ерлікті көксеуге, күш-қайратты шыңдауға ұмтылдыратын–нағыз ұлттық, қазақша ойлайтын, қазақша сөйлейтін, тілеуі, қалауы, арманы қазақша болатын, өз бойынан ата-бабасының қаны мен рухын сезінетін, өз халқының би, батыр, шешен, даналарының өнеге-үлгісін ұстанатын, елінің тағдырына, тарихына жаны тебіренетін–көркем шығармалар,адамгершілік бастаулары, әдептілік қағидалары, өсиет әңгімелері, шешендік сөздері және т.б.
Міне, осындай қуат бойына дарыған жас ұлан келешекте бәсекеге қабілетті болатыны сенімді.«Өзін-өзі тану» оқулықтарында тақырыптық және мазмұндық таңдау жасау, әдістемеліжүйе құру арқылы ұлттық құндылықтар арқылы оқып- үйренуге тірек болған оқу материалдары, яғни ұлттық қазыналар, олар–ана тілі, ән-күй, өлең-жыр, ертегі және т.б.
Тіл. Халықтың өткені, жаны, бүкіл рухани дүниесі және барша шығармашылық ой-толғаныстарының ғажайып сыры тіл қойнауында бейнеленген. Мұның бәрі ана сүтімен бірге бала бойына дариды. Ең бастысы, осының бәрі «ананың тілі, аяулы үнімен» жеткені абзал.
Ән-күй. Бала бесік жырын тыңдап өсуі тиіс. Өйткені, алғаш рет баланың жан сезімін тербейтін, рухани жігер беретін – халық әуені. Қазақтың ән-күйлері сарынды, кең тынысты, шалқымалы болып келеді. Жанға жағымды нәзік әуендер адамға эмоционалдық- эстетикалық әсер береді.
Өлең-жыр. Ғажайып ғаламат сырға толы қазақтың өлең-жырлары адам жанын арбайды, үйлесімділік пен ырғаққа шырмайды, адам өмірі мен қоршаған әлемнің тылсым сырына үңілдіреді, рухани шаттыққа бөлейді. Баланың тілі шығып, хат тани салысымен ана тілінде жазылған нұрлы, қуаныш пен шаттыққа толы өлеңдерді естіп, тыңдап, оқып, айтып, тани бергені жөн.
Сонда бала жаны сүйіспеншіліктің, үміттің, сенімнің, арманның биігіне ұмтылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет